1. Түсінік хат
«Музыка» пәні бойынша оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген. Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
Пәнді меңгеру нәтижесінде оқушы халықтық және әлемдік мәдениеттің мұраларын меңгерген және өмірлік тәжірибеде қолдана білетін, рухани толысқан тұлға ретінде қалыптасады.
Пәнінің оқыту мақсаты:
білім алушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру;
тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту;
әлемдік музыкалық бейнелерді меңгеру.
Пәнінің оқыту міндеттері:
дәстүрлі қазақ музыкасының өткен және қазіргі замандағы адам өмірімен байланысы және оның композиторлық шығармашылығындағы рөлі туралы білім беру;
түркі және шығыс халықтарының музыкалық мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру;
әлемдік музыка мәдениетінің жетістіктерін бағалауға үйрету;
кәсіптік және дәстүрлі музыканың негізгі жанрлары туралы түсінік беру;
музыкалық талғамды және эстетикалық қажеттілікті дамыту;
білім алушылардың музыканы тыңдау және оны талдай білуі;
ән, терме және аспапта ойнау біліктерін дамыту;
музыканың басқа өнер түрлерімен байланысын ұғына білу.
Бағдарлама мазмұны қазақ және түркі халықтарының дәстүрлі мәдениеті, Шығыс және Батыс Еуропаның классикалық музыканың ең озық үлгілері, қазіргі таңдағы Қазақстан музыка өнерімен танысады.
Оқу материалының мазмұнын таңдауда төмендегі негізгі принциптерге сүйенеді:
үздіксіздік принципін ұстана отырып, бастауыш пен орта сынып арасындағы сабақтастық, жүйелілік пен бірізділік айқындалады. Басты тақырыптар мазмұны тереңдей түсіп, музыкалық ұғымдары мен көркемдік талғамы кеңейеді;
пәнаралық интеграция принципін ұстана отырып, музыкалық өнердің тіл және әдебиет, тарих және бейнелеу өнерімен байланыста оқыту;
дербестік принципін ұстана отырып, оқушы музыкалық өнердің жан-жақты дамуы мен түрлі құбылыстарына жеке көзқарасын қалыптастыра отыра, өз пікірін ашық білдіре алуын дамыту;
шығармашылық принципі - оқу материалының негізіне сүйене отыра, оқушының табиғи мүмкіндігін ашып, шығармашылық қабілеттерін шыңдап, өнерге деген ықыласын арттыру;
тәжірибелік әрекет принципі - оқушылардың музыкалық аспаптарда орындауда және ән айту дағдысын қалыптастыруда басты әдіс болып табылады;
түсініктілік принципін ұстана отырып, музыкалық білімнің мазмұнын оқушының жас ерекшелігіне сай құрып, музыкалық сабақтың бүгінгі өмірмен байланыста екендігін анықтау.
7) «Музыка» пәні оқушының тұлғалық тұғырын қалыптастырады: мәдениет, көркемдік талғам, адами құндылықтар. Пәннің мазмұны орта мектептер үшін аса маңызды және өзекті тақырыптардың шешімін табатын пән ретінде құнды. Музыка пәнінің мазмұнында білім алушылардың рухани мұраның негізгі құндылықтарын игеру арқылы шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуына ықпал етеді.
6. Музыка сабағындағы негізгі әрекеттердің түрлері:
1) музыка тыңдау – музыка талғамын қалыптастыру, музыканы талдау жасауда, тыңдаған музыка жайлы өз ойын жеткізе білуді меңгеруі тиіс;
2) ән және музыкалық аспаптарда орындаушылық дағдыларын жетілдіре түседі, музыкалық шығармаларды көркем әрі мәнерлі орындауға машықтандыру;
3) білімділік әрекеті музыканың көркемдік құралдарын оқытуды жалғатыра түседі; музыканың жаңа жанрларымен, түрлерімен танысады.
7. «Музыка» оқу курсы 6-сыныпта аяқталады, пән мазмұны түрлі ұлттардың музыкалық мәдениеті мен өнеріне құрметпен қарауға ықпал етеді, вокалмен би жанрларын жүйелейді, Шығыс пен Батыс елдерінің классикалық шығармаларын салыстырады. Негізгі мектептегі «Музыка» бағдарламасының ерекшелігі пәнаралық интеграция болып табылады.
8. Оқу процесі барысында «Музыка» пәні көптеген пәндермен пәнаралық байланыста болады:
«Қазақ тілі»:оқушының сөйлеу мәдениетін дамыту; дәстүрлі өлең құрау негіздерін үйрену; әуен мен өлеңнің тығыз байланысын анықтау; оқушының музыкалық-поэтикалық қабілетін дамыту;
«Әдебиет»: музыка мен поэзияның көркемдік тәсілдерінен мағлұмат; вокалды (ән, романс, кантата), сахналық (опера, балет), тақырыптық мазмұны бар аспапты шығармалар сияқты музыкалық жанрлардың қалыптасып дамуына әдебиеттің жасаған ықпалы;
«Қазақстан тарихы және Дүниежүзі тарихы»: музыкалық шығармалардың тарихи оқиғалар мен байланысы, музыкалық шығармаларындағы көрінісі; әрбір тарихи кезеңде пайда болған саз аспаптарының дамуы; музыка өнерінің әрбір тарихи кезеңде қалыптасу жолы;
«География»: әр түрлі халықтардың сан қилы географиялық ортада тұруына байланысты түрлі музыкалық жанрлардың дамуы; Шығыс пен Батыс мәдениеті туралы көзқарасының қалыптасуы;
«Бейнелеу өнері»: оқушылардың шығармашылық ойын дамыту; музыкадағы суреттеу қасиетінен мағлұмат беру; суретшілер мен музыканттар шығармашылығындағы табиғат бейнесі; музыкалық портреттер; бейнелеу өнеріндегі музыкалық көріністер бейнесі;
«Технология»: оқушылардың қолдан жасалған бұйымдарын көрнекілік ретінде пайдалану.
9.Типтік оқу жоспарына сәйкес «Музыка» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат.
Достарыңызбен бөлісу: |