1-вариант география



бет70/86
Дата31.10.2022
өлшемі4,36 Mb.
#46393
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   86
80-вариант
ГЕОГРАФИЯ

1. Аустралияның эндемик жануары:
A) Түйе
B) Гепард
C) Жираф
D) Кенгуру
E) Қасқыр

2. Тірі организмдер қабығы :
A) биосфера
B) тропосфера
C) гидросфера
D) литосфера
E) атмосфера

3. Үстіңгі мантия мен жер қыртысының қалыңдығы 60км.ден 100 км-ге жететін үлкен блоктары :
A) тау жоталары
B) литосфералық плиталар
C) сейсмикалық белдеулер
D) жазықтар
E) платформалар

4. Қазақстандағы облыстар саны :
A) 14
B) 18
C) 15
D) 19
E) 13

5. Шығыс Қазақстанда өндірлетін техникалық дақылдар
A) темекі
B) күнбағыс
C) зығыр
D) мақта
E) қант қызылшасы

6. Малдардың қырылуы.
A) Шығын.
B) Аштық.
C) Жұт.
D) Құрғақ жел.
E) Дағдарыс.

7. Бірінші болып дүние жүзін айналып жүзіп шыққан адам
A) Ф. Магеллан.
B) Х. Колумб.
C) А. Веспуччи.
D) Дж. Кук.
E) М. Поло.

8. Қалдық қалдырмайтын өнеркәсіп саласы.
A) Металлургия.
B) Жеңіл.
C) Тамақ.
D) Химия.
E) Ағаш өңдеу.

9. Кен өндіру, металл қорытумен айналысатын ауыр өнеркәсіп саласы:
A) Металлургия.
B) Ауыл шаруашылығы.
C) Машина жасау.
D) Көлік.
E) Тамақ өнеркәсібі.

10. Жер бетінің жоғарғы құнарлы қабаты:
A) Топырақ.
B) Жер бедері.
C) Магма.
D) Биосфера.
E) Литосфера.

11. Үгілу дегеніміз:
A) қатты жыныстарды жел арқылы ауыстыруы.
B) тау жыныстарының күйреуі.
C) жыныстардың жиналуы барысында отыруы.
D) жел жұмысы.
E) циклонның әсері.

12. БҰҰ-ның штаб-пәтері:
A) Парижде.
B) Римде.
C) Лондонда.
D) Вашингтонда.
E) Нью-Йоркте.

13. Қазақстанда ғылыми-техникалық прогресінде жетекші роль атқаратын сала.
A) Металлургия.
B) Жеңіл өнеркәсіп.
C) Отын өнеркәсібі.
D) Машина жасау.
E) Ағаш өңдеу.

14. Европалық нәсілге жататын халықтар ... тұрады.
A) Тек Солтүстік Америкада
B) Тек Еуропада
C) Антарктидадан басқа барлық материктерде
D) Аустралияда
E) Оңтүстік Америкада

15. Апартеид ол:
A) Дінінің бір түрі.
B) Халықтың ұдайы өсуінің I-і түрі.
C) Нәсілдік кемсітушіліктің шектен шыққан формасы.
D) Нәсілдер теңдігі.
E) Ұлттардың достастығы.

16. Ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің басым көпшілігі:
A) Жыртуға жарамды жерлер.
B) Тыңайған жерлер.
C) Мал жайылымы.
D) Бау.
E) Шабындық.

17. Батыс Еyропаның ең «ұзын» елі:
A) Финляндия.
B) Италия.
C) Франция.
D) Швеция.
E) Норвегия.

18. 1966 жылы қатты жер сілкінісіне ұшыраған Өзбекстандағы қала:
A) Самарқанд.
B) Бұқара.
C) Шыршық.
D) Ташкент.
E) Бекабад.

19. Қазақстан территориясындағы Ертіс өзенінің ұзындығы.
A) 1650 км.
B) 1800 км.
C) 1750 км.
D) 1600 км.
E) 1700 км.

20. Халқының көбі ауылдық жерде тұратын елдер
A) Латын Америкасы
B) Батыс Еуропа
C) Шығыс және Оңтүстік Азия
D) Аустралия
E) Шығыс Еуропа

21. Дүние жүзінде робот жасау және пайдаланудан I орында:
A) Финляндия.
B) Италия.
C) Жапония.
D) Канада.
E) АҚШ

22. Суэцк каналы…
A) Сириянікі.
B) Египеттікі.
C) Иорданиянікі.
D) Эфиопиянікі.
E) Израильдікі.

23. Қазақстанда темір жол және автомобиль жолдарымен жүк тасымалдау жалпы жүк тасымалының ... құрайды.
A) 80 %
B) 60 %
C) 75 %
D) 50 %
E) 99 %

24. Республиканың газ қоры шоғырланған жерді атаңыз:
A) Шымкентте.
B) Маңғыстауда.
C) Алтайда.
D) Қостанайда.
E) Сарыарқада.

25. Альпі тауларындағы шыршалы ормандардың биіктік белдеуі ... басталады.
A) 700 м
B) 2000 м
C) 500 м
D) 2300 м
E) 1500 м

26. Географиялық қабық компоненттерінің біртұтас болып келу себебі ... байланысты.
A) температура режимі мен жауын-шашын мөлшеріне.
B) күнмен түннің ауысуына.
C) өсімдіктерден оттегінің бөлінуіне.
D) зат және энергия айналымына.
E) жердің орбиталық қозғалысына.

27. Өскеменде әйелдер еңбегін пайдалану мақсатында салынған комбинат-
A) Текемет.
B) Шұлық-трикотаж.
C) Мақта - мата.
D) Тігін-трикотаж.
E) Жібек маталар.

28. Үстірттік муфлон бұл -
A) Жайран.
B) Ұзын тікенді кірпі.
C) Тау ешкісі.
D) Жабайы қой.
E) Алажолақты күзен.

29. Тау жүйелері түзілмеген, бұзылу әрекеті күшті жүрген эра:
A) Мезозой.
B) Архей.
C) Протерозой.
D) Палеозой.
E) Кайназой.

30. Сауыр тауындағы қоңыр көмірдің кен орны.
A) Саяқ.
B) Кендірлік.
C) Қоңырат.
D) Майқайың.
E) Майкүбі.





81-вариант
ГЕОГРАФИЯ

1. Жердің бетін оның үстіңгі жағынан кішірейтіп бейнелейтін сызба :
A) глобус
B) карта
C) атлас
D) аэрофотосурет
E) план

2. Таулардың биіктігіне қарай бөлінеді:
A) 2
B) 1
C) 3
D) 4
E) 5

3. Жер бетіне к‰н сәулесініњ әрт‰рлі т‰суі
A) ауадан
B) м±хиттан
C) жердіњ шар тәрізділігінен
D) желден
E) ағыстан

4. М±хиттық аралдардыњ кµпшілік бµлігі:
A) Қайраңдық арал.
B) Вулкандық және маржан.
C) Тектоникалық.
D) Материктік.
E) Лагундық арал.

5. Түйе шаруашылығына маманданған аудан:
A) Орталық
B) Оңтүстік
C) Шығыс
D) Солтүстік
E) Батыс

6. Демографиялық саясат – бұл:
A) Халықтың орналасу тығыздығы.
B) Медицинаны жақсарту.
C) Білім беруді жақсарту.
D) Халықтың санының өсуін реттеу.
E) Қоршаған ортаны жақсарту.

7. Тянь-Шань тауының ең биік шыңы Хан-Тәңірін ашқан …
A) Л.С. Берг.
B) Ш. Уәлиханов.
C) Қ.И. Сәтбаев.
D) Н.М. Пржевальский.
E) П.П. Семенов.

8. Қазақстан “ Швейцариясы”, деп атанған аймақ:
A) Тарбағатай.
B) Маңғыстау.
C) Мұғалжар.
D) Көкшетау.
E) Ұлытау.

9. Қазақстан аумағында қанша табиғат зонасы бар:
A) 4.
B) 2.
C) 6.
D) 3.
E) 7.

10. Халықаралық валюталық металл:
A) Мыс.
B) Алюминий.
C) Вольфрам.
D) Титан.
E) Алтын.

11. Күнделікті тұрмысқа қажетті техника, теледидар, т.б. өнімдер шығарылады:
A) Аягөзде.
B) Семейде.
C) Петропавлда.
D) Алматыда.
E) Астанада.

12. Жұмыс күшін тартатын негізгі үш оpталық.
A) Латын Америкасы елдері.
B) Африка.
C) Батыс Еуропа, АҚШ, Парсы шығанағы елдері.
D) Үндістан, Жапония, Индонезия.
E) Кариб бассейні елдері.

13. Африкадағы ең ежелгі мемлекет:
A) Ангола.
B) Нигерия.
C) Намибия.
D) Алжир.
E) Египет.

14. Латын Америкасындағы аса ірі кофе өндіруші елдер:
A) Аргентина, Уругвай.
B) Бразилия, Колумбия.
C) Куба, Венесуэла.
D) Венесуэла, Перу.
E) Чили, Аргентина.

15. Жыл бойы республика аумағынан өтетін ауа массалары.
A) Тропикалық, антарктикалық, қоңыржай.
B) Қоңыржай, экваторлық, арктикалық.
C) Арктикалық, антарктикалық, қоңыржай.
D) Қоңыржай, тропиктік, арктикалық.
E) Тропиктік, қоңыржай, экваторлық.

16. Қай өзен аңғары күрiш өлкесi:
A) Талас.
B) Сырдария.
C) Есiл.
D) Сарысу.
E) Шу.

17. Қорғалжын қорығы орналасқан облыс.
A) Қостанай.
B) Ақмола.
C) Павлодар.
D) Солтүстік Қазақстан.
E) Шығыс Қазақстан.

18. Қоғамның өндіргіш күштерінің негізгі факторының бірі:
A) Адам (халық).
B) Өндіріс қатынастары.
C) Машина.
D) Еңбек құралдары.
E) Өндіріс құралдары.

19. Республикамызда өндірілетін электр энергиясының 90% ... береді.
A) ЖЭО
B) АЭС
C) ЖЭС
D) СЭС
E) Жел электр станциялары

20. Қазақстандағы темекі комбинаты орналасқан қала:
A) Алматы.
B) Жамбыл.
C) Қостанай.
D) Текелі.
E) Талдықорған.

21. Қазақстанның Солтүстік және Оңтүстік аудандарын қосатын темір жол:
A) Қарағанды-Қарағайлы.
B) Петропавл-Шу.
C) Қарталы-Павлодар.
D) Семей-Луговой.
E) Орынбор-Ташкент.

22. Адам пайдаланатын мұхиттық биомассаның 85% …
A) Балықтар.
B) Шаянтәрізділер.
C) Өсімдіктер.
D) Моллюскалар.
E) Сүтқоректілер.

23. Қала ішіндегі және қала маңы жолаушыларын тасымалдау ... тиеді.
A) теміржол көлігі
B) әуе көлігі
C) ат көлігі
D) автомобиль көлігі
E) өзен көлігі

24. Еуропадағы таулы туризмнің басты ауданы:
A) Родоны.
B) Татра.
C) Кавказ.
D) Пиреней.
E) Альпі.

25. Жердегі жылуды жинақтауыш:
A) Көл.
B) Дүниежүзілік мұхит.
C) Жер қабаты.
D) Теңіз.
E) Атмосфера.

26. Гималай тауларындағы субальпілік биік шөптесін шалғындар ... биіктікті алып жатыр.
A) 3500 м - 4500 м
B) 5000 м - 5500 м
C) 2500 м - 3000 м
D) 4000 м - 5000 м
E) 3000 м - 3500 м

27. Географиялық қабықтың біртұтастығы – бұл …
A) адамның шаруашылық іс-әрекеті.
B) табиғи құбылыстардың уақытылы қайталанып келуі.
C) табиғат компоненттерінің өзара байланысы мен өзара тәуелдігі.
D) экваторлық полюске қарай табиғат компоненттері мен кешендерінің өзгеруі.
E) табиғат кешендерінің қалыптасу тарихы.

28. Дала зонасы топырағында өсетiн өсiмдiктер:
A) Изен, ебелек, көкбек, жатаған.
B) Жантақ сексеуiл, қонырбас, көкнәр.
C) Боз, бетеге, бидайық, арпабас.
D) Қайың, ақтерек, сәбiзшөп, тошала.
E) Қайың, тошала, жантақ, изен.

29. Кокстелетін көмір, темір кендері ... қалыптастырады.
A) машина жасауды
B) химия өнеркәсібін
C) отын-энергетикасын
D) қара металлургияны
E) түсті металлургияны

30. Парсы шығанағындағы аралдық мемлекет:
A) Бахрейн.
B) Катар.
C) Оман.
D) Кувейт.
E) Ирак.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет