1. Тұрақты ток. Тұрақты электр тоғы. Электр тізбегі. Электр энергиясының көздері. Электр тізбегінің элементтері. Электр тізбегінің физикалық шамалары



бет36/44
Дата04.05.2023
өлшемі1,84 Mb.
#89966
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   44
Өндіріс орындарын автоматтандыру – өндірісте бұрын соңды адамға жүктелген басқару және бақылап қадағалау сияқты міндеттердің автоматты құрылғылар мен құралдарға берілуі. Автоматтандырудың негізгі мақсаттарына – еңбек өнімділігін арттыру, өнімнің тұрақты сапалылығымен қамтамасыз етілуі жатады. Фармацевтикалық өндіріс орындарында аталған мақсаттармен қоса, дәрілік заттар өзінің тағайындалуына, тіркеу дерек намасының талаптарына және клиникалық зерттеу хаттамасына сәйкес келуі; дәрілік заттардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру; сапасы, тиімділігі, қауіпсіздігіне кепіл беру сияқты мақсаттарды қарастырады. Дәрілік заттардың тиімділігі ресустарды пайдалану өнімділігімен анықталып, сонымен қатар алынған нәтижелер мен өндіріс шығындарының арасындағы қатынас ретінде қарастырылады.
Еңбек өнімділігінің деңгейі – фармацевтикалық өндірістің экономикалық тиімділігінің басты критерийі болып табылады. Осы жерде фармацевтикалық өндірістің бір ерекшелігі – сапаны бақылау барысында шығынның артуы. Фармацевтикалық өндірістің белгілі бір талаптарына сәйкес келуі үшін – үнемі жоспарлы бақылаудан өтіп, персонал, дәрілік заттар және сақтау шарттарын есепке алу қажет. Сапаны бақылау барлық кезеңдерінде және тасымалдаудың әрбір кезеңінде жүзеге асырылады. Басқа өндірістердің сапаны бақылауға арналған шығындарының көрсеткіштерімен салыстырғанда, фармацевтикалық өндірістердің көрсеткіштері едәуір жоғары. Шығын көрсеткіштерін төмендету арзан құрылғылар пайдалану және персонал жалдау арқылы мүмкін, бірақ бұл жол фармацевтикалық өндірісте дәрілік заттардың сапасының төмендеуіне әкеледі. Өндірісте шығындарды азайту мен өндірістің тиімділігін арттырудың басқа жолы-персоналды басқаруды және оларды ұтымды пайдалануды жетілдіру. Осы сегменттегі шығындарды азайту бүкіл өндірістің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жоғары білікті персоналды неғұрлым ұтымды пайдалану бұл ең алдымен автоматтандыру мен өндірістегі әртүрлі кезеңдерді компьютерлендіру. Бұл жоғары білікті қызметкерлердің шығындарын азайтып қана қоймай, еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік беріп, адам факторының ықтималдылығын азайтады, бұл өнімнің сапасына тура әсер етеді.
Фармацевтикалық өндірістерді автоматтандыру мен компьютерлендіру мәселесінің тиімді шешімі – фармацевтикалық өндіріс үшін арнайы әзірленген өндірісте тиімді менеджментті құру, IQ-PHARM программалық жүйесін енгізу. Бұл өндіріс процесін оңтайландыруға және жоғары білікті персоналды барынша пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бағдарлама. Атап айтқанда IQ-PHARM – қазіргі заман талабына сай фармацевтикалық кәсіпорындарды басқарумен қамтамасыз етіліген отандық даму болып табылады. Бағдарламаның тиімділіктерінің бірі - уақыттың үнемді болуы, яғни уақытты қажет ететін процестерді автоматтандыру арқылы өндірісті басқаруды оңтайландырады, уақыттың аз жұмсалуына мүмкіндік береді , өндіріс тиімділігі де сәйкесінше артады. Сонымен қатар фармацевтикалық өндірістің барлық кезеңдерінде бақылау жүргізеді, GMP ережелерін кешенді енгізеді және сақтайды.
IQ-PHARM қызметкердің жұмыс күнін оңтайландыру, жұмыс уақытын азайту, келу және кету уақытын бақылау арқылы қызметкерлерді ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді. Кәсіпорын қызметкерлері лауазымдық міндеттерін тиімдірек орындайды. Кәсіпорынның әрбір қызметкері барлық қажетті ақпаратқа қол жеткізе алатын пайдаланушының жеке кабинетіне ие, бұл қажетті құжаттарды, әдістемелерді, нұсқаулықтарды іздеу және толтыру уақытын едәуір қысқартуға және басшы да, атқарушы буын да жұмысының тиімділігін арттыруға жағдай жасалынған.
IQ-PHARM кешенін енгізу қызметкерлердің орналасқан жеріне қарамастан, олардың тұрақты ақпарат алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Кәсіпорын басшылығының өндірістегі барлық процестерді бақылау мүмкіндігі бар. Қол жеткізу дәрежесіне байланысты кез-келген қызметкер қажетті, үнемі жаңартылып отыратын ақпаратқа жедел қол жеткізе алады. Адам факторының қауіпі азаяды, өйткені фармацевтикалық өндірісте міндетті процестерді бақылау, яғни жарамдылық мерзімін бақылау, климатты бақылау, қоймада заттардың болуын бақылау автоматты түрде жүзеге асырылады. Қашықтықтан бақылау мүмкіндігі пайда болады, бұл қызметкерге конференцияларға, келіссөздерге, оқуларға кәсіпорыннан қол үзбей қатысуға мүмкіндік береді. IQ-PHARM кешені басшылыққа кәсіпорындағы жалпы көріністі оңай бақылауға мүмкіндік береді: есептерді жүйелі түрде алу, графикалық немесе басқа түрде, құжаттарды жылдам іздеу, нәтижелерді статистикалық өңдеу. IQ-PHARM бағдарламасын стационарлық компьютерлерде де, мобильді құрылғыларда да, планшеттерде қолдану қарастырылған. Кәсіпорын аясында бірнеше қызметкердің бір құрылғыны пайдалануы мүмкін, бұл IQ-PHARM кешенін өндіріске енгізу және қызмет көрсету құнын төмендетеді. Аналогтармен салыстырғанда IQ-PHARM кешенінің тартымдылығы бұл бірінші кезекте қосымша лицензиялық аударымдардың болмауы, нақты сіздің өндірісіңіздің қажеттіліктеріне жеңіл бейімделу, бұл өндірістің максималды тиімділігіне қол жеткізуге және GMP талаптарына сәйкес шығарылатын өнімнің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Фармацевтикалық компаниялар генериктермен немесе түпнұсқа (брендті) препараттармен жұмыс істей алады. Олар дәрі-дәрмектерді патенттеуге, клиникалық және клиникаға дейінгі зерттеулерге және дайын өнімді сатуға арналған. Сондай ақ маркетинг ерекшеліктеріне қатысты әртүрлі заңдар мен нұсқауларға бағынады.
Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығы айтарлықтай жас, демек еліміздің дәрі өндіретін фармацевтикалық өндіріс орындарыда жас.
Отандық фармацевтикалық компанияларға келесілерді жатқызамыз:

  1. АО «Химфарм»

  2. «СП Глобал Фарм»

  3. АО «Нобел АФФ»

  4. «Ромат» фармацевтикалық компаниясы

  5. «Досфарм» және т.б.

Қазақстандық нарықта ұсынылған он ірі шетелдік фармацевтикалық компаниялардың қатарына келесілерді жатқызамыз:

  1. Sanofi-aventis

  2. Акрихин

  3. GlaxoSmithKline .

  4. Nycomed/takeda

  5. Bayer healthcare

  6. Roche

  7. Teva

  8. Pfizer

  9. Johnson & Johnson

  10. Menarini

Осындай аталмыш фармацевтикалық өндіріс орындары жақсы жұмыс жасауы үшін оларды жақсы дәрежедегі аппараттармен автоматтандыру жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет