Электр машинасы – механикалық энергияны электр энергиясына және керісінше немесе параметрлері белгілі электр энергиясын басқа параметрлі электр энергиясына түрлендіретін машина. Электр машиналары электротехникада және электроэнергетикада қолданылатын электр машиналар түрлерін конструкциясын жалғау схемаларын және қолданыстағы физика заңдарын қарастырады.
Электрлік машина жасау XIX ғ. ортасында дами бастады. Электр машинасының әрекеті электрмагниттік құбылысын пайдалануға негізделген.
Механикалық энергияны электр энергиясына түрлендіретін электр машинасы генератор деп аталады. Барлық электрлік энергия электрстансияларында орнатылған айнымалы токтағы (синхронды) генераторлармен өндіріледі. Электр энергиясын механикалық энергияға түрлендіру қозғалтқыштармен іске асырылады. Кез келген электрлік машинаны генератор негізінде және электрлік қозғалтқыш негізінде пайдалануға болады.
Синхронды машина - бұл айнымалы токтың машинасы. Синхронды машиналарда ротордың айналу жылдамдығы стартордың айналмалы өрісінің айналу жылдамдығына тең. Осы себептен мұндай машиналар синхронды деп аталады.
1876 ж. орыс ғалымы П. Н. Яблочков электромагнитті қозуы және онымен жасалған доғалық электрлік шамдарды (Яблочков шамдары) қоректеуге арналған электрлік түрде байланыспаған фазалары бар көп фазалы синхронды генераторлардың бірнеше үлгілерін жасаған болатын. Алғашқы үшфазалы синхронды генераторды белгілі орыс электротехнигі М. О. Доливо-Добровольский ойлап тапқан. Аталмыш генератордың қуаттылығы 230 кВ • А, айналымға гидротурбинадан орындалады және үшфазалы токтың төрт жетекті электрлік сызығы ойынша Франкфуртте 1891 жылы өткен халықаралық электротехникалық көрмені электрмен қамтамасыз еткен.
Синхронды машиналарды негізінен ауыспалы токтың электр энергиясының көзі ретінде қолданады. Оларды қуатты жылулық, гидравликалық және атомдық электрстанцияларында, сонымен бірге жылжымалы электрстанциялар мен транспорттық қондырғыларда орнатылады (тепловоздар, автокөліктер, ұшақтар).
Синхронды қозғалтқыштардың қуаты үлкен (50 кВт-тан бірнеше ондаған мың киловатка дейін) болады. Оларды металлургия заводтарында, шахталарда және басқа да қуатты насостарды, компрессорларды, үздіксіз реттелмейтін прокат стандарында да және т.б. қозғалысқа келтірілген жұмыс жасау үшін қолданады. Олардың энергетикалық көрсеткіштеpi өте жоғары (қуат коэффициенті, п.э.к-i) сондықтан бұлар ic жүзінде қолданылу облыстарында басқа электрлік машиналармен салыстырғанда бәсекеден тыс тұрады.
Синхронды машиналарға тән бір ерекшелік қоздыру тогын өзгерту арқылы олардың желіге беретін реактивті қуатын реттеуге болатындығы. Бұл жағдай синхронды қозғалтқыштарды асинхронды қозғалтқыштардың жұмысы үшін керекті реактивті қуаттың көзі ретінде пайдалануға болатындығын көрсетеді. Осы мақсатта қолданылатын синхронды қозғалтқыштарды синхронды қарымталаушылар деп атайды.