Айнымалы тоқтың параметрлері 1.Лездік мәні – белгілі уақытқа сәйкес келетін тоқтың шамасы
2. Амплитуда – максимал лездік мәні (айнымалы тоқ жететін мәні). Мұнда амплитуда 20 мА
3. Период - айнымалы тоқ өзгерісінің толық тербеліс жасауға кеткен уақыт Т - әрпімен белгіленеді Айнымалы тоқта бір периодта бір тербеліс жасалады, яғни период толық бір тербеліс жасауға кеткен уақыт. Бір тербеліс тоқтың екі қозғалысынан тұрады.
4. Жиілік – айнымалы тоқтың бір секундтағы тербеліс саны Жоғары жиілігі f әрпімен белгіленеді. Дыбыстық жиілігі F әрпімен белгіленеді. Жиіліктің өлшем бірлігі герц болып табылады, шартты белгісі Гц. Егер тоқ секундына бір тербеліс жасаса, онда жиілігі 1Гц-ке тең. Практикада жиіліктің қысқаша өлшем бірліктері қолданылады - килогерц и мегагерц
1 кГц=1*103 Гц; 1мГц= 1*106 Гц
8.Бір фазалы синусоидалы тізбектер.Айнымалы токты есептеудің векторлық диаграмма әдісі.Айнымалы токты есептеудің символдық әдісі.Айнымалы токтың комплексті түрде жазылуы. Айнымалы тоқ, (ағылшынша alternating current – айнымалы тоқ) – бағыты мен шамасы периодты түрде өзгеріп отыратын электр тоғы. Ал техникада айнымалы тоқ деп тоқ күші мен кернеудің период ішіндегі орташа мәні нөлге тең болатын периодты тоқ болады. Айнымалы тоқ байланыс құрылғыларында (радио, теледидар, телефон т.б.) кеңінен қолданылады. Векторлық диаграмма әдісі Векторлық диаграмма әдісі синусоидалы шамалардың алгебралық қосындыларын векторлық анализ ережесіне сәйкес векторлармен геометриялық іс-әрекетпен алмастыруға мүмкіндік береді. Векторлық диаграмма әдісінің мәнісі мынада:
әрбір синусоидалы шамаға осы шаманың векторы сәйкес келеді; синусоидалы шама векторының бағыты алғашқы фазамен анықталады; синусоидалы шама векторының модулі әсерлі мәнге немесе осы шаманың амплитудасына пропорционал; бірдей бұрыштық жиіліктегі синусоидалы шама векторын кәдімгі векторды геометриялы түрде қосуға болады Бұрыштың оң бағыты сағат тілінің жүрісіне қарама-қарсы есептеледі.
Символдық әдіс Синусоидалы тоқ тізбегін есептеу үшін символдық әдіс те қолданылады. Символдық әдіс вектормен жүргізілетін геометриялық іс-әрекетті алгебралыққа ауыстыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ айнымалы тоқ тізбегін есептеуді тұрақты тоқ тізбегін есептейтін әдіспен жүргіземіз. Символдық әдіс былай жүргізіледі: а) әрбір вектор тік бұрыш координат жүйесі өсінде және құраушыларға жіктеледі; б)абсцисса өсін нақты мәндер өсі деп атайды және «+», «–» таңбаларымен белгіленеді. Ордината өсін жорамал мәндер өсі деп атайды. Жорамал өстегі вектор құраушысын ерекше символымен белгілейді. Сондықтан бұл әдіс символдық деп аталады. в) әрбір векторды символына көбейту осы векторды сағат тілінің жүрісіне қарама-қарсы 900 – қа бұрады. - қа көбейту векторды 1800 – қа бұрады, яғни , осыдан . символы - бұл жорамал бірлік; г) вектор комплексті шама сияқты комплексті жазықтықта қарастырылады. Сондықтан бұл әдісті «комплексті шамалар әдісі» деп те атайды.