1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ


§2. Оғыз-қыпшақ дәуіріндегі фольклор



Pdf көрінісі
бет55/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   135
Байланысты:
Фольклористика

§2. Оғыз-қыпшақ дәуіріндегі фольклор 

 

«Оғызнамеге»  де,  «Қорқыт  Ата  кітабына»  да  ортақ  маңыз  –  Қазақстан 

мен  Орта  Азиядағы  тҥркі  жҧртына  тҽн  таным-тҥсініктер  мен  фольклорлық 

жанрлар,  сюжеттер  мен  сарындардың  молдығы,  оған  ҽбден  қаныққаны. 

Жырлар  о  баста  ауызша  шығарылып,  ауызша  тараған

2

.  Бҧл  екеуінде  де 



                                                

1

 Айдаров Ғ. Аталған еңбек. 32-б. 



2

  Ежелгі  жҽне  орта  ғасыр  ҽдебиетін  зерттеуші  қазақ  ғалымдары  VI-IX  ғасырлардағы  тҥркі  ҽдеби 

ескерткіштер, Х-ХІІ ғасырлардағы ҽдебиет, ХІІІ-ХV ғасырлардағы ҽдебиет жҽне осы хронологияны ҧстана 

отырып,  кҿне  тҥркі  (VI-ІХ  ғ.),  ислам  дҽуірі  (Х-ХІІ  ғ.),  Алтын  Орда  –  Қыпшақ  дҽуірі  (ХІІІ-ХIV  ғ.)  деп 




 

287 


оқиғаны баяндауда эпикалық ауқым бар. «Оғыз ҿзін қаған атап, жҧртқа хабар 

берерде  ҽйдік  той  жасады…  Қырық  сіре(ҥстел),  қырық  сҽкі  шаптырды. 

…Темір сҥңгілеріміз орман болсын… Кҥн туымыз болсын, Кҿк шатырымыз 

болсын  деді».  («Оғызнаме»),  «Бір  кҥні  Қам  Ғанҧлы  хан  Байындыр  орнынан 

тҧрыпты.  Шам  кҥндігін  жер  ҥстіне  тіктіріпті;  ала  ордасын  кҿкке  тірей 

қҧрыпты;  мың  жерге  жібек  кілем  тҿсепті;  тоқсан  баулы  ордаларын  қара 

жердің  ҥстіне  тіккізді.  Тоқсан  жерге  қызыл  ала  кілем  тҿсетті.  Тоқсан  тҿбе 

шатыр  тіздірді;  мың  жерге  қалы  кілем  тҿсетті.  Кҿлеңкелі  шатырын  кҿк 

жҥзіне  шалқыта  кҿтертті»  деп,  «Дерсе  хан  ҧлы  Бҧқаш  хан  туралы  жырда» 

жҽне  «Бегілҧлы  Еміре  ҽңгімесінің  баянында»,  т.б.  осындай  молшылықты 

кҿрсетіп, эпикалық ауқымдылықты пайдаланған. 

Шығарма  Оғыздың  асқан  ерлігін  дҽріптеуге  арналғандықтан,  оның  ҿзін 

де,  ҧлдарын  да  мифологиялық  ғажайып  туу  сарынымен  таныстырады. 

Оғыздың туу жағдайы: «осы ҧлдың ҿңі-шырайы кҿк еді, ауызы оттай қызыл 

еді,  кҿздері  қызғылт,  шаштары,  қастары  қара  еді.  Нҧрлы  періштелерден 

кҿріктірек еді. Осы ҧл анасының  кҿкірегінен  уызын татып кҿріп, одан кейін 

ембеді; шикі  ет,  ас,  шарап  сҧрады»  деп,  оның тілге  келгенін,  қырық кҥннен 

соң  ҿсіп,  жҥріп,  ойнағанын,  денесінің  де  адам  айтқысыз  ерекше  болғаны 

айтылады.  Оның аяғы – ҿгіздің аяғындай, белі – бҿрінің беліндей, жауырыны 

–  бҧлғынның  жауырынындай,  кеудесі  аюдың  кеудесіндей  деп  таныстыруда 

ежелгі тҥркілердің тотемдік танымы жатыр. Адамша сҿйлейтін бурыл бҿрінің 

жолбастаушы болуы – оның ғажайып кҿмекшісі, ал ҧлдарының алтын садақ 

пен  кҥміс  оқ  тауып  алуы  Қҧдайдың  ғажап  нҽрселерді  сыйлауы  -  ҽпсана-

хикаят жанрының сарындары.  

Оғыздың  қалыңдықтары  да  ерекше.  Бірі  кҿктен  жарық  тҥсіп,  одан  бір 

қыз  кҿрінеді,  одан  ҥш  ҧл  –  Кҥн,  Ай,  Жҧлдыз  туса,  екіншісі  –  ағаш 

қауашағындағы  қыз,  одан  да  ҥш  ҧл  –  Кҿк,  Тау,  Теңіз  дҥниеге  келеді.  Оғыз 

ҧлдарының есімі кҿк пен су, Ай мен жҧлдыз болуы оғыздар табынған ҿзіндік 

бір ҽлем, оларды  қасиетті деп тҥсінген сенім жатыр. 

Оғыз  қағанның  тарихи  тҧлға  не  жиынтық  бейне  болу  мҥмкіндігінің 

арасалмағын ажырату ҿте қиын. Кейбір зерттеушілер оны Модэ, Шыңғысхан, 

А.Македонский, т.б. нақты тҧлғаның прототипі десе, енді біреулері кҿрнекті 

тарихи  адамдарға  немесе  эпикалық  кейіпкерлердің  есімдеріне  байланысты 

фольклорлық шығармалардан кҿп нҽрсені бойына сіңірген жыр деп, кең ойға 

салғанымен, нақты деректің жоқтығынан бҧл қабылдауға тҧратын пікір. Сҿз 

жоқ,  бҧл  жырда  тарихи  оқиғалардың  сілемін  бір  кездегі  тҥркі  қағанаты, 

ҧйғыр  қағанаты,  селжҧқтармен  болған  соғыстар  сюжеттерді  қҧрайды. 

Сондықтан  сондай  соғыстардан  кейін  туған  аңыздар  жырдың  қайнар  кҿзі 

болады.  Тарихи  жағдай  –  Оғыз  атанған  қалың  елдің  болуы,  олар  ҿздерінің 

тҥпкі атасы деп Оғыз есімін қадірлеу бар. Мҧндағы Оғыз атау ретінде тарихи 

адам  болса  да,  ҿгіз  деген  тотемдік  нанымнан  шықса  да,  сол  елдің  мифтік 

санасымен арғы атаны ерекше кҥйде тану ҽрі таныту бар. Ол елдің басшысы 

                                                                                                                                                       

жҥйелеген  (Келімбетов  Н.  Қазақ  ҽдебиетінің  ежелгі  дҽуірі.  Алматы,  1986;  Ежелгі  дҽуір  ҽдебиеті. 

Хрестоматия. Қҧрастырған жҽне ҿмірбаяндық деректерді жазған А.Қыраубаева. Алматы, 1991). 



 

288 


болғандықтан қол астындағыларды қаңлы, қыпшақ, қалаш, қарлҧқ деп атауы 

о баста Оғыз есіміне арналған ерекше танымнан аңыз тудырған. Кейін арада 

кҿп  уақыт  ҿткені  бар,  ҽрі  тҥпкі  ата  саналуы  оны  аңыздағы  кҿркемдіктің, 

кереметтік қасиеттің шектеуінен асырып, ҽпсана-хикаят деңгейіне жеткізген. 

Оғызда  мҽдени  қаһарманның  белгілері  бар  деп  танығанмен

1

,  ол  типке 



қойылатын  талап  –  бҧрыннан  бар  нҽрсені  қалайда  тауып  ҽкелу  де,  демиург 

болуы  ҥшін  ҽуелден  болмаған  затты  жасаушы  ҽрекеттер  кҿрінбегендіктен, 

Оғыз  бҧл  типтерге  қосылмайды.  Ҿйткені,  «Оғызнаменің»  мҽтінінде  де, 

Рашид  ад-диннің  «Оғызнамесінде»  де,  Ҽбілғазы  Баһадҥрдің  «Тҥркімен 

шежіресінде» де  елге қажет болған нҽрсе – арбаны Оғыз емес, шеру ішіндегі 

бір  шебер  жасаған.  «Оғызнаменің»  ҿзінде  арба  жасаған  Бармақлық  Жосын 

білік, Итіл ҿзенінен ҿту ҥшін ағашты кесіп, оны қайық ретінде пайдалануды 

кҿрсеткен де шеру  ішіндегі Ҧлық Орду деп кҿрсетеді.  Сондықтан Оғыздың 

руларға  ат  қоюы  оның  ілкі  ата  қызметінен  туындап,  бҧл  кейіпкерлердің 

демиург  типінде  кҿрінуі  жырдың  пайда  болу  мерзімін  белгілеуде  кҿне 

екендігін мойындатады.    

Ал,  «Қорқыт  Ата  кітабындағы»  жырлардың  бір  желілі  тақырыпқа 

арналмағанын  айыру  қиын  емес,  ол  жырлардағы  кейіпкер  есімдерінің 

қатыстырылуымен  немесе  оқиғалардың  жҥйелі  жалғасын  табу  не 

таппағанымен кҿрінеді. Сондықтан тақырыбы ҿз алдына бҿлек болып тҧрған 

жырлар – бірінші жҽне бесінші. 

Сондай-ақ, кітапқа енген жырлардан ежелгі оғыздардың таным-тҥсінігін 

танытатын  белгілер  арқылы  орта  азиялық,  Тҥркістан  топырағында  туғандар 

жҽне  кҽпірлердің  шіркеуін  қҧлатып,  орнына  мешіт  салынғанын,  кейбір 

тарихи оқиғалардың елесін беруіне қарай кейінгі Отанда туған сюжеттер деп 

ажыратуға болады. І, ІІ, ІІІ, VІ, VІІ жырлар таза тҥркістандық деп танылады. 

Бҧдан  басқа  жырлардың  кейбірі  жаңа  мекенде  қалыптасты  дегенмен, 

кейіпкерлердің  есімдері  мен  олардың  іс-ҽрекеттерінің  бейнеленуі,  алғашқы 

таным-тҥсініктердің  орын  алуына  орай  олардың  бірінші  мекенінде  туғанын 

аңғартады.  «Қорқыт  Ата  кітабына»  енген  жырлар  ХІV  ғасырда  қағазға  тҥсі-

рілген,  бірақ,  жырға  арқау  болған  сюжеттердің  жасалуы  оғыздар  ҿміріндегі 

Х-ХІ ғасырларда орын алған ҥлкен тарихи оқиғалармен байланысты. 

Сюжеттердің  кҿнелілігін,  алғашқы  Отанда  туғанын  білдіретін 

белгілердің  бірі  –  анаеркі  дҽуірінің  кҿріністері.  Атап  айтқанда,  жаралы 

жатқан Бҧқашқа ана сҥті ем болатынының айтылуы мен Дерсе ханның ҽйелі 

ҧлын іздеп шыққанда қасына қырық нҿкер қыз ертіп, атқа мінуі, Бҧрла қатын 

мен  Торалының  жары  Селжан  арудың  ерлермен  бірдей  соғысқа  кіруі  –  сол 

дҽуірден  қалған  сипаттар.  Бҧлардың  ҿзі  жанр  жағынан  алғанда  аңыздың 

тууына алғышарттар қызметін атқарады.  

Жалпы,  «Қорқыт  Ата  кітабындағы»  жырлар  ерлік  жыры,  соның  ҿзінде 

осы «Дерсе хан ҧлы Бҧқаш хан туралы жыр» архаикалық батырлық жырдың 

сюжеттік композициясын жақсы сақтаған. Мҽселен, бҧл жырда: 

1.  Дерсе ханның перзентсіздік зарын тартуы; 

                                                

1

 Басилов В.Н. Огуз-хан // Мифы народов мира. Энциклопедия. М., 1982. Т. 2. С. 240. 




 

289 


2.  Қҧдайдан бала тілеп, еліндегі жарлы-жақыбайларға кеңшілік жасауы; 

3.  Балалы болуы; 

4.  Ол баланың алғашқы ерлік жасап, Бҧқаш атануы тҥрінде баяндалған. 

Перзентсіз болғаны ҥшін жылаған, оған тілеулес болған халықтың кҿкке 

қол  жайып,  дҧға  қылуы,  содан  кейін  ҧлды  болу  сарыны  ҥшінші  жырда  Бай 

Бура бекке де қатысты қолданылған.  

Ал,  Дерсе  хан  ҧлының  Бҧқаш,  Бай  Бурабектің ҧлы  Бамсы  Бҽрік  атануы 

алғашқы ерлік жасалғаннан кейін ғана жҥзеге асқан. Бҧл кҽмелеттік сынақтан 

ҿткеннің  бір  белгісі,  ол  да  ҿз  кезегінде  кейіпкерді  таныстыруға  қажетті 

аңыздық мҽлімет. 

 Байындыр  хан  ҽкесінің  есімі  Қамған  болуы  бақсы  атауының  ежелгі 

қолданысынан  шыққан.  Бектердің  айдап  салуымен  баласына  қол  кҿтерген 

Дерсе  ханның  олардан  ҽлеуметтік  мҽртебесі  онша  биік  кҿтерілмегендіктен, 

таптық  сананың  айтарлықтай  қалыптаспаған  кезеңде  жасалғанын  кҿрсетеді. 

Топонимикалық мҽліметтер де (Тҥркістан, Қазылық тауы) жыр сюжеттерінің 

қай мекенде жасалғанын анықтауға қосымша қҧрал болады. 

Екінші жҽне тҿртінші жырлар – «Салор Қазан ҥйінің шабылғаны туралы 

ҽңгіменің  баяны»,  «Қазан  бек  ҧлы  Ораз  бектің  тҧтқын  болған  ҽңгімесінің 

баяны» – тақырып арнасы бір жырлар. Оның мҽнісі – «Қорқыт Ата кітабын» 

қҧрастырушы  не  ондағы  жырларды  айтқан  озаншы  тҿртінші  жырды 

тудырғанда  эпостың  заңдылығына  сай  қайталау  тҽсілін  пайдаланған 

сыңайлы.  

Екінші жырда батырлық жырлар мен ертегілерде қолданылатын тҥс кҿру 

сарыны  екі  рет  пайдаланылған.  Бірі  –  Қазан  бек  серіктерімен  аңға  кеткенде 

кҽпірлер келіп, шешесі мен ҽйелін, ҧл-қызын тҧтқындап, енді малын тонауды 

сҿз  қылған  кезде  Қарашық  шопан  тҥс  кҿреді.  Екінші  –  еліне  жау  тигенін 

Қазан да тҥс кҿріп, біліп, жҧртына қайтады. 

Екінші  жырдан  бастап,  ҥшінші,  оныншы,  он  екінші  жырларда  қанның 

фетиш болғаны туралы наным орын алған. Ол екі тҥрлі кҿріністе баяндалған. 

Мҽселен, екінші жырда Қарашық шопан Қазан бекке: 

–  Қазан  аға,  сен  ҥйелменіңді  қҧтқаруға  бара  жатырсың,  мен 

туыстарымның  қанды  кегін  алуға  бара  жатырмын,  –  дейді

1

.  Ал,  оныншы 



жырда ағасы Екіректің тҧтқында жатқанын естіп, інісі Секірек: 

–  ...ҿлі-тірісін  білмейінше,  ҿлген  болса,  қанына  қан  алмайынша,  –  деп, 

кҽпірлер  еліне  аттанады

2

.  Он  екінші  жырда  Қазан  ханның    ҥйін  тонауға 



қатыса  алмағаны  ҥшін  тыс  Оғыздың  адамдары  Аруз  бас  болып,  Бейректі 

Қазанға қарсы қойғысы келеді. Бейрек олардың дегеніне кҿнбейді, кҿнбегені 

ҥшін  Аруз  Бейректің  жамбасын  шабады.  Бейрек  жағдайының  нашар  екенін 

біліп, Қазанға сҽлем айтады.  

– ...Ертең қиямет кҥнінде менің қолым Қазан ханның жағасында болсын, 

егер ол менің қанымды Арузға кешірер болса, – деді. 

Қанды  кек  қуу  қанға-қан,  жанға-жан  деген  талиондық  принцип  –  тең 

                                                

1

 Қорқыт Ата кітабы. Алматы, 1999. 139-б. 



2

 Сонда. 188-б. 




 

290 


дҽрежеде кек қайтарудан бҧрын туған. Жараланып, қан кеткен адам ҿлетінін 

кҿрген  ежелгі  дҽуірдегі  адамдар  қан  –  жанның  мекені

1

  деп,  қанды  қасиет 



тҧтқан.  Қанға  қанмен  жауап  берілмесе,  ол  марқҧмның  жаны  тыныш 

болмайды деп сенген. 

Ҥшінші – «Қам Бура бек ҧлы Бамсы Бҽрік ҽңгімесінің баяны» атты жыр 

сюжетінің  Тҥркістанда  туғанына  бҧлтартпас  дҽлел  –  Орта  Азиядағы  тҥркі 

жҧртына етене таныс «Алпамыс батыр» жырымен тығыз байланыстылығы.   

Бҧл  жыр  -  «Алпамыс  жырының»  орта  ғасырлық  оғыз  нҧсқасы.  Бамсы 

Бҽрік есімі  Алып Манаш, Мамыш, Мамсы, Бамси деген ҿзгерістерден пайда 

болған


2

.  


Алпамысқа  байланысты  нҧсқаларда  аталатын  Байсын,  Қоңырат,  қалмақ 

тақырыбы  бҧл  нҧсқада  сҿз  болмайды.  Ҽрине,  ҽр  кезеңдегі  жырдың  пайда 

болуында  тарихи  жағдайлардың  ҽсері  болады,  сондықтан  осы  тақырыптағы 

жырлардың  сюжеттік,  композициялық  бірлігі  болғанымен,  кейбір 

ҿзгешеліктердің болуы заңды.  

Жалпы,  Бамсы  Бҽрік,  Алпамыс,  Одиссей  –  ҥшеуіне  де  кейіпкердің  ҿз 

ҽйелінің тойының ҥстінен шығу сарыны ортақ. Оның сюжетіндегі  ортақтық 

мына  жағдайлардан  байқалады.  Ҥш  кейіпкер  де  алыс  сапардан  келгенінде 

олардың ҽйелдерін біреулер алмақшы болып жатады. Ҥшеуі де елге ҿздерін 

танытпайды.  Бҽрік  пен  Алпамыс  –  диуана,  Одиссей  қартайған  шал  кҥйінде 

келеді.  Жҧрттан  бҧрын  Қҧлтай  баба  Алпамыстың  жауырынындағы  қалын 

кҿріп, біліп алса, Одиссейдің аяғын жуған кезде оның сҽби кезінен кҥтушісі 

болған Евриклея байқайды. Бҽрікке қатысты мҧндай белгі айтылмаған.  

Ҥміткерлер той алдындағы садақ ату сынынан ҿте алмай қалғанда, Бҽрік 

те,  Одиссей  де  сыннан  сҥрінбей  ҿтеді.  Мҧндайда  олардың  жеңуі  сҿзсіз. 

Ҿйткені,  алға  қойылған  сынақта  шарт  бойынша  бҧл  кейіпкерлердің 

садағымен  ату  мақсат  етіп  қойылған.  Бҧл  жағдайда,  ҽрине,  ҿз  садағын  иесі 

ғана  меңгере  алады.  Сыннан  сҥрінбей  ҿткен  соң,  жауларын  жеңіп, 

кейіпкерлер ҿздерін жҧртқа танытады. Ал, ҽйелдеріне шын кҥйеуі ҿзі екенін 

таныту  ҥшін  ерлі-зайыптылар  ҿздері  ғана  білетін  жағдайды  айтады.    Бҽрік 

жҥзік  туралы  айтса,  Одиссей  ҿзі  жасаған  некелік  тҿсек  орынның  қалай 

істелгенін  баяндайды.  Бҧл  ҥшеуі  де  ҿздері  жоқта  ҽкелерінің  бейшара  кҥйге 

тҥскенін кҿреді. 

«Одиссей»  жырындағы  бҧл  сюжетте  бір  ғана  айырмашылық  қосылған. 

Пенелопа  ҿзіне  ҥміткерлерді  кҥйеуі  келгенше  алдандырып,  уақыт  созуды 

ойлап, Лаэрт қартқа арнап тоқыма тоқып бергенше кҥте тҧруды ҿтініш етеді. 

Бірақ  бҧл  жҧмысы  тез  бітіп  қалмауы  ҥшін  тоқығанын  сҿгіп  тастап,  ертесіне 

қайта тоқып отырады.  

«Алпамыс  батыр»  жырының    кҿнесі  алтайлық  нҧсқа  болып  есептеледі 

де,  «Қорқыт  Ата  кітабындағы»  «Қам  Бура  бек  ҧлы  Бамсы  Бҽрік  ҽңгімесінің 

баяны»  архаикалық  белгілерді  сақтай  отырып,  оғыз  мемлекетінің    елдігін 

қорғаудағы  ерлікті,  екінші  жағынан,  VІІІ  ғасырлардан  бастап  ене  бастаған 

                                                

1

 Лосев А.Ф. Античная мифология в ее историческом развитии. М., 1957. С. 45. 



2

 Жирмунский В.М. Тюркский героический эпос. Л., 1974. С. 158. 




 

291 


ислам  дінін  жақтау  мақсатын  білдіре  жасалған.  Ал,  «Алпамыс  батыр» 

жырының  қазақ  нҧсқалары  кҿне  белгілерді  –  перзентсіздік,  ғажайып  туу 

сарыны, т.б. сарындарды жоғалтпай, таптық қоғамның қайшылығы кҥшейіп, 

дамыған  кезеңдегі  сипатын  кең  ашуға  бейімделген.  Ҧлтан  қҧлдың  кейіпкер 

болып енуі оқиғаны шарықтау шегіне жеткізген, Тайшық хан діні бҿлек, елі 

бҿлек  болуымен  қатар  оның  таптық  мҽртебесі  де  жырдың  мазмҧнын  да, 

қҧрылымын да кеңейтіп, тақырыпты кеңейткен. Дегенмен: 

 

Қалмақтың ҿлмей қалғанын, 



Дін мҧсылман қылады

1

, -  



 

жолдарын  сақтаған.  Сҿйтіп,  фольклорлық  мҧра  ҧзақ  ҿмір  сҥру  жолында  ҽр 

дҽуірдің талабына сай қоғамның рухани қажетін ҿтеген.   

Бҧл  жырда  қанның  қасиетті  есептелгеніне  тағы  бір  дҽлел  бар.  Онда 

Бамсы  Бҽрік  кҽпірлердің  тҧтқынында  он  алты  жыл  болып,  еліне  қайтып 

келгенде ҽкесі Бай Бура бектің кҿзі кҿрмей қалады. Сонда Бай Бура бек: 

–  Бармағын  қанатып,  қан  жҧққан  орамалымен  кҿзімді  сҥртсін,  кҿзім 

ашылатын  болса,  ҧлымның  шын  келгені,  –  дейді

2

.  Ақыры,  Бҽріктің  қаны 



ҽкесінің шырағын жағады. 

«Қорқыт  Ата  кітабында»  оғыз  батырларының  ерлігі  жырланғанда 

архаикалық некелік сынақ та қамтылып отырған. Мҽселен, Бай Бура бек ҧлды 

болып, атын Бамсы Бҽрік қояды. Ол Бай Бижан бектің қызы Бану Шешекпен 

атастырылған. Бану Шешек Бҽріктің іздеп келгенін біліп, оны таныса да, ҿзін 

танытпай,  онымен  ат  та  жарыстырады,  оқ  атысып  та  кҿреді,  кҥресіп  те 

кҿреді.    Қыз  жауырыны  жерге  тиген  соң  ҿзінің Бану  Шешек    екенін айтып, 

Бҽрік  қалыңдығының  қолына  жҥзік  салады.  Мҧнда  қыз  жауырынын  жерге 

тигізбеу  –  Бҽріктің  жігіттік  намысына  нҧқсан  келтірер  еді,  яғни  бҧл 

патриархаттық мҥддеден қосылған сарын, қыз ҿзіне тең болған соң ғана Бҽрік 

оған кҿңілі толып, жҥзігін берген. 

Тҿртінші  –  «Қазан  бек  ҧлы  Ораз  бектің  тҧтқын  болған  ҽңгімесінің 

баянында»

3

  «Қазан  оң  жағына  қарап,  қарқ-қарқ  кҥлді.  Сол  жағына  қарап, 



қатты  қуанды.  Қарсысына  қарап,  ҧлы  Оразды  байқап,  қолын  кеудесіне 

қусырып,  кемсеңдеп  жылады»,  –  делінген.  Ҽкенің  мҧндай  кҥйге  тҥсуінің 

себебі  «Кҥні ертең  мен  ҿліп,  сен  қалсаң,  тҽжімді,  тағымды  саған  бермей  ме 

деп  ойлап,  жылағаным»,  –  деп  тҥсіндіріледі.  Бҧл  да  патша  тағына  тек 

батырлық  кҥш-қайрат  кҿрсеткендер  лайық  саналатын  архаикалық  сынақ 

сарынының орын алғанын кҿрсетеді. 

Бесінші  –  «Доқа  Қожа  ҧлы  Дели  Домрул  ҽңгімесінің  баяны»  кітапқа 

енген  эпикалық  кейіпкерлер  Байындыр  хан  мен  Қазан  бектің,  басқа  да  оғыз 

бектерінің  есімдері  кірістірілмегендіктен  ҿз  алдына  бҿлек  жасалған.  Ҽйтсе 

де, Домрулдың Ҽзірейілмен кҥрескісі келгені Қорқыттың Ҽзірейілден қашуы, 

Селжҧқтың  ҿліммен  кҥресіне  арналған  сюжеттердің  жасалуымен  қатар 

                                                

1

 Қазақ халық ҽдебиеті: кҿптомдық. Батырлар жыры. Алматы, 1986. 2-т. 150-б. 



2

 Қорқыт Ата кітабы. Алматы, 1999. 156-б. 

3

 Қорқыт Ата кітабы. Алматы, 1999. 157-б. 




 

292 


алғанда  оның  да  негізі  тҥркістандық  екенін  танытады,  бҧл  сюжет  хикаят 

жанрына бағындырылған. 

Бҧл бесінші жырда «Қызыл айғырдың қашанда жау иісін сезсе, аяғымен 

жер  тарпып,  тозаңын  кҿкке  шығаратын  еді»

1

,  –  делінген.  Жҽне  оныншы 



жырда  осыған  ҧқсас  –  «Секірек  ҧйықтап  жатқанда  ат  шылбырын  тартып, 

иесін  оятады»

2

  деген  кҿрініс  келтірілген.  Аттың  жауды  сезуі,  яғни  адамға 



қастық  жасайтын  кҥшті  білуі  оны  қасиетті  деп  білген  ежелгі  дҽуірдегі 

сенімнің ықпалын танытады.  

Алтыншы  –  «Қазылық  Қожа  ҧлы  Икенек  бек  ҽңгімесінің  баянының» 

сюжеті  де  Тҥркістанда  туған.  Тҥркі  халықтарына  ортақ  жырларда  жауға 

жалғыз шабам деп ҿрікпіген батырлардың қалай болса да, зынданға тҥсуі, т.б. 

қиын  жағдайларда  қалуы  халықтың  ондай  ҽрекеттерді  қолдамайтын  талабы 

алғашқы  қауым  адамдары  тҥрлі  қаһарға  ҧшыраудың  себебі  аруақтарды 

сыйламау, табуды бҧзу, т.т. деген тҥсінігінен бҿлек, яғни кейін пайда болған. 

Бҧл  жырда  ҿрекпіген  Қазылық  қожа  он  жеті  жыл  тҧтқын  болып  жатады. 

Фольклорлық  шығармаларда  негізгі  кейіпкердің  батырлық  кҿрсетуіне 

бірнеше себеп таңылады – кҽмелеттік сынақтан ҿту, қаһармандықпен ҥйлену 

сарыны  жҽне  «Ер  Тҿстік»,  т.б.  біраз  ертегіде  кездесетіндей  мҧнда  да  бҿтен, 

ҿзіне тілі тиетін біреуден тҧтқында ағасының, ҽкесінің жатқанын не жоғалып 

кеткенін  білу.  Бҧл  сарын  Икенек  бек  сҧхбат  қҧрып  отырып,  ҥйлесе  алмай 

қалған  Қара  Кҿнеҧлы  Будақтан  естуімен  кҿрінеді.  Ал,  Х  баянда  Секірек 

ағасы Екіректің кҽпірлер қолында, Алыншы қаласында тҧтқын екенін ҿзінен 

таяқ жеген тілі ащы жетім баладан естиді. 

Жетінші  –  «Қаңлы  Қожаҧлы  Торалы  ҽңгімесінің  баяны»  жаңа  Отанда 

туған делінгенімен, бҧл бҿлімнің екі бҿліктен тҧратыны, соңғысының ежелгі 

оғыз сюжеті екені ҽрі оның сарындарының кҿнелілігі мойындалады. Сонда да 

оны  Тарабузанда  (Трапезунд),  Кіші  Азияда  жасалған,  сюжетке  кейіннен 

қосылған  қатпар  деп  есептеледі.  Оның  мҽнісі  –  Кіші  Азияда  туған  сюжетте 

Қаңлы Торалының ішкі оғыздан да, тыс оғыздан да ҿзі қалағандай қалыңдық 

таппай,  Тарабузандағы  кҽпірлер  бегінің  асқан  сҧлу  қызын  алуына,  оның 

ҽкесінің  талаптарын  орындауға,  тойдың  сонда  ҿткенін  баяндауымен  бҧл 

бҿліктің  оғыздардың  ҿз  мекенінен  бҿлек  жерде  ҿткенін,  солайша,  сюжет  те 

сол  жақта  туған  деген  оймен  қабылданған.  Екінші  бҿлікте  Қаңлы  Торалы 

оғыз  дҽстҥрі  бойынша  ҥйлену  тойын  ҿз  Отанында,  ҽке-шешесінің  алдында 

ҿткізу  ҥшін  қайын  атасының  ҥйінде  қалыңдық  отауына  бармайтыны 

айтылады. Мҧнда ежелгі эпикалық сарын – кейіпкердің алып ҧйқыда жатып, 

қапыда  қолға  тҥсу  жағдайына  сҽйкес  Торалының  ҧйқы  кезінде  қайын 

атасының қыз соңынан қуып келіп, екі арада соғыстың болғанын баяндайды. 

Бҧл  жетінші  баян  батырлық  ертегі  жанрына  жақын.  Сюжет  нақты  Кіші 

Азияда  жасалған  дегенге  қарсы  ой  –  кейіпкер  Тарабузанда  қалып,  сондағы 

тірлігі  айтылмаған,  оның  ҥстіне  бҧл  оғыздың  жас  батыры  Торалы  ерлігіне 

арналған, ол  ҥшін қалыңдықтың ҽкесі қойған ҥш талап бойынша арыстанды, 

                                                

1

 Сонда. 165-б. 



2

 Сонда. 189-б. 




 

293 


қара  бҧқаны,  қара  бураны  ҿлтіріп,  кҿне  эпостың  қаһармандықпен  ҥйлену 

сарынындағы  некелік  сынақтың  қолданылуын  кейіннен  қосылған  қатпар 

есебінде кҿру, оны озаншының ҽдісі деп қабылдау аздық етеді. 

Сегізінші  –  «Басаттың  Тҿбекҿзді  ҿлтірген  ҽңгімесінің  баяны» 

жырындағы  Тҿбекҿз  бейнесі,  оның  ҿлтірілу  жолы,  негізінде,  ҽлемдік 

фольклорда кең жайылған.  

Негізі,  пері  фольклорлық  шығармаларда  екі  сипатта:  бірі  –  қаскҿй  кҥш 

ретінде,  екінші  –  кейіпкерлердің  ерекше  қасиетте  кҿрінетін  сҧлу  жары 

бейнесінде  танылады.  «Қорқыт  Ата  кітабындағы»  сегізінші  жырда  шопанға 

кездесіп,  оған  Тҿбекҿзді  тастап  кететін  пері  –  адамға  қаскҿй  кҥш.  Ҿйткені, 

«...бҧлаққа перілер келіп қонды, қойлар ҥрікті»

1

 ҽрі одан туған Тҿбекҿз оғыз 



еліне адам қоймайтын тажал болып шығады. 

Ежелгі грек мифологиясында Гея мен Уран қҧдайлардың бірінші буыны, 

олар титандар мен киклоптарды, т.б. қҧбыжықтарды тудырған. Ал, Гомердің 

«Одиссей»  жырындағы  киклоп  мҧхит  қҧдайы  –  Посейдонның  баласы,  ол 

ҿздігінен ештеңе ҿндірмейді, тек жердің қойнауында ҿсетін жеміс-жидекпен 

–  дайын  нҽрсемен  кҥн  кҿретін  қорқынышты  нҽрсе  ретінде  бейнеленген. 

Тҿбекҿздің ҥңгірді мекен етіп, кҿп малдың иесі болуы, оның адам жегіштігі 

ерте замандағы каннибаллизм туралы тҥсінікпен қабаттасып кеткен.   

Жалпы,  оғыздарға  арналған  жырлардың  белгілі болып  отырған  кҿнесі  - 

«Ҧлы  хан  ата  Бітікші  сҿзі».    Оның  «Қорқыт  Ата  кітабындағы»  Тҿбекҿз  бен 

Басатқа  байланысты  жақындығы  кҿп.  Екеуінде  де  Басаттың  да,  оның  ҽкесі 

Арус  (Аруз)    есімдерінің,  Тҿбекҿзді  ҿлтіру  тҽсілінің  ҧқсастығы,  Тҿбекҿздің 

шешесі  пері,  оның  суға  жақын  жерді  мекен  етуі  -  Тҿбекҿздің  шешесі  ҧлы 

мҧхитты  мекен  еткен  пері,  ал,  «Қорқыт  Ата  кітабында»  Тҿбекҿздің  ҽкесі 

оның  шешесі  перімен  су  жағасында  кездесу  жағдайлары  екі  еңбектің  пайда 

болуында бір байланыстың болғанын танытады. 

Жанрлық  тҥр  жағынан  бҧл  сегізінші  баян  ертегіден  туған,  ҿйткені, 

Басаттың  Тҿбекҿзді  ҿлтіруін  баяндауда  батырлық,  кҥш-қайратқа  сенуден, 

ерлікті  жырлаудан  гҿрі  бҥкіл  денесінде  еті  бар  жанды  жер  тек  қана  кҿзі 

екенін  біліп,  оған  отқа  қыздырылған  пышақ  тығып,  ағызып  жіберуі,  одан 

қҧтылғанда  да,  қой  терісін  жамылып  қҧтылып  кетуі,  т.б.  тапқырлық 

ҽрекеттер алға шығарылған.  

«Қорқыт  Ата  кітабындағы»  Тҿбекҿзге  П.В.Остроумовтың  қазақтар 

арасынан  жинаған  екінші  мҽтіндегі  бейне

2

  ҿте  жақын  кҿрінгенімен,  оған 



Г.Н.Потанин  жариялаған  «Жалғызкҿзді  дҽу»  кҿне  ертегісі  географиялық 

байланысымен    ҽрі  генетикалық  бірлігімен  туыс.  Оның  мҽні  –  сюжеттің 

қорытынды  бҿлімінде  ашылады.  Егер  Остроумов  нҧсқасында  Тҿбекҿз 

ҿкініштен ҿз-ҿзін, басын жарға соғып ҿлтірсе, Потанин нҧсқасында ол аңшы 

батырға  жалынышты  кҥйде  кҿрінеді.  «Мені  осы  кҥйде  қалдырма.  Сенің 

қаруың  маған  ҿтпейді.  Менің  қылышымды  ал  да,  осымен  ҿлтір»,  –  деп 

сҧрауы жҽне батырдың оны ҿлтіруі ҽңгімені ширата тҥсу ҥшін табылған тҽсіл 

                                                

1

 Сонда. 178-б. 



2

 Этнографическое обозрение. 1891. Вып.2. С.206-207. 




 

294 


емес,  аңшы  мергендер  туралы  ҽңгіменің  жанрлық  туу,  қалыптасу 

заңдылығына сай, адам кҥшін қалайда артық етіп кҿрсету мақсатынан туған. 

Қазақта  да,  қырғызда  да  аңшылардың  жезтырнақпен,  Қойлыбай  бақсының 

албастылар  патшасы  -  ҥлкен  маңдайында  тостағандай  жалғыз  кҿздімен 

кездесуі

1

, Тҿбекҿз туралы сюжеттің тым ерте шыққанына дҽлел.  



Бҧл  жырда  да  ежелгі  нанымдар  орын  алған.  Тҿбекҿздің  жанды  жері  – 

жалғыз кҿзі болуы кҿздің фетиш болуынан. Ал, Тҿбекҿзге пері анасының: 

–  Ҧлым,  саған  оқ  ҿтпесін,  тҽніңді  қылыш  кеспесін,  –  деп,  баласының 

саусағына  жҥзік  салуы

2

  магиялық  тҥрде  ҽсер  еткен.  Осы  орайда 



«Еркемайдар»  ертегісінде  Еркемайдарға  атса  –  оқ  ҿтпесін,  шапса  қылыш 

кеспесін  деген  тілекті  қарындасы  айтып,  кейіпкердің  кҥш-қайрат  иесі 

болуымен  қатар  керемет  қасиетті  кҿрінуі  тҥсінікті  болады.  Мҧндай  тілекті 

Тҿбекҿзге шешесі айта отырып, қолына жҥзік салуы да  – темірден жасалған 

заттың магиялық кҥші бар деп есептелуімен байланысты. 

Басаттың  жҽне  Одиссейдің  Тҿбекҿзді  ҿлтіруіне  арналған  сюжетте 

типологиялық  байланыс  бар.  Ҽрі  Одиссей  де,  Басат  та  Тҿбекҿзге  шын 

есімдерін айтпай, ҿздерін «Ешкім» деп таныстырады, бҧл ежелгі дҽуірлердегі  

есімнің магиялық кҥшіне сенуден туған қолданыс

3

.  



Сюжеттер  ҧқсас  болғанымен,  атап  ҿтерлік  айырмашылықтар  да  орын 

алған.  Одиссей  Тҿбекҿздің  кҿзін  кҥйдірер  алдында  ҥш  ақыл  ойлап  табады. 

Бірінші  –  кемесін  Тҿбекҿзге  кҿрсетпейді;  екінші  –  Тҿбекҿзге  шарап  беріп, 

оның басын мең-зең қылады. Одиссей қасындағы тҿрт жолдасын қойлардың 

бауырына  байлап,  қҧтқарады.  Ал  ҿзі  ҥлкен  қойдың  бауырына    жабысып, 

ҥңгірден шыққан соң достарының байлауын шешкен.  

Зерттеушілер  Одиссей  есімінің  этимологиясын  тҥсіндіргенде  «ҿкпелі»

4

 



деген  сҿз  десе,  жырдың  ҿзінде  ол  қу,  тапқыр  адам  деген  эпитет  арқылы 

тҧрақты  тҥрде  аталған.  Одиссейдің  Тҿбекҿзге  байланысты  жасаған 

қулықтары, ҽрине, ақылды қулық, тапқырлыққа жатады. Ал, Басат Тҿбекҿзге 

қарсы  қулықтарды  қолданбаған.  Тек  Тҿбекҿзге  тамақ  пісіріп,  қызметші 

болып жҥрген екі қарттан оның ҿлімі неден екенін біліп алған. Басат қасына 

жолдас  та  ертпеген.  Тҿбекҿздің  Басат  ҥшін  тудырған  қиындығы  да  кҿп. 

Басатқа қанжар салмақ болып, кең жерге шығарып та кҿреді. Ол ойы жҥзеге 

аспаған  соң  қамап  та  қояды.  Одан  ҥңгірге  кіргізіп,  ҿзінің  қылышын 

тапқызып, сол арқылы оны жоқ қылуды да ойлаған. Ақыры, Басатқа ҿлім жоқ 

екенін  біледі.  Оған  Тҿбекҿз  ҿзінің  жҥзігін  берген

5

,  ерлігіне  қоса  Басаттың 



ҿлмеуінің  сыры  жҥзіктің  –  темірден  жасалған  заттың  магиялық  қасиеті  де 

ашылады.  

Мҧндай  жағдайда  Тҿбекҿз  аңқаулық  жасаған,  адамнан  ақылы  аз 

қҧбыжық болып танылады. Тҿбекҿз кҿздің қасіретінен ҽрі Басат оны бурадай 

тізерлетіп  шҿктіріп,  оның  ҿзінің  қылышымен  мойнын  шауып,  ҿлтіреді. 

                                                

1

 Уҽлиханов Ш. Тҽңірі (Қҧдай) // Таңдамалы. Алматы, 1985. 161-б. 



2

 Қорқыт Ата кітабы. Алматы, 1999. 178-б. 

3

 Қараңыз: Альтман М.С. Пережитки родового строя в собственных именах у Гомера. Л., 1936. С. 17. 



4

 Гомер. Одиссей. М., 1986. С.313. 

5

 Қорқыт Ата кітабы. Алматы, 1999. 181-б. 




 

295 


Сонымен  Одиссей  мен  Басаттың  ерліктерін  салыстырғанда  Басатты  ел 

қорғайтын  батыр  ретінде  тҧлғаландыра  тҥсу  мақсатында  кҿп  жағдай 

қосылған,  сол  ҥшін  Одиссей  жасайтын  қулық  істер  батырға  қол  емес  деп 

ҧғынылады. 

Басаттың  Тҿбекҿзді  ҿлтіруі  ел  мҥддесін  қорғаудан  туса,  Одиссей  ҥшін 

бҧл  сарын  ҧзақ  сапарда  жҥріп,  еліне  қайтар  жолында  кездескен  тҥрлі 

қиындықтарды  жеңе  отырып,  ҿзін  жҽне  қасындағы  жолдастарын  сақтау 

мақсатында қосылған. 

Тоғызыншы  –  «Бегілҧлы  Еміре  ҽңгімесінің  баяны»,  оныншы  «Ҥшін 

Қожаҧлы  Секірек  ҽңгімесінің  баяны»  оғыздардың  жаңа  мекенінде  туған. 

Қаңлы Торалының ерлігін баяндауда ертегі сипаты молырақ болса, Бегілҧлы 

Еміреге  арналған  баян,  шын  мҽнінде,  ерлік  жыры.  Ол  ерлік  жырына  тҽн 

қасиеттің бірі – тҧтастану қҧбылысын бастан кешкен. Бегіл ҿзі дҧшпан елдің 

батырларын  атымен  сескендіретіндей-ақ  қаһары  бар  батыр.  Оның  ҧлы 

Еміренің  кҽпірлерге  қарсы  шығарылуы  –  бҧл  жанрдың  толыққанды 

қалыптасқаны.  

Ҽке  мен  баланың  бір-бірін  танымай  соғысуы,  ақырында,  екеуінің 

табысуы архаикалық жырларға тҽн сюжет. Он бірінші жырда кҽпірлер Қазан 

ханды  ҧлы  Оразға  қарсы  шығарғанда  баласы  ҽкесін  іздеп  келсе  де,  оны 

танымай,  арқасына  қылыш  ҧрып,  тҿрт  елідей  жара  салады.  Сонда  Қазан 

ҧлына дауыстап: 

 

– Қара тауымның биігі, ҧлым! 



Қараңғы кҿзімнің айдыны, ҧлым! 

Алыбым – Ораз, арыстаным – Ораз, 

Ақсақалды ҽкеңді ҿлтірме, ҧлым!

1

 – 



 

дейді.  


Оныншы  жырда  ағасы  Екірек  кҽпірлердің  қолына  тҧтқын  болып 

қалғанында інісі Секіректің іздеп барып, оны босатып алуы да ҽкесі баласын 

іздейтін осы сарынмен ҥндес жасалған. 

Ҽкесі жоқта баланың тууы, оның ҽкесіне кҿмекке барып, қҧтқаратынын 

баяндайтын  сюжеттің  шығуы  –  перзентсіздіктен  зар  илеп,  Қҧдайдан  тілеп 

алған  бала,  ең  алдымен,  Қҧдайдың  берген  баласы  ретінде  бағаланып,  ҽкесі 

қиналған  кезде  Қҧдайдан  келетін  кҿмек  тҥрінде  ҽкесін  іздеп  шығып,  жауын 

жеңуге кҿмектеседі

2

 деген сенім арқылы болған. 



Оғыз  батырларының  есімдері  аталғанымен  «Қорқыт  Ата  кітабындағы» 

жырлар тарихи жырлар емес, фольклорлық архаикалық сарындарды молынан 

пайдаланған қаһармандық жырлау екені анықталады. 

Ерлік жыры болғандықтан оның қҧрамды басты бҿліктерінің бірі болып 

табылатын жоқтау жанры, мҽселен, Бану  Шешектің Бамсы Бҽрікті  жоқтауы, 

т.б.  батырларға  қатысты  кең  орын  алған.  Қазан  бектің  тҧтқындағы  ҧлы 

                                                

1

 Сонда. 195-б. 



2

 Гринцер П.А. Древнеиндийский эпос. М., 1974. С.217. 




 

296 


Оразбен, Бамсы Бҽрікті кҿргенде анасының айтқан ҿлеңдері  – арнау. Оң бата 

мен  теріс  бата  да  кейіпкерлердің  қай  жақтың  мҥддесін  кҿздейтініне  қарай 

қолданылған.  

Негізі,  қарғыс  нақты  бір  адамға  бағытталады,  бірақ  фольклорда  оның 

жасалу жолында тҥрлі тҽсілдің бар екені де белгілі. Солардың ҥлгісі «Қорқыт 

Ата  кітабында»  да  бар.  Мҽселен,  Бҧқаштың  ҿлім  халінде  жатқанын  кҿрген 

анасы: 

Қазылық таудың кҿп суы, 

Ағар екен, ақпасын! 

Қазылық таудың кҿк шҿбі 

Шҥйгін екен, тапталсын! 

Жҥйрік сенің киігің 

Жортпасын енді тас болсын

1

, – 



 

деп  қарғауы  ҧлына  қастандықтың  неден  болғанын  білмей,  дал  болып 

айтуынан туған. Ал, Ҽзірейіл келгенде Дели Домрул ҥшін ҽкесі де, шешесі де 

жандарын қимағанда ҽйелі: 

 

Қалар болсам ҿзіңнен 



Тауларыңнан не пайда, 

Жайлар болсам, кҿрім болсын

2

, – 


 

деген ҿз-ҿзін қарғау арқылы серт бергені.  

«Ат  аяғы  –  кҿлік,  озан  тілі  –  жҥйрік»,  «Кҿп  қорқытар,  терең  батырар», 

«Жаяудың  ҥміті  жанбас,  жалғыздың  жҧлдызы  болмас»,  т.б.  мақал-мҽтелдер 

жырдың мақсатына  қызмет ететіндей қолданылған. Ал, кітаптың алдындағы 

«Қорқыттың нақыл сҿздері» қҧрастырушылар тарапынан кейін қосылған. 

Қорқыт  –  тарихи  тҧлға  деп,  оның  этникалық  тегін    анықтап  кҿрсету 

ҽрекеттері  болғанымен

3

,  ол  заманның  қолға  ҧстатарлық  дҽйегі  жоқтығына 



қоса  кейіпкерге  арналған  шығармалар  жанрының  ерекшелігін  ескеріп,  оны 

ҽлеуметтік  жинақтау  тҥріндегі  халық  аңызы  туғызған  жинақты  образ  деп 

тану  туралы  пікірдің  де  салмағы  басым

4

.  «Қорқыт  Ата  кітабы» 



қолжазбасының  алғашқы  (титул)  бетінде  «Оғыз  тайпаларының  тіліндегі 

Қорқыт  Ата  кітабы»,  кіріспеде  «Баят  бойында  Қорқыт  Ата  дейтін  біреу 

тҧрыпты.  Ол  кісі  оғыз  ішіндегі  ең  білгіші  екен»  деген  жазуларды  ғылыми 

дерекке алудан гҿрі бҧрыннан тҥркілік бірлікке ортақ есімді  оғыздардың да 

қҧрметтеп,  ҿздерінің  ерлік  жырына  қосу  маңыздылығы  қажет  болса  керек. 

Оның  есімі  кірістірілген  шығармалар  оғыз-қыпшақ  заманындағы  тарихи 

                                                

1

 Қорқыт Ата кітабы. Алматы, 1999. 133-134-б. 



2

 Сонда. 167-б. 

3

  Аристов  Н.А.  Заметки  об  этническом  составе  тюркских  племен  и  народностей  и  сведения  об  их 



численности.  Спб.,  1897.  С.145.;  Бартольд  В.В.  Введение  к  переводу  «Книги  Коркуда».  1922.  Архив  АН 

СССР.  ф.  68.;  Марғҧлан  Ҽ.  Ежелгі  жыр-аңыздар.  Алматы,  1985.;  Қоңыратбаев  Ҽ.  Қазақ  эпосы  жҽне 

тҥркология. Алматы, 1987. 

4

 Жирмунский В.М. Книга моего деда Коркуда. М.-Л., 1962.; Қасқабасов С. Миф пен ҽпсананың тарихилығы 



// Жаназық. Астана, 2002. 363-б. 


 

297 


аңыздарды  танытады.  Ол  аңыздар  Қорқыт  есіміне  шоғырланған,  оның 

ажалдан  қашып,  дҥниенің  тҿрт  бҧрышын  шарлауы,  т.б.  керемет 

жағдайлардың  қосылуынан  ҽпсана-хикаятқа  айналған.  Ал,  «Қорқыт  Ата 

кітабында»  оның  ерекше  қасиеттері  -  қыз  ағасының  жаман  ниетіне  қарай 

қолын  қатырып,  кейін  жалынған  соң  оған  қайта  жан  бітіруі  -  ҽпсана-хикаят 

жанрына  тҽн  қосылған  жағдайлар.  Қорқыт  есімінің  пайда  болу  жолын 

бағамдайтын лингвистикалық бірнеше дҽйек бар, оған қоса мҧсылман дінінде 

ҽулие,  аруақты  адамдардың  атына  да,  ісіне  де  шҽк  келтірмейтін  сеніммен 

қатар  теріс  сҿз  айтуға  болмайтын  ел  арасындағы  қорқыныш  бақсыларды 

ерекше  кҥштің,  Қҧдайдың  таңдаулысы,  мифтік  ҽлемдермен  байланыс 

жасаушы дҽнекерші  деп танудан   басталса керек. Ҥлкен кҥштің алдындағы 

адамдардан ҿздерінің қорқуы ҽрі ел сеніміне қарсы сҿз айтқанды қорқытады 

деген  психологиялық  байлаулы  сенімнен  ҧзақ  уақыт  бойында  Қорқыт  атау 

тҧлға,  есімге  айналып,  қалыптасқан.  Қорқыт  есіміне  телінетін  кҥйлердің 

арқауы бақсылардың архаикалық сарыны болса керек.  

Оғыздар  мекен  еткен  кең  байтақ  далаға  қыпшақтар  ҥстемдігі  орнаған 

кезеңде  жазылған  шығармаларда  да  фольклормен  генетикалық  байланыс 

кҿрінеді. Солардың бірі – Жҥсіп Баласағҧнның 1069-1070 жылдары жазылған 

«Қҧтты  білік»  дастаны.  Дидактикалық  мақсатты  кҿздеген  бҧл  шығармада 

ҿзіндік сюжет бар. Айтолды Кҥнтуды Елікті іздеп келіп, оған шын кҿңілімен 

қызмет  етеді.  Ол  ҿлер  алдында  ҧлы  Ҿгділмҥшті  аманат  етеді.  Кҥнтуды 

Ҿгділмҥшті  ҿз  баласындай  тҽрбиелеп,  нҽтижесінде,  ол  бала  Айтолдының 

орнын  басады.  Бір  ҽңгімесінде  Ҿгділмҥш  ҿзінің  Одғҧрмыш  деген  ағасы  бар 

екенін,  оның  білім  иесі  екенін,  бірақ  оның  иен  далада  тҧратынын  айтады. 

Кҥнтуды  Елік  Одғҧрмышты  ҿзіне  шақыртып,  екі  рет  хат  жазады,  бірақ 

Одғҧрмыш  келмейді.  Ҥшінші  ретте  Ҿгділмҥш  Еліктің  ҿтінішін  айтып,  ең 

болмаса,  келіп,  қонақ  болуын  тілеген  тілегін  жеткізеді.  Одғҧрмыш  келіседі, 

келіп,  Елікке  біраз  насихат  айтады  да, ҿз  ҥйіне  кетеді.  Кейін  Одғҧрмыштың 

халі  тҿмендеп  жатқанын  айтқан  хабаршы  келеді.  Айтолды  мен  Кҥнтуды, 

Ҿгділмҥш  пен  Кҥнтуды,    Одғҧрмыш  пен  Кҥнтуды  ҽңгімелері  диалогқа 

қҧрылып, сан-салалы  тақырыпқа байланысты насихат жасалады.  

Мҧндағы  кейіпкерлердің    есімі  де  мағына,  символдық  мҽнде  берілген. 

Атап  айтқанда,  Кҥнтуды  –  ҽділет,  Айтолды  –  бақыт,  қҧт,  Ҿгдҥлміш  –  ақыл-

сана,  Одғҧрмыш  қанағат  бейнесін  танытады.  Бҧл  шығарма  дидактикалық 

мақсатта жазылғандықтан мақал-мҽтел молынан  пайдаланылған. Мҽселен, 

Кҿп жасамай, кҿп кҿргеннен сҧрадым

1



 



Сақтансаң тек сақтайды

2



 

Таяқ-еттен, сҿз сҥйектен ҿтеді, 

Сҿз қалады, таяқ табы кетеді

3

;  



 

                                                

1

 Баласағҧн Ж. Қҧтты білік. Алматы, 1986. 249-б. 



2

 Сонда. 229-б. 

3

 Сонда. 264-б. 




 

298 


Білім білсе ер – шығарар елдің даңқын, 

Қылыш ілсе ер – қорғайды елдің даңқын

1



Нені ексем – соны орармын ақыры, 



Нені орсам – соны алармын асылы

2

, – 



деген мақал-мҽтелдердің қолданылуы аясы тереңде жатқанынан хабар береді. 

Сондай-ақ ежелгі дҽуірлердегі тҥсініктер  – шыбын жан, бақ қҧсы туралы да 

жиі айтылады.  

 

Бірде Елік, – деді ҿртеніп, шыдамай: 



«Қандай ерді жоғалтқанмын, Қҧдай-ай! 

Тҿңіректе сҥйретілген тірі кҿп, 

Тындырымды, сҥйенетін бірі жоқ!»

3

 – 



 

деп  Айтолдының  қадірін  сезіне  отырып  толғануы  жоқтау  жанрының ҥлгісін 

танытады.  Ал,  «Айлалыдан арыстан да  жайраған»

4

  деген  бір  жолдың  ҿзінен 



тҥлкінің  жалған  мақтауына  алданып,  жардан  секіріп,  сҥйектерін  қиратқан 

арыстан туралы ертегіні меңзейді. 

ХІ  ғасыр  мҧсылмандық  діннің  қазақ  халқы  ҥшін  орныққан  кезі,  сол 

себепті ақын: 

Бар халыққа екі ҥйді жаратты: 

Бірі – тозақ, бірі – ҧжмақ жҽннаты

5



 



Мейірім жаса, мҧңлыққа қарасын, 

Ҧжмақтың тҿрінен жай табарсың

6

, – 


 

деп, мҧсылмандық мифологияға сҥйенеді. Ал:  

 

Шыншыл, сара басшы керек халыққа, 



Халық ҥшін тҥсіп шығар тамҧққа

7

, – 



 

дегенінде  кҿркемдік  тҽсіл  бар.  Жҥсіп  Баласағҧнның  шығармасының  негізгі 

идеясы – ҽділеттілікті, білімді, адамгершілікті насихат ету. Ал, фольклорлық 

мҽтіндер кҿркемдік тҽсіл деңгейінде қолданылған. 

Махмҧд  бин  Хусаин  бин  Мҧхаммед  Қашқаридың  «Диуани  лҧғат-ит-

тҥрк»  еңбегі  –  ХІ  ғасырдың  мҧрасы.  Ол  Ирак  жерінде  1074  жылы  жазылып 

біткен.  Бҧл  қолжазбаның  жалғыз  кҿшірмесі  Стамбулда  сақтаулы,  ол  319 

беттен  тҧрады.  М.Қашқари  «Диуани  лҧғат-ит-тҥрк»  еңбегінде  сҿздердің 

тҥсіндірмесін  жеткізудің  ҧтымды  жолы  ретінде  фольклорлық  жанрлардың 

                                                

1

 Сонда. 275-б. 



2

 Сонда. 583-б. 

3

 Сонда. 186-б. 



4

 Сонда. 244-б. 

5

 Сонда. 351-б. 



6

 Сонда. 339-б. 

7

 Сонда. 216-б. 




 

299 


тҥрін  пайдаланған.  Ғалым  ҿзі  қолданған  жанрларды  хикмат  сҿздер,  сежілер 

(ҧйқасты, ҥйлесімді сҿз), мақал-мҽтелдер, ҿлең-жырлар, режез (қаһармандық 

жыр),  несір  (кҿркем  сҿз)  деп  атағанымен,  олардың  қатары  мҧнымен 

шектелмеген.  Мҧнда  Зҧлқайнарынға  байланысты  аңыздар,  Афрасиабқа 

(Алып Тоңға ер) арналған жыр ҥзінділері жҽне оны жоқтау, тҥркі тармақтары 

–  тҥрік,  тҥбіт,  тҥркімен,  елке  бҧлақ,  шігіл  сҿздерінің  шығуына  жҽне  Алтын 

қан  тауының  аталуын  тҥсіндіретін  аңыздар,  «Тҧплықа  тол!»,  яғни  «кҿрге 

кір!» жҽне «Тҽңірінің қарғысы соның ҥстіне (жаусын)!» деген екі қарғыс, т.б. 

бар.  

Қазақ  тҧрмысында  жыл  қайыру  –  мҥшелге  арналған  «Хайуанаттардың 



жыл  басына  таласуы»  атты  мифтік  ертегіден  бҿлек  сюжет  келтірілген.  Ол: 

«Тҥрік қағандарының бірі ҿзінен бірнеше жыл ілгеріде ҿткен ҧрысты талдап 

ҥйренбекші  болған,  сҿйтіп,  сол  ҧрыс  болған  жылды  анықтаған  кезде 

жаңылысқан. Сол мҽселе хақында қаған халқымен кеңесіп, қҧрылтайда: «Біз 

бҧл тарихты анықтағанда қалай қателессек, біздің келешек ҧрпақтарымыз да 

солай  қателеседі.  Сондықтан  біз  енді  он  екі  ай  мен  аспандағы  он  екі 

бҧржыны  негізге  алып,  ҽрбір  жылға  бір  ат  қояйық»,-  деп,  барлық  жабайы 

хайуанды  Іле  ҿзеніне  қарай  қууды  бҧйырады.  Он  екі  хайуанның  тҥрі  судан 

шығу ретіне қарай жыл атын алып, мҥшелді қҧрайды

1



«Хайуанаттардың жыл басына таласуы» атты мифтік ертегіге қарағанда 

бҧл  сюжеттің жасалуы  кештеу  болған, ҿйткені,  мҧнда  негізгі  салмақ  мифтік 

ертегідегі  жануарлардың  таласына  тҥспей,  кім  озатынын  бақылайтын  сырт 

кҿз арқылы шешілген ҿзгешелеу сарынға тҥскен. Бҧл басында тҥрік қағанына 

арналған  аңыздан  туып,  оны  дамытуда    жыл  қайыру  ретін  пайдаланып,  

ҿңдеген. 

 Мҧнда,  сондай-ақ,  барақ  иттің  шығуына  арналған  миф  те  бар.  Онда: 

«Тҥріктердің  аңыз,  нанымдарында  бҥркіт  қартайғанда  екі  жҧмыртқа  тауып, 

соларды басады, сол жҧмыртқаның бірінен барақ шығады екен. Иттердің ең 

ҧшқыр,  алғыры,  аңшы  итінің  ең  мықтысы  осы  барақ  иттер  болады  екен. 

Екінші  тҧқымнан  бҥркіттің  балапаны  шығады  екен,  бҧл  оның  ақырғы 

балапаны болады-мыс»

2

,- дейді. 



Бҧл  мифтік  кейіпкер  қҧс  -  қҧмайдан  жҥйрік  ит  туатыны  туралы  миф 

тҥркі халқына ортақ, ал оның отаны  - Орталық Азия

3



М.Қашқаридың қолында таңғҧт, ибақҧл, мыңлақ елдеріне қарсы кҥреске 



арналған  жыр  мҽтіндері  болған.  Сҿздік  жасаудың  ретіне  қарай 

пайдаланылғанымен, олардан барлаушы атынан: 

 

Бҿктерлерге шығып жҥрдім, 



Жақын барып, қара кҿрдім. 

Оны біліп, жақын бардым. 

Тҧтас тҧрды жаудың шаңы,-  

                                                

1

 Қашқари М. Тҥрік сҿздігі. Алматы, 1997. 1-т.  403-б. 



2

 Сонда. 435-б. 

3

 Абрамзон С. Киргизы и их этногенетические и историко-культурные связи. Л., 1971. С. 271-279. 




 

300 


 

деген сҿз, ханды ибақҧлға қарсы соғысуға шақыру немесе: 

 

Бір-бірін ерлер жоқ қылар, 



Кҥш қосып, бірге он қҧлар. 

Бірін-бірі мақтасар, 

Елең етпей, оқ атар,-  

дегендей  соғысты  бейнелеп,  тҧтқынға  тҥскен  адамды  айту,  Афрасиабтың, 

басқа  да белгісіз  батырлардың  ҿліміне  кҥйініш,  жоқтаудың  берілуі  –  мҧның 

бҽрі  М.Қашқарида  осындай  тҧтас  жырлардың  нобайы  болғандығына 

меңзейді. 

Сондай-ақ,  «Диуани  лҧғат-ит-тҥркте»  қыс  пен  жаздың  айтысы  да  бар. 

Онда қыс: 

Ер, ат менен ҽл жияр, 

Ауру-сырқау азаяр, 

Тҽн-жаны да қатаяр,-  

 

десе, екінші жолы: 



 

– Сенде тҧрар шаяндар, 

Шыбын-шіркей, жыландар. 

Мыңдаған ине-тебендер, 

Қҧйрық тігіп жҥгірісер,- 

дейді.  


Ал, жаз оған: 

 

– Сенен қашар сҧндылаш, 



Менде тыншыр қарлығаш. 

Бҧлбҧл сайрар татымда, 

Еркек ҽйел ҧшырасар, –  

 

деп, қарсы жауап қайтарады. 



Жыл  мезгілдерін  айтыстыруда  классикалық  ҧғымдағы  ақындар 

айтысындағы  басты  қағида  –  бір-бірін  қалайда  жеңу  мақсаты  кҿзделмеген, 

сыртқы  тҥр  жағынан  ҧқсастықтың  мҽнісі  –табиғаттың  ҽр  кезеңінің  иесі  бар 

деп, оны антропоморфты кҥйде танудан шыққан. 

Ал,  бҧл  еңбекте  кіріспедегі  екеуін  қоса  есептегенде  мақал-мҽтелдің 

жалпы саны – 360. Оның жиырма бесі 2 рет, екеуі 3 рет қайталанған. Сондай-

ақ, «кең тон тозбас, кеңескен білік азбас», «Кеңескен білік озар, кеңессіз білік 

тозар»  деген  мақалдың  нҧсқалары  да  талдау  қажеттілігіне  қарай 

қолданылған. 

Ахмет  Иассауидің  «Диуани  хикметі»  мҧсылмандық  діннің  негізгі 

қағидаларын  уағыздауға  арналған  кҿркем  шығарма.  Ақын  мҧсылмандық 

мифологияны,  соның  ішінде,  сопылықты  ҿзінің  діни  ҿмірлік  ҧстанымы 

ретінде  алға  тартқан.  Сол  ҥшін  «Жаннат  кіріп,  хорлар  қҧштым»,  «Жҧмақ 



 

301 


ішінде  жібектен  тон  киер,  достар»,  «Асылым-топырақ,  нҽсілім-топырақ, 

баршадан  хар»,  «Имансыздарға  дозақ  есігін  ашар,  достар»,  «Жеті  тозақ 

мҧрсат  бермес  қас-қағымға»,  «Мҽңкҥр-Нҥңкҥр  «Раббың  кім?»  -  деп  сҧраққа 

алғай», «Сират кҿпірі тҧрар, кісі малын жеме», т.т. деген насихат айтады. Ал, 

қырқыншы  хикметте  Баба  Мҽшін  (Арыстан)  Хакім  Қожа  Сҥлейменге  ҽмір 

етіп, бес жҥз қамшы ҧрдырғаны туралы айтылады. Сонда бҽріне мыңқ етпей:  

 

Соңғы қамшы тигенде естен танды... 



Ата айтты: арқасында бар оның дию-пері 

Қорғаған соң бес жҥз қамшы соған тиді. 

Дию-пері арқасынан кеткен сҽтте, 

Бір қамшы оған тиді, білгін, достар, – 

 

деген  сюжет  берілген,  бҧл  –  жанр  тҧрғысынан  хикаят.  Ал,  елу  бірінші 



хикметте Мҧхаммед пен Хадишаның некелесуі туралы аңыз қолданылған.  

Елуінші  хикметте  жҧмақ  пен  дозақтың  айтысы  берілген.  Біздің 

ойымызша,  бҧл  айтыс  фольклорлық  мҽтін  емес,  ақынның  ҿз  туындысы 

сияқты, ҿйткені, мҧсылмандық мифологияда мҧндай айтыс тҥрі жоқ. 

Сопылық  дҥниетанымға  тҽн  ҧстанымды  Қожа  Ахмет  Иассауи  тҥркілік 

дҥниетаным  негізінде  жаңғыртқан.  Оның  шҽкірті  Сҥлеймен  Бақырғани  да 

білім, дидактикалық, ғашықтық ҿлеңдер жазған. Ахмед Йҥгінекидің «Ақиқат 

сыйы» кітабы да мҧсылмандық мифология негізінде дидактикалық мақсатта 

жазылған,  ол  «білімді  адамның  [ҿзі]  ҿлгенмен  аты  ҿлмейді»

1

,  «тіл  жараласа 



жазылмайды,  оқ  жарасы  жазылады»

2

,  «сырың  ҿзіңде  сақталып  тҧрмаса, 



досыңда  сақтала  ма?»

3

,  «мың  кісі  досың  болса  –  кҿп  кҿрме,  бір  дҧшпаның 



болса – аз деме»

4

 деген мақалдар қолданылған. 



Қорыта  айтқанда,  Х-ХІІ  ғасырлар  -  Орта  Азия  мен  Қазақстан  жерін 

мекендеген  тҥркі  халықтары  ҥшін  ҽдебиеттің  дамыған  елеулі  кезеңі.  Бҧл 

кезде  араб  ҥстемдігі  жойылып,  жергілікті  Қарахан  мемлекетінің  дҽуірі 

басталған.  Ҽрине,  мҧсылман  дінінің  енуі  де  ҽдебиетке  ҿз  ҽсерін  тигізді, 

мҧсылмандық  мифология  халық  санасына  да  ҽсер  етті.  Бҧл  кезеңде 

дидактикалық, имандылық, кемел адам тақырыбы алға шықты. Фольклорлық 

жанрлар ҽдебиетке осы мақсатта қызмет етті.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет