1-топ Ә. Бөкейханов: «Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын»


Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіннің зардаптары



бет4/4
Дата06.02.2023
өлшемі31,73 Kb.
#65344
1   2   3   4
Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіннің зардаптары:
Қазақстан 20-жылдардың екінші жартысы мен 30-жылдары бұрын-соңды болмаған әлеуметтік сынақ жасаудың алып полигонына айналды. Мұнда бірінші рет феодализмнен капиталистік қоғамға соқпастан социализмге өту идеясын жүзеге асыру әрекеті жасалды.
30-жылдардағы Қазақстан жөніндегі саясат осындай сынақ мақсатында жүргізілді. Бүгінгі күннің көзқарасы бойынша ол мынадай перспективаларды көздеді:
саяси салада: қазақ халқының тілі мен тарихын жою, саяси тәуелсіздігі, шынайы егемендігінен айыру, Қазақстанда «Кіші Қазан» жоспарын жүзеге асыру;
әлеуметтік-экономикалық салада: Қазақстанды елдің шикізат базасы ретінде дамыту, қазақ халқын отырықшылыққа көшіру мен ауыл шаруашылығын ұжымдастыру;
ұлтаралық қатынастар саласында: ассимиляция саясатын жүзеге асыру есебінен республиканың ұлттық әлеуетін (күш-қуатын) «жақсарту»
Жалған халық жауларымен күрес концлагерьлердің құрылуына жағдай жасады (Қарлаг, Степлаг, АЛЖИР). Көптеген аудандар тікен сымдармен қоршалып, ол сақадай сай қаруланған әскермен күзетілді. Кейінірек атылған адамдарды жаппай жерлеген жерлер анықтала бастады. Сондай орындардың бірі Алматы түбіндегі Жаңалық ауылының жанынан кездейсоқ табылды. Мұнда 1937—1938 жылдары атылған белгілі жазушылар мен ақындар — М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, I. Жансүгіров, Б. Майлин, көрнекті ғалымдар — А.Байтұрсынов, С.Асфендияров т.б. мемлекет, қоғам қайраткерлері, шаруашылық басшылары мен өндіріс озаттары сынды тоталитарлық тәртіптің мыңдаған құрбандары құпия жағдайда жерленді.
50-жылдардың ортасында лагерьлерде қамалған жазықсыз адамдарға қатысты үкімдерді қайта қарау мен оларды жою жөніндегі процесс басталды. Қаза тапқандар мен атылғандар ақталып, түрмедегі еріксіздер бостандыққа шығарылды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын жаппай ақтау — 1920—1950 жылдар аралығында кеңес мемлекеті жүргізген қуғындау, жазалау саясаты асқан қаталдық, шектен шыққан зұлымдық тәсілмен жүргізілгендігін дәлелдеді. Кеңес өкіметінің Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының жалпы саны, ғалымдардың есептері бойынша, 3,5 млн адамды құрады. Алайда бұл сан да нақты емес, өйткені 20-40-жылдары тұтқындалған мыңдаған адамдардың тағдыры әлі күнге шейін белгісіз болып отыр.
31 мамыр тар жолда тайғақ кешіп, ұлтының қамы үшін азар да безер болып, мұз жайнап, от кешкен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бұл жайында елбасымыз 1997 жылы өзінің Жарлығында жария еткен болатын. Қатал да қасіретке толы бұл мейрам өткенді еске түсіріп, көзге жас шиырлатады. Ұлы терорлық әрекет қазақ баласын аямай орға жығып, тірілей құздан итерді. Елім деп емешегі үзілген қазақ интеллегенциясының бетке ұстарлары: А.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, О. Жандосов, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, М. Тынышбаев, М. Жұмабаев. С. Асфендияров… суық қарудың көзіне ілінді.
Қазақ даласының етегіне сор боп жабысқан ашашырлық, нәубет жылдары халқымызы кенедей қырып кетті. Жалпы ақпаратқа сүйенер болсақ ашаршылық қазақ даласында 1929 жылы бірінші рет болып, кейін 1932 жылы қайталанған. Бірінші ашаршылықта бірнеше миллион халық қырылған болса, екіншісінде одан да көп халық аштықтан көз жұмған еді. Ал індеттен аман алғандары тау кезіп, шекара асып босып, тозып кетті. Үкіметтің лаң қып салған қатал заңының озбырлығы сол 1933 жылға дейін қазақ даласында болған 40 миллион малдың, 1933 жылдан кейін 15 миллионы ғана қалды.Ал 1929 жылғы аштықтың салдарынан 123 300 000 дихан шаруашылығының саны 1936-1937 жылдары 56 500 болып қалған. Бұл жайында со кездегі газеттер жаға ашып ештеңе айта алмады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет