1. Тұрақты ток. Тұрақты электр тоғы. Электр тізбегі. Электр энергиясының көздері. Электр тізбегінің элементтері. Электр тізбегінің физикалық шамалары


Медициналық негізгі түсініктері. Күшейткіштер мен генераторлар. Медициналық аппаратураның сенімділігі



бет33/44
Дата04.05.2023
өлшемі1,84 Mb.
#89966
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   44
Байланысты:
элтех сессия полный 1-30

23. Медициналық негізгі түсініктері. Күшейткіштер мен генераторлар. Медициналық аппаратураның сенімділігі
Күшейткіш
Электр сигналының күшейткіші (электронды күшейткіш) – бұл сыртқы электр энергиясының көзіне байланысты қуат, кернеу, ток электр сигналдарының амплитудасын олардың пішінін өзгертпестен арттыратын құрылғы.
Күшейткіштер орындалу мақсаты бойынша келесідей жіктеледі:

  • Кернеу бойынша

  • Ток бойынша

  • Қуат бойынша

Күшейткіштің сипаттамалары
а) Кіріс кедергісі. – кіріс клеммалары арасындағы кедергі, оны мына формуладан көре аламыз:
(13.3)
b) Күшейту коэффициенті. Күшейткіштің күшейту коэффициенті – күшейткіштің шығысындағы сигналдың кіріс сигналының мәнінің қатынасына тең:
(13.4)
Бірнеше каскадты күшейткіштердің коэффициенті барлық қолданылатын каскадтардың күшейткіштерінің көбейтіндісіне тең:

(13.5)
c) Күшейткіштердің амплитудалық сипаттамалары – бұл шығыс сигналының максималды мәнінің кіріс сигналының максималды мәніне тәуелділігі.
Теңдеу бойынша қарастырылған кернеу күшейткіші үшін амплитудалық сипаттама тәуелді екенін көре аламыз:

(13.6)

Сигнал пішінінің өзгермеуі үшін кіріс сигналының өзгеру шегінде күшейту коэффициенті бірдей болуы керек. Ол үшін біз сызықтық амплитудалық тәуелділігі бар күшейткішті пайдалануымыз керек:


(13.7)

d) Жиілік сипаттамасы. Күшейтілген сигнал синусоидальды емес болған жағдайда оны тиісті жиілікпен сипатталатын жеке гармоникаларға бөле аламыз. Бірақ әр гармоника үшін коэффициент әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан күшейткіштің жиілік сипаттамасын ескеру керек.


Күшейткіштің жиілік сипаттамасы – бұл күшейткіш коэффициентінің сигнал жиілігіне тәуелділігі:

(13.8)

Күшейткіштің өткізу жолағы – бұл күшейткіш коэффициенті тұрақты болатын жиілік аралығы.



Генераторлар – тұрақты кернеу көздерінің энергиясын әртүрлі пішіндегі электромагниттік тербелістердің энергиясына түрлендіретін құрылғы.
Генераторлардың классификациясы:

  • сигнал пішіні бойынша: гармоникалық тербеліс генераторы және арнайы пішіндегі тербеліс генераторы (импульстік тербелістер);

  • сигналдың жиілігі бойынша;

  • қуаты бойынша;

  • жұмыс принципі бойынша (өздігінен қозатын генератор және сыртқы қозуы бар генератор).

Гармоникалық тербеліс генераторлары транзисторларда немесе үшэлектродты шамдарда жұмыс істейді. Олардың жұмыс істеуінің жалпы қағидалары өздігінен тербелмелі жүйелердің жұмыс істеу принциптеріне негізделген.

Медициналық аппаратураның сенімділігі


Сенімділік – бұл өнімнің белгілі бір жұмыс кезінде жұмыс істеуден бас тартпау және белгілі бір уақыт аралығында жұмыс қабілеттілігін сақтау мүмкіндігі.
Тоқтаусыз жұмыс істеу ықтималдығы - бұл кезінде жұмыс істейтін (бүлінбеген) бұйымдарының N(t) санының  жалпы санына қатынасына тең:
. (13.10)
Сәтсіздік қарқындылығы - бұл сәтсіздік санының уақытының көбейтіндісіне жұмыс істейтін элементтердің жалпы санына қатынасы, оны мына теңдеуден көре аламыз:
. (13.11)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет