Портфелдік инвестор қаржылық салымдар көмегімен бағалы қағаздардың курстық құнын арттыру нәтижесінде (дивиденд немесе %)табыс табу мақсатымен қор портфелін қалыптастыруды іске асырады.
Бағалы қағаздар рыногында акционерлік кәсіпорындардың инвестициялық жұмысының көлемін анықтаушы факторлар, келесілер: Кәсіпорын (корпорацияның) өмірлік кезеңінің сатысы. Қор рыногының сиымдылығы. Сол рыноктағы қаржылық саясат. Портфелдік немесе тура инвестициялауға инвестициялық ресурстардың жеткіліктілігі. Қазір, қолма-қол табыс әкелмейтін, жоғары табыстылықты болашақта алуға есептелген, барынша инвестициялық шығындарды салуға дайындық.. Потенциалды инвесторлар үшін, бағалы қағаздар рыногындағы тәуекелдік деңгейі.
Портфелдік инвесторлар өз алдына келесі міндеттер мен мақсаттарды қоя алады:
Салымдардың сақталуы, мысалы, жоғарғы инфляция салдарынан. Қауіпсіздік түсінігі – бұл қор рыногында портфелдік инвестицияның кезеңдік ауытқуынан қорғаным және тұрақты табыс алудың тұрақтылығы.
Қарқынды операцияның тәуекелдігін азайту және қаржы тұрақтылығын азайту және қаржы тұрақтылығын арттыру, инвестордың табыстылық базасын әртараптандыру және кеңейту.
Капиталдың жоғарғы қарқынмен өсуін қамтамасыз ету, ұзақ мерзімді болашақта тиімді инвестициялық жұмыстарды қалыптастыра алады.
Табыстылықтың қарқынды өсуіне жету, портфелге жоғары табыстылықты қаржылық активтерді тартуды (қосуды) талап етеді. Ағымдағы табыстың бір бөлігі оңтайлы қор портфелінің құрылымын қолдау үшін капитализациаланады.
Инвестициялық тәуекелді минимизациялауды қамтамасыз ету. Жекелген жоғары табыстылықты қаржы активтерді ең жоғарғы тәуекелдікке ие. Бірақта инвестициялық шеңберде бұл тәуекелдік минималданады. Ең жоғарғы тәуекелдік корпоративтік бағалы қағаздар және олардың жекелеген түрлеріне тән. Мысалы, «Көк фишкаларға» әлбетте Ресейдің мұнайгаз кешені компанияларының акцияларын жатқызады.
Портфельге салуға өтімділікті қалдық бағалы қағаздарды алу,. Бұл мақсатқа жету үшін портфелде белгілі жоғарғы табысты бағалы қағаздар бөлігі болуы керек, 10% кем болмауы керек, оларды керек кезде тез ақша қаражатына айналдыруға болады.
Соныменен, кәсіпорынның қор портфелін қалыптастырудың міндеті инвестицияланған ақша қаражаттарын қаржы активтердің арасында тарату арқылы портфелдің өмір сүру мерзімінде барынша табыстылықты қамтамасыз ету.
Өз-өзін бақылау сұрақтары:
1. Бағалы қағаздар портфелін басқарудағы эмитенттер және инвесторлар өз алдына қойған мақсаттарының мағынасын ашыңыз.
2. Инвестициялық портфелді басқарудан міндеттерін дәлелдеңіз.
3. Қаржылық активтер портфелін оперативті басқару және қалыптастыруда инвесторлар әрекетінің бағдарламасы неден тұрады?
Ұсынылатын әдебиет: 3,15,18.
Достарыңызбен бөлісу: |