1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР «Атадан қалған асыл сөз» бөлімі бойынша жиынтық бағалау БЖБ№1 Қазақ әдебиеті 9-сынып Оқылатын шығарма: Ж. Баласағұн «Құтты білік»; Шешендік өнер: Майқы би мен Мөңке бидің шешендік сөздері, Әнет баба «Не арсыз? Не ғайып? Не даусыз?»; Төле би «Ердің бақыты –әйел», Әйтеке би «Қасқакөл дауы», Қазыбек би «Кім жақын? Не қымбат? Не қиын?»
Оқу мақсаты: 9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау
9.2.4.1 автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу
Бағалау критерийі :Шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды
Автор стиліне сүйеніп, шығармашылық жұмыс жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі:Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты: 15-20 минут
Тапсырма 1. Шығарманың сюжеттік желісі бойынша кестені толтырыңыз.
Ж.Баласағұнның адам бойындағы жағымды-жағымсыз қасиеттері туралы ойын жазыңыз.
Адал достық пен амал достықтың сипаты қандай?
Ақыл-білім туралы не айтылды?
Тіл туралы не деді?
Тапсырма 2. Дастан мазмұны бойынша шығарма идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтап, оларға мінездеме беріңдер.