5-СЫНЫП (БЖБ№2) 1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР «Мектеп өмірі. Әдепті бала – арлы бала» бөлімі бойынша жиынтық бағалау IІ нұсқа Сыныбы: 5 « »
Білім алушының аты-жөні: __________________________________
Орындау уақыты
15-20 минут
ТЫҢДАЛЫМ. ОҚЫЛЫМ. 1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, кестедегі ақпараттардың дұрыс немесе бұрыс екенін анықтаңыз.
Бүгін Әлібек мектепке ерте келді. Ол екінші қабаттағы қазақ тілі мен әдебиеті кабинетіне барды.
Кабинет үлкен әрі жарық. Терезеге әдемі перде ілінген. Терезеден орталық көше көрініп тұрады. Кабинетте интерактивті тақта, компьютер, шкаф бар. Сөрелерде әдеби кітаптар, сөздіктер, үлгілі дәптерлер, грамматикалық кестелер жатыр. Бұрышта қазақ халқының салт-дәстүріне байланысты көрме жасалған. Көрмеде киіз үйдің макеті, ыдыс-аяқ, сандықша бар. Олар өте әдемі.
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз. Әлібек мектепке қашан ерте келді?
А) бүгін
Ә) кеше
Б) ертең (1)
2. Ол қандай кабинетке барды? А) қазақ тілі мен әдебиеті
Ә) математика
Б) информатика (1)
3. Кабинет қандай? А) үлкен
Ә) кішкентай
Б) қараңғы (1)
ЖАЗЫЛЫМ. 2-тапсырма . Берілген сөздердің антонимін мәтіннен тап. кеш –
кішкентай –
қараңғы –
шеткі көше -
ЖАЗЫЛЫМ. 3-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін тиісті орынға қойып жаз: 1. Бүгін Әлібек .................................................................ерте келді.
2. Ол екінші қабаттағы .......................................................кабинетіне барды.
3. ................................ үлкен әрі жарық.
4. Терезеге ................................................................... ілінген.