Сыйымдылық фармацевтикалық аппараты(емкостное фармацевтическое оборудование) – қоршаған ортаның әсеріне ұшырамайтын, төзімді материалдардан айна жылтырына дейін жылтыратылған әр түрлі мақсаттардағы аппараттар шығарады.
Фармацевтикалық араластыру аппараттары – фармацевтикалық препараттардың көпшілігін өндіру үшін,сусымалы заттарды әртүрлі пішінмен, өлшеммен, массамен және бөлшектердің құрылымымен араластыруға арналған аппараттар.
27.Магниттік тізбек және магниттік материалдар. Магниттік тізбектердің түрлері. Магниттік өрістің сипаттамалары. Магнит өрісі туралы ұғымға ғылымда магниттелген денелердің немесе тогы бар сымдардың бір біріне тартылуы немесе бір бірінен тебілуі, тогы бар сымдарының магнит тіліне әсері, электромагниттік индукция құбылыстарына байланысты магнит өрістерін ұзақ бойы бақылап және уақыт зерттеулерінің нәтижесінде келді.
Магниттік құбылыстарды зерттеу және оларды іс жүзінде пайдалану мәселесімен көптеген орыс және шет елдік ғалымдар айналысты.Олардың қатарында орыс академігі Э.Х.Ленц (1804-1865), Б.С.Якоби (1801- 1874), француз физигі және математигі Ампер (1775- 1836) және т.б. болды.
Магнит өрісінің көзі – қозғалыстағы электрлік заряд, яғни электр тогы. Магнит өрісі – қозғалыстағы электр зарядтары мен магниттік моменті бар денелерге (олардың қозғалыстағы күйіне тәуелсіз) әсер ететін күштік өріс. Магнит өрісі магниттік индукция векторымен (В) сипатталады. В-ның мәні магниттік моменті бар қозғалыстағы электр зарядына және денелерге өрістің берілген нүктесінде әсер етуші күшті анықтайды. “Магнит өрісі” терминін 1845 ж. ағылшын физигі Майкл Фарадей енгізген. Макроскопиялық магнит өрісінің көздері – магниттелген денелер, тогы бар өткізгіштер және қозғалыстағы зарядталған денелер. Қозғалмайтын электр зарядтары электр өрiсiн туғызады, қозғалатын зарядтар басқа өрiс – магнит өрiсiн туғызады.
Ток өтетiн өткiзгiштер арасындағы пайда болатын әсер магниттiк әсер деп аталады. Бұл жағдайда өткiзгiштердiң бiр-бiрiне әсер ететiн күштерiн магниттiк күштер деп атайды.
Электромагниттiк өрiстiң байқалуының бiр түрiн магнит өрiсi деп атайды Оның ерекшелiгi болып, ол өрiс тек қана электр заряды бар қозғалыстағы бөлшектер мен денелерге, сонымен қатар қозғалатын не қозғалмайтындығына байланыссыз магниттелген денелерге әсер ететiндiгi табылады.