1. Тұрақты ток. Тұрақты электр тоғы. Электр тізбегі. Электр энергиясының көздері. Электр тізбегінің элементтері. Электр тізбегінің физикалық шамалары



бет40/44
Дата04.05.2023
өлшемі1,84 Mb.
#89966
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
элтех сессия полный 1-30

Магниттік тізбек — магниттік ағын өтетіндей болып жалғанған магнетиктер тізбегі; құрамы ферромагнетик заттардан тұратын құрылғылар жиынтығы. Техникада магниттік ағын тек ферромагнетиктерден ғана өтетін (тұйық Магниттік тізбек) Магниттік тізбек және ферромагнетиктерден басқа диамагнетиктерде (мыс., ауа қабаты) таралған Магниттік тізбектер де бар. Егер Магниттік тізбектегі магнит ағыны тұрақты магнит арқылы қоздырылатын болса, мұндай тізбекті поляризацияланған Магниттік тізбек, тұрақты магнит қатыспайтыны — бейтарап Магниттік тізбек деп аталады. Соңғы тізбектің магнит ағыны тізбек орамдарынан өткен электр тогының әсерінен ғана туады. Қоздырылатын ток сипатына қарай Магниттік тізбек тұрақты, айнымалы және импульстік магнит ағындар тізбектеріне ажыратылады. Магниттік тізбек электр машиналары, трансформатор, тұрақты магнит, электрмагнит, электр өлшеуіш приборлар, т.б. жасау ісінде пайдаланылады.
Магниттік материалдар — магниттік қасиетіне сәйкес техникада қолданылуы әр түрлі болатын заттар (негізінен ферро- және ферримагнетиктер). Магниттік материалдардың негізгі көрсеткіштері: В магниттік қанығу индукциясы (немесе қанығу магниттелуі ), коэрцитивтік күші, m магнит өтімділігі, В_r қалдық магниттік индукциясы, р үлестік электр кедергісі. Коэрцитивтік күшінің шамасына байланысты магниттік материалдарды шартты түрде жұмсақ магниттік және қатты магниттік материалдар деп бөледі. Магниттік материалдар негізіндегі құрылғылар тұрақты магнит өрістерін тудыру үшін (тұрақты магниттер), магниттік энергия ағындарын шоғырландыруда (магнитожолдар), магниттік жазба үшін (магниттік таспалар, дискеттер, дискілер), электрондық және иондық шоқтарды қалыптастыруда (магниттік линзалар) берілген фазалық ығысуды, поляризация жазықтығын бұруды, АЖЖ және оптикалық ауқымдағы электромагниттік толқындарды іріктеуді (феррит фаза айналдырғыштар, циркуляторлар, сүзгілер) қамтамасыз етеді.
Қатты магнитті материалдар (Магнитнотвердые материалы) — коэрцитивтік күшінің жоғарғы мәні бар магниттік материалдар (шартты түрде 4 кА/м-ден асады). Қатты магнитті материалдардың магниттік қаттылығы (жоғары коэрцитивті күйі) магниттік анизатропия тұрақтысының жоғары мәндеріне байланысты болады және магниттік домендердің шекараларының жылжуынан немесе материал ішінде кері полярлы домендердің пайда болуына кедергі жасайтын құрылымның пайда болуынан туындайды. Қатты магнитті материалдарға әр түрлі белгілері бойынша бірнеше топтарға бөлінген материалдар жатады. Электрондық техникада солардың ішінен қатты ферриттер Be, Sr мен Со, Ғе мен Ғе-Собалқытпалары негізіндегі ұнтақтардан престелген Қатты магнитті материалдар, магниттік емес төсенішке (таспа, сым, иілгіш жөне қатаң фикілер) ұсақ ұнтақ байланыстырғышпен жалатылған өтпелі металдардың тотықтарының ұнтақтары, қатты магнитті ферриттер ұнтақтары немесе Со—Ni, Со—W, Со—Ni—Р балқытпаларының жабылғылары пайдаланылады.
Қатты магнитті материалдар телефондарда, дыбысжазғыштарда, микрофондарда және басқа да радиоқұрылғыларда қолданылатын тұрақты магниттер жасауға қолданылады.
Альни, альниси, альнико, магнико -бұл 25% никель, 10-15% алюминий, 3-6% мыс қалғаны темір, кобальт, кремний балқымалары. Олар соңғы он жылда электроакустикалық құрылғылар жасауда басқа қатты магнитті материалдарды ығыстырды.
Барийлі ферриттер тұрақты тоқ қозғаушыларында, генераторларда, акустикалық жүйелерде көп қолданылады.
Жұмсақ магнитті материалдар жоғары магниттік өткізгіштігімен және тар гестерезис топсасымен сипатталады. Олар әртүрлі электрөткізгіштер ретінде қолданылады. Жұмсақ магниттік материалдарға төмендегілер жатады:
Жапырақты электротехникалық болат, кремнийдің құрамында 4% ке дейін болады. Олар салыстырмалы төмен жиіліктерде қолданылады. Жоғары өткізгішті болаттар 0,1 мм қалындықпен шығарылады және импульсты трансформаторлар үшін қолданылады.
Пермаллоилар – құрамында 80 % никель, 0,5 тен 15 % 15 ға дейін молибден, марганец, хром, мыс кремний, қалғаны темір болады. Пермаллоилардың маркалары Н (никель) әрпімен басталып , қасына құрамындағы никельдің үлес мөлшері санмен жазылады. Мысалы, Н45, Н79М5 (79% никель, 5% молибден).
Пермаллоилардың магниттік өткізгіштігі өте жоғары болады (жүз мыңға дейін). Бірақ мұндай сорттар әлсіз өрістерде жұмыс істеуге жарамды (микрафонды трансформаторлар, аз қуатты транзисторлы трансформаторлар).
Құрамында никель саны азырақ (45-60%) пермаллоилардың магниттік өткізігіштігі де азырақ болады (10000 ға дейін), бірақ олар жоғары өрісте жұмыс істей алады. Мұндай сорттар телефон релелерінің өзектері, магнитті экрандар, төмен жиілікті трансформаторлар үшін қолданылады.
Ұнтақ тәрізді магнитті материалдар радиотехникада үлкен қолданысқа ие. Олар жоғары жиілікті катушкалардың өзектерін жасауда қолданылады. Ұнтақ тәрізді магниттік материалдар жиіліктің кең диапазонында қолданылады.
Ферриттер – ұсақталған темір тотықтары мен басқа металлдардың (никель, цинк, марганец, мыс, кадмий ) қосылысынан жасалған керамикалық жұмсақ магнитті материалдар. Олар әртүрлі магниттік қасиеттерге ие және радиоаппаратура саласында кеңінен қолданылады. Құрамына байланысты ферриттердің магниттік өткізгіштігі 10 нан 4000 ға дейін болады. Жоғары электірлік кедергісінің арқасында ферриттерде құйын тәрізді тоқтарға кеткен шығыны аз болады. Сондықтан олар жоғары жиіліктерде жұмыс істейтін магнитөткізгіштер үшін маңызды материалдар болып табылады.

Ферриттер Ш-тәрізді әртүрлі өзектер түрінде төмен жиілікті және импульсты трансформаторлар үшін шығарылады. Сақина тәрізді тороидальды формалы трансформаторлар және катушкалар үшін, цилиндрлі сырықтар дросселдер, түзететiн индуктивтiлiктер және ферритті антенналар үшін, тік төртбұрышты формалы сырықтар ферритті антенналар үшін, ал тостаған тәрізді өзектер жоғары жиілікті катушкалар үшін қолданылады.


Тербелмелі контурларды катушкалардың өзектерері үшін ферриттерді қолдану олардың өлшемдерін бірнеше есе азайтуға мүмкіндік береді.
Жоғары магнит өткізгішті ферриттер (2000-200) тек 70-120 С температурада жұмыс істей алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет