1. Топырақтану ғылым ретінде, табиғаттағы және қоғамдағы топырақтың рөлі, ауа-райының және топырақтың пайда болу процестерін түсіндіру. Топырақтанудағы зерттеу әдістеріне шолу жасау


Тұзданған топырақтарды мелиорациялау және агроландшафттарды экологиялық қорғау



бет10/13
Дата26.12.2023
өлшемі46,76 Kb.
#143405
түріҚұрамы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
топырақтану сессия

10. Тұзданған топырақтарды мелиорациялау және агроландшафттарды экологиялық қорғау. Бүткіл өсімдіктерге улы әсер ететін тұздардың топырақ ерітіндісінде жиналуын топырақтың сортаң түрі пайда болады. Топырақтың мөлшерінде көп кездесетін аниондар негізінде, яғни олар сода, сульфат және хлорид сынды химиялық элементтерді атап өтсек болады. Осы аниондардың әсерінен тұздылықтың әртүрлілігін байқай аламыз.
Жалпы тұздану процесі қалай жүреді?
Оны бірнеше кезеңдерге бөліп қарастыра аламыз. Бірінші бұл, өсімдіктерді бақылаусыз қалдыру және дренаждың нашарлауы жағдайында маңызды рөльді қамтиды. Екінші, суармалы топырақтарда тұздардың жиналуы процессі жүреді. Келесі бұл, топырақтың қайта сортаңдалуы, яғни минералдану деңгейінің үлкен бірақ таяз жерлерде байқалуы. Соңғысы, судың капиллярлауы құбылысының жүруі нәтижесінде, су буланып оның ішіндегі тұздардың бетіне шығу процессі.
Осы пунктерде қарастырған процесстердің байқалуы біртіндеп қосарланатын жағдай туындаса сол жер учаскесі құнарсыз жәй тақыр жерге айналады. Бұл мәселелерді шешуге мына пунктегі процесстерді орындай аламыз:
1. Дұрыс дренаж жүйесін құру.
2. Суарудың стандартты түрін жүргізу.
3. Топырақты қайта сортаңдалуын алдын алу.
Сортаңдар немесе солонцы дегеніміз – топырақтың иллювиальды В қабатындағы сіңіргіш кешенінде натрий, ал кейде магний катиондарының мол мөлшерде болатын топырақтар. Бұлардың сорлардан айырмашылығы - ерігіш тұздардың мол мөлшері топырақтың тереңдеу қабатында шоғырланған тектік қабаттары анық байқалады.
Сор топырақ дегеніміз - орманды дала, дала, шөлейт және шөлді зоналарда құрғақ климат жағдайында топырақтың тұздануы нәтижесінде қалыптасады. Құрамындағы суға тез еритін тұздар көлемі 1%-дан артық болады. Бұл топырақтарды адам көмегімен, яғни антропогендік жол арқылы жақсартпайынша, оларды ауыл шаруашылына пайдалану тиімсіз. Орталық Африкада, Австралияда, Солтүстік Америкада, Каспий жағалауларындағы ойпаттарда, Солтүстік Қырымда, Орталық Азияда және елімізде таралған топырақ түріне жатады. Сор топырақтарға қопсытқаннан кейін дәнді дақылдар мен көкөніс, мақта, қой және түйе жайылымына арналған шөп өсіреді.
Шақат топырақтар еліміздің орманды дала , дала аймағында көк теректі-қайыңды, талды шоқ тоғайлар өсетін ойпаттау жерлерде кездеседі. Бұл топырақтың тұзды түрі опырақтар гидроморфты немесе жартылай гидроморфты топырақтар қатарына жатады. Оның тік кескінінің генетикалық қабаттарға жіктелу жұмысы байқалады.
Тақыр топырақтар (құнарсыз) – шөл мен шөлейтті аймақтардағы сазды тау жыныстарынан тұратын, беті тегіс, қатты алқаптар. Әдетте ауданы бірнеше метрден 10-12 км-ге дейін болады. Бұндай жерлерде көбіне өсімдік, тірі биогенді мүшелер өспейді және өмір сүрмейді. Көктемде қар еріген кезде тақырға қақ тұрады. Су буланып кеткеннен кейін түбі қатады да, түрлі жарықшақтарға бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет