§ 3. Батырлық жыр
Жалпы сипаты. Қазақ фольклорының қҧрамындағы ең кҿрнекті ҽрі сҿз
ҿнері деңгейіне толық жеткен жанр – батырлық жыр. Ол ҿте кҿп қырлы, кҿп
қабатты, кҿп сатылы. Оның сюжеттерінде талай ғасырдың ізі жатыр,
алғашқы қауымның неше тҥрлі нанымы, салты, ғҧрпы мен тҥсінік-
пайымы кӛркем бейне, бейнелеуші қҧрал, әдемі қиял тҥрінде кӛрініс
тапқан.
Ең алдымен қаһармандық эпос елдің сан ғасырларда бастан кешкен
тарихын, салт-санасын ҿзгеше кҿркем жинақтайды, тҥрлі оқиғаларға ҿзіндік
кҿзқарасын, бағасын белгілейді, алдан кҥткен ҥмітін, аңсарын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |