1. Тұрақты ток. Тұрақты электр тоғы. Электр тізбегі. Электр энергиясының көздері. Электр тізбегінің элементтері. Электр тізбегінің физикалық шамалары


Түйіндік кернеу әдісімен тізбекті есептеу үшін



бет9/44
Дата04.05.2023
өлшемі1,84 Mb.
#89966
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44
Байланысты:
элтех сессия полный 1-30

Түйіндік кернеу әдісімен тізбекті есептеу үшін
1) тізбектегі тоқ бағытын еркімізше таңдау қажет;
2)  түйіндік кернеуді анықтау керек; алымындағы көбейтінді ЭҚК бағыты түйіндік кернеу бағытымен сәйкес келмесе «+» таңбамен алынады;
3) Түйіндік кернеуді анықтағаннан кейін электр тізбегінің барлық тармақтарындағы тоқтарды  бойынша табуға болады.
Егер тоқ теріс мәнге ие болса, онда нақты бағыты схемада белгіленгенге қарама-қарсы болады.
Контурлы токтар әдісі
Кирхгоф заңдарының көмегімен кез келген электрлік тізбекті есептеуге мүмкіндік бар. Бірақ күрделі тармақталған тізбектер жағдайында өте қолайсыз үлкен теңдеулер жүйесін есептеу қажет. Есептеулерді контурлы тоқтар әдісі жеңілдетеді.
Әдістің мәнісі мынада:
Жалған, шартты (есептейтін) контурлы тоқтар туралы түсінік енгізіледі және ол тек өзінің көршілес контурлық тоқтарымен тұйықталған;
Контурлы тоқтар тармақтағы нақты тоқпен байланысады (аналитикалық түрде);
Контурлы тоқтар үшін Кирхгофтың ІІ – заңы бойынша теңдеулер жүйесі құрылады; нақты тоқтардан контурлы тоқтардың саны едәуір аз, сондай-ақ жүйедегі теңдеулер саны да азаяды;
Теңдеулер жүйесі шешіліп, контурлы тоқтар анықталады;
Аналитикалық тәуелділіктер көмегімен нақты тоқтар анықталады.
Эквивалентті түрлендіру
Қарапайым электр тізбектерін есептеу кезінде эквивалентті тізбекті түрлендіру әдісі қолданылады. Кейбір жағдайларда оны күрделі электр тізбектерін есептеуге қолдануға болады.
Эквивалентті тізбекті түрлендіру әдісінің мәні бір типті екі (немесе бірнеше) элементті бір типті бір эквивалентті элементпен ауыстырған кезде схеманы жеңілдету болып табылады. «Эквивалентті элемент» термині ауыстыру электр тізбегінің қалған бөлігіндегі токтар мен кернеулердің мәндерін өзгертпейтін осындай элементті білдіреді.
Потенциальдық диаграмманы құру
Потенциальды диаграмма – тұйықталған контурды айналған кезде потенциаль өзгерісінің графикалық кескінделуі. Абсцисса өсіне ерекше нүктелер арасындағы кедергі, ал ордината өсі бойымен олардың потенциальдары салынады.
Потенциальды диаграмманы тұрғызу үшін:
а) тізбекті есептеу (барлық тоқтарды есептеп, оның бағыттарын анықтау қажет) керек;
б) кедергіні және ЭҚК-ті бөліп тұратын ерекше нүктелермен тізбекті бөлу қажет;
в) айналма бағытты беру керек;
г) абсцисса өсіне ерекше нүктелер арасындағы кедергіні салу қажет;
д) ордината өсіне ерекше нүктелердің потенциалдарын салу қажет:
айналма бағыты ЭҚК бағытымен сәйкес келсе, потенциал таңбасы «+»,
айналма бағыты ЭҚК бағытымен сәйкес келмесе, потенциал таңбасы « - » болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет