1-ТОҚСАН БЖБ №2: «Желілер және қауіпсіздік» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Оқу мақсаты 7.1.3.1 Компьютерлік желілерді топтастыру
7.4.2.1 Компьютерді зиянды бағдарламалардан қорғау
Бағалау критерийі: Білім алушы-
· Компьютерлік желілер түрлерін анықтайды.
· Сипатына қарай ауқымды және жергілікті желілерді анықтайды
· Компьютерлік желілерді сыммен және сымсыз желілерге бөледі.
· Компьютерді зиянды бағдарламалардан қорғау үшін антивирустік бағдарламаларды қолданады
· Брандмауэрдің қызметін түсіндіреді
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты: 20 минут
Жалпы балл саны: 1 2 балл
1. Информатика кабинетінде екі компьютер, ноутбук және бір принтер бар. Олар бір бірімен байланысқан. Компьютерлік желіні атаңыз. (1 балл)*
а.Дүниежүзілік желі; в. Корпоративтік немесе аймақтық желі; с.Жергілікті желі; д.WiFi;
2. Сәйкестендір: (3 балл)*
Жергілікті желі;
Бір қала немесе аймақ көлемінде компьютерлердің бір жүйеге бірігуінен пайда болатын желі.
Шина Жұлдыз Сақина Иерархиялық Жұлдыз
4. Қарапайым программаларға кіріп, жасырынып жатады. Тек белгілі бір шарттар (көрсетілген күн, ай мерзімінде немесе уақытта, программа орындалуының белгілі кезеңінде) орындалғанда ғана әсер ете бастайды. Бұл вирусты қалай атайды? (1 балл)*
Құрттар; Логикалық бомбалар; Троян аттары; Вирус-қақпан;
5. Доктор программалар немесе «фагтар» - (1 балл)
бұрыннан белгілі вирус түрлерінен қорғай алады, алайда жаңа вирустарға қарсы дәрменсіз.
компьютердің жедел жадында тұрақты (резидентті) орналасады. Вирустардың зиянды әрекетін тоқтатып, компьютер пайдаланушысына дер кезінде хабарлап отырады.
вирус жұққан программалар мен дискілерді «вирустарын» өшіру арқылы емдеп, оларды бастапқы қалпына келтіреді.
6. Ревизор программалар - (1 балл)

алдымен программалар мен дискінің жүйелік аймағы туралы мәліметтерді есіне сақтап, содан соң оны кейінгісімен салыстырады. Сәйкессіздікті анықтаса, сол мезетте пайдаланушыға хабарлайды.
7. Детектор программалар - (1 балл)