1. Түсінік хат «Музыка» пәні бойынша оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген



бет2/2
Дата31.12.2021
өлшемі20,74 Kb.
#22769
түріБағдарламасы
1   2
Түсінік хат

1. «Химия» оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген..

2. Оқытудың мақсаты қоршаған әлем туралы химиялық білім мен жаратылыстануғылыми түсініктердің біртұтас жүйесін қалыптастыру, талдау қабілеті бар, химиялық тұрғыда ойлай алатын, функционалды сауатты және шығармашыл оқушы тұлғасын дамыту, өз денсаулығына, туған өлкеге және қоршаған ортаға экологиялық-гуманистік қарым-қатынасты тәрбиелеу болып табылады.

3. Оқыту міндеттері:

1) әлемнің химиялық жаратылыстану-ғылыми көрінісі туралы білімді меңгерту және олардың функцияларын (танымдық, кіріктірілген, түсіндірмелі, болжау) қолдану;

2) заттардың құрамы, құрылысы, қасиеттері мен қолдану арасындағы себеп-салдарлы байланыстарды анықтау;

3) химиялық терминологияны, химиялық элементтердің таңбаларын, заттардың формулаларын сауатты түрде пайдалану білігін қалыптастыру;

4) заттарды танудың химиялық әдістерін меңгеру;

5) заттардың сандық және сапалық құрамын анықтауда және олардың қасиеттерін зерттеуде реактивтер, қыздыру құрылғыларымен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік техникасының талаптарын сақтай отырып, химиялық тәжірибелер жүргізудің әмбебап дағдылары мен зерттеу біліктіліктерін дамыту;

6) адамзаттың экологиялық, азық-түлік, өндірістік, энергетикалық мәселелерді шешудегі химияның өскелең мәні мен гуманистік бағыттағы рөлін ашу;

7) көпұлтты қоғамға сай кіріктірілген білім, құндылық пен қарым-қатынас жүйесін дамыту;

8) өмірлік және экологиялық мәселелерді шешуде алған білімді пайдаланудың функционалдық қабілеттіліктерін арттыру;

9) мультимедиалық сандық білім беру ресурстарын қолдану, презентация мен жобалау жұмыстарын жасауда коммуникативті-ақпараттық біліктіліктері мен дағдыларын дамыту;

10) негізгі мектепті бітірушінің ары қарай оқу бағытын таңдау дайындығы мен өз білімін жетілдіруге деген құлшынысын дамыту.

4.«Химия» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

8-сыныпта барлығы 68 сағат аптасына 2 сағаттан;

9-сыныпта барлығы 68 сағат аптасына 2 сағаттан.

5. Пәнаралық байланыс келесі оқу пәндерімен жүзеге асырылады:



  1. «Биология» пәнімен:

оттектің, атмосфералық ауаның, судың және сулы ерітінділердің тірі организмдер үшін биологиялық рөлі және оларды ластанудан қорғау;жасушадағы судың биологиялық рөлі;фотосинтез процесінің маңызы;тірі организмдердегі микро- және макроэлементтердің маңызы;жүйелердегі бейорганикалық және органикалық заттардың маңызы;тұрмыста химиялық заттарды қолданудың экологиялық қауіпсіздігі.

2) «География» пәнімен:

адамзат тіршілігіндегі судың рөлі және халық шаруашылығындағы және Қазақстан экожүйелеріндегі су ресурстарын қорғау;Қазақстандағы металлургиялық, химиялық және қайта өңдеу кешендері;Қазақстан территориясындағы пайдалы қазбалардың кен орындары;минералды ресурстарды тиімді пайдалану және табиғатты экологиялық қорғау;энергияның альтернативті көздері;

3)«Алгебра» және «Геометрия» пәндерімен:

физикалық шамалардың сандық мәндерінің пропорционалдық тәуелділігі;заттың мөлшерлік құрамы бойынша есептеулер;химиялық реакция теңдеулері және формулаларды қолданып есептеулер жүргізу;кеңістіктік конфигурация; молекуланың кеңістіктегі пішіні, молекула құрамындағы атомдар арасындағы валенттік бұрыштар;

4)«Физика» пәнімен:

атом, молекула және заттардың құрылысы туралы атом-молекулалық ілім;зат массасының сақталу заңы, Авогадро заңы;ерітінділердің тығыздығы, газдардың салыстырмалы тығыздығы және көлемі;кристалл торларының типтері және құрылысы;атом ядросының құрылысы, изотоптар;жылулық энергия түрі;

5) «Информатика» пәнімен:

электронды оқулықтармен, нұсқаулықтармен, виртуальді лабораториямен, тесттік құрылғылармен, аспаптармен жұмыс жүргізу;компьютерлік бағдарламаларды қолданып, ақпаратты-иллюстративтік слайдтар, презентациялар, тесттер, жобалар жасау;

6) «Тарих» пәнімен:



химия ғылымының тарихи және ғылыми алғышарттары, ғылыми ашылулар және қазақстандық ғалымдардың ғылым, технология және өндірістің дамуына қосқан үлестері.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет