1. Тұрақты ток. Тұрақты электр тоғы. Электр тізбегі. Электр энергиясының көздері. Электр тізбегінің элементтері. Электр тізбегінің физикалық шамалары



бет7/44
Дата04.05.2023
өлшемі1,84 Mb.
#89966
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44
Қабылдағыщтарды паралель қосқанда бұл қабылдағыштардағы кернеу бірдей болады.
Конденсаторды тізбектей қосқанда – әрбәр жеке конденсатор басқа жеке конденсатор басқа жеке конденсаторға тек бір нүктеде қосылатын тізбек түріндегі екі немесе одан көп конденсаторлардың қосылуы.
Конденсаторды параллель қосқанда – конденсатор бір-бірімен екі контакті арқылы жалғанатын қосылымды айтады. Нәтижесінде бір нүктеге бірнеше нүктені қосуға болады.
Қабылдағыштарды аралас жалғау – тізбекте немесе электр тізбегінде тізбекті және параллель жалғаным болған кезде жалғау.

5.Күрделі электр тізбектерін есептеу әдістері.Кирхгофтың 1-ші және 2-ші заңдары.Күрделі тізбектерді есептеуге Кирхгофтың заңдарын қолдану .
Күрделі электр тізбектерін есептеу тәсілдері.Өнеркәсіпте үшфазалы электр жүйелері электр энергиясын аз шығындармен алыс қашықтықтарға беру үшін ең қарапайым және үнемді болып табылады. Үш фазалы ток, (Электротехника) үш фазалы жүйе — жиілігі мен амплитудасы бірдей, ал фаза жағынан периодтың 1/3 бөлігіне ығысқан гармониялық үш ток жүйесі. Үш фазалы ток жүйесін 1888 ж. М.О. Доливо-Добровольский ашқан. Үш фазалы ток энергиясы үш кейде төрт өткізгіш сым арқылы беріледі. Орамның «жұлдыз» схемасы бойынша байланысуы кезінде барлық үш фазаның аяғы (немесе басы) өзара байланысады. Олар ортақ бейтарап немесе нөлдік нүкте түзеді. Ал үш фазаның еркін қысқыштары басымен (немесе аяғымен) ауыспалы ток электр энергиясы көзіннің (немесе қабылдауыштың) өткізгішіне қосылады. «Жұлдыз»«үшбұрыш» арқылы байланысуы үлкен қуатты трансформаторлар үшін, төменгі кернеу жағында бейтарап өткізгіш қажет етілмеген жағдайларда пайдаланылады.
Генератор фазаларын үшбұрыштап жалғау үшін 1-ші фазаның соңын 2-ші фазаның басына 2-ші фазаның соңын 3-ші фазаның басына 3-ші фазаныңс соңын 1-ші фазаның басына жалғанған нүктелерге линялық сымдарды қоссақ онда үшбұрыштап жалғануды аламыз..Жұлдыз тәрізді қосу:Үш тәуелсіз тізбекті генератор орамасының фазасы және қабылдағыштар фазасының ұштары екі түйін құрайтындай етіп біріктіруге болады. Мұндай біріктіру жұлдыз тәрізді қосу деп аталады..Екі түйінді қосатын тоқ өткізгіш сымды нейтраль деп атайды. Ал басқа тоқ өткізгіш сымдар сызықты деп аталады. Генератор фазаларының (немесе жүктемелерінің) қысқаштарындағы кернеу фазалық кернеу деп аталады. Фазалар орамасындағы немесе фазалық жүктемелердегі тоқ – бұл фазалық тоқ. Сызықты тоқ өткізгіш сымдар арасындағы кернеу – сызықтық кернеу. Сызықты тоқ өткізгіш сымдардағы тоқтар сызықты тоқтар деп аталады.Жұлдызша қосылған кезінде төрт немесе үш сымды жүйе болуы мүмкін. Ал үшбұрышша жалғанғанда тек қана үш сымды жүйе болады..Егер генератордың барлық орамдарының соңдарын бір нүктеге, бастарын қабылдағыштарға баратын сымдарға қоссақ, онда жұлдызша қосылған үшфазалы жүйесін алуға болады Орамдардың соңдарын қосатын нүктені нольдік (нейтраль), ал бұл нүктені тұтынушылардың нүктесімен қосатын сымды нольдік сым деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет