1. Тұрақты ток. Тұрақты электр тоғы. Электр тізбегі. Электр энергиясының көздері. Электр тізбегінің элементтері. Электр тізбегінің физикалық шамалары


Электрлік машиналар. Тұрақты ток генераторы. Тұрақты ток машинасының электр қозғаушы көзі. Тұрақты ток генераторын қоздыру әдістері. Асинхронды машиналар



бет18/44
Дата04.05.2023
өлшемі1,84 Mb.
#89966
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   44
Байланысты:
элтех сессия полный 1-30

13.Электрлік машиналар. Тұрақты ток генераторы. Тұрақты ток машинасының электр қозғаушы көзі. Тұрақты ток генераторын қоздыру әдістері. Асинхронды машиналар.

Электр машинасының әрекеті электрмагниттік құбылысын пайдалануға негізделген, механикалық энергияны электрге немесе электр энергиясын механикалыққа немесе электр энергиясын басқа түрдегі токтың электр энергиясына, басқа кернеуге, басқа жиілікке түрлендіруге арналған.
Механикалық энергияны электрге түрлендіретін электр машинасы генератор деп аталады. Барлық электрлік энергия электрстансыларда орнатылған айнымалы токтағы (синхронды) генераторлармен өндіріледі. Электр энергиясын механикалық энергияға түрлендіру қозғалтқыштармен іске асырылады. Кез келген электрлік машинаны генератор негізінде және электрлік қозғалтқыш негізінде пайдалануға болады. Электрлік машиналардың түрлендіретін энергияның бағытын өзгерту қасиеті қайтымдылық деп аталады.
Тұрақты токтың генераторлары айнымалы ток генераторлары сияқты жұмыс істейді. Бірақ бір айырмашылығы — тұрақты ток генераторларында коллектор деп аталатын қондырғы бар. Якорьдің ұштарын оңашаланған сақиналарға емес, изоляциялаушы материалмен бөлінген екі жарты сақинаға жалғайды. Олар ортақ бір цилиндрге кигізіліп, якорьмен бір осьтен айналады. Жарты сақиналарға жабысып тұрған щеткалар арқылы ток сыртқы тізбекке шығарылады. Рама әрбір жарты айналым жасаған сайын токтың бағыты қарама-қарсы бағытқа өзгереді. Ал, бірақ жарты сақиналарға дәнекерленген раманың ұштары әрбір жарты айналым сайын бір щеткадан екінші щеткаға ауысып отырады. Сонымен, рамадағы токтың бағыты өзгерген мезетте коллектор оның ұштарын ауыстырып қосып отырады. Осының нәтижесінде щеткалардың бірі үнемі генератордың оң полюсі болса, екіншісі теріс полюсі болып табылады.

Тұрақты ток генераторын қоздыру:


Тұрақты ток генераторларының қасиеттері негізінен қозу орамасының
берілуіне байланысты болады (7.23-сурет). Осыған байланысты генераторлардың төрт түрін ажыратады:
тәуелсіз қозумен - қоздыру орамасын тұрақты токтың сыртқы көзімен қуатталады (7.23, а суретін қара);
параллельді қозу - қозу орамасы жүктемеге параллельді якорь орамасына қосылады (7.23, б суретін қара);
тізбекті қозу - қозу орамасы якорь орамасымен және жүктемемен бірізді байланыстырылады (7.23, в суретін қара);
аралас қоздырумен - екі қоздыру орамы бар: олардың біреуі жүктемеге параллельді қосылған, ал екіншісі онымен қатар қосылған (7.23-сурет)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет