1. Шартты т‰рде экваторѓа параллель ж‰ргізілген сызықтар:
A) географиялық бойлық
B) меридиан
C) географиялық ендік
D) параллель
E) градус торы
|
2. Ауа райының белгілі бір жерге тән көпжылдық режимі:
A) жел
B) ауа температурасының ауытқуы
C) ауа райы
D) климат
E) ылғалдылық
|
3. ... “оттегі фабрикасы” деп атайды.
A) Өсімдіктерді
B) Жануарларды
C) Адамдарды
D) Қ±старды
E) Балықтарды
|
4. Температуралары бірдей барлық нүктелерді қосатын қисық сызықтар :
A) бергштрих
B) изосызық
C) изобара
D) горизонталь
E) изотерма
|
5. Қызыл теңіздің тұздылығы:
A) 34 0/00
B) 42 0/00
C) 36 0/00
D) 41 0/00
E) 37 0/00
|
6. Нәсілдік белгілер ... берілуіне байланысты.
A) ата-анасынан ұрпақтарына
B) климатқа
C) табиғат жағдайына
D) күн радиациясына
E) әлеуметтік жағдайына
|
7. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған күні -
A) 29.12.1992 ж.
B) 25.10.1990 ж.
C) 17.12.1991 ж.
D) 03.09.1992 ж.
E) 16.12.1991 ж.
|
8. Қазақстандағы мыс рудаларының кен орындары.
A) Жезқазған.
B) Соколов.
C) Қаратау.
D) Павлодар.
E) Екібастұз.
|
9. Сырдария өзеніндегі су қоймасы.
A) Қапшағай.
B) Шардара.
C) Бұқтырма.
D) Вячеслав.
E) Өскемен.
|
10. Қазақстан территориясындағы Батыс Сібір жазығының темір рудаларының кендері.
A) Зырян.
B) Қоңырат.
C) Қаражал.
D) Қаратау.
E) Соколов-Сарыбай.
|
11. Электроэнергияны көп пайдаланатын:
A) Тамақтандыру қоғамы.
B) Көлік.
C) Өнеркәсіп.
D) Ауыл шаруашылығы.
E) Байланыс.
|
12. Солтүстік Қазақстанда мал шаруашылығының басым өркендеген бағыты:
A) Етті-жүнді.
B) Етті, сүтті-етті.
C) Сүтті-етті.
D) Сүтті.
E) Етті-сүтті, мүйізді ірі қара.
|
13. "Үлкен жетілікке" - кіретін елдер:
A) Дания, Италия, ГФР, Испания.
B) Португалия, Исландия, Ирландия, Польша.
C) Bатикан, Швеция Норвегия, Эстония.
D) Испания, ГФР, Албания, Чехия, Словакия.
E) ГФР, Франция, Ұлыбритания, Италия.
|
14. Трансамазонка тас жолы материктің қай тұстарын қосады:
A) Оңтүстік шығыс пен Батыс.
B) Солтүстік пен Оңтүстік.
C) Солтүстік шығыс пен Оңтүстік.
D) Батыс пен Шығыс.
E) Оңтүстік пен Батыс.
|
15. Құрлықтағы табиғат зоналарының бір-бірінен айырмашылығы:
A) Жер бетінің сипатынан.
B) Батпақтардың болуынан.
C) Өсімдік жамылғысының сипатынан.
D) Халық санынан.
E) Құрлық пен судың бөлінуінен.
|
16. Адам қай қабықтың бөлігі?
A) Гидросфераның.
B) Табиғат кешенінің.
C) Табиғат компонентінің.
D) Биосфераның.
E) Литосфераның.
|
17. Қазақстанның солтүстiгiнде таралған орманды дала топырағы:
A) Күлгiн топырақ.
B) Сұр, қара топырақ.
C) Құмды-сазды топырақ.
D) Ферралитті топырақ.
E) Ашық-қызғылт топырақ.
|
18. Еңбек ресурстарының үлес салмағы орташа көрсеткіштен жоғары облыстар:
A) Орталық.
B) Батыс.
C) Солтүстік.
D) Оңтүстік.
E) Шығыс.
|
19. Ірі өнеркәсіпті құрал-жабдықтар шығару орталықтары:
A) Алматы, Астана, Ақтау.
B) Қызылорда, Атырау.
C) Қарағанды, Алматы.
D) Өскемен, Лениногорск, Текелі.
E) Қарағанды, Атырау, Көкшетау.
|
20. Еліміздің Солтүстік, Орталық және Оңтүстік аудандарын байланыстыратын магистраль-
A) Орта Сібір.
B) Оңтүстік Сібір.
C) Орынбор-Ташкент.
D) Петропавл-Шу.
E) Түркістан-Сібір.
|
21. Жер көлемі 3 млн. шаршы шақырымнан астам елдер.
A) 7
B) 6
C) 8
D) 9
E) 10
|
22. Еуразияның оңтүстік орман белдеуіндегі негізгі ағаш түрлері:
A) Қылқан жапырақты.
B) Қылқан және бұталар.
C) Мәңгі жасыл экваторлық орман.
D) Бұталар.
E) Қылқан және жалпақ жапырақты.
|
23. Өте кедей елдер:
A) Мали, Чад, Уганда.
B) Бурунди, Мозамбик, Израиль.
C) Уганда, Үндістан, Индонезия.
D) Судан, Алжир, Эфиопия.
E) Буркина-Фасо, Египет, ОАР.
|
24. Австралияның мал шаруашылығының өзіне тән маңызды саласы:
A) Жылқы.
B) Қой.
C) Ірі қара.
D) Құс.
E) Шошқа.
|
25. Солтүстік Қазақстанда вегетациялық уақыттың созылуы.
A) 150-160 күн.
B) 165-170 күн.
C) 140-150 күн.
D) 170-180 күн.
E) 130-135 күн.
|
26. Талас Алатауы беткейі мен Өгем жотасында орналасқан қорық.
A) Қорғалжын.
B) Марқакөл.
C) Ақсу-Жабағылы.
D) Наурызым.
E) Үстірт.
|
27. Энергияны көп қажет ететін түсті металл қорытылады:
A) Павлодар, Өскеменде.
B) Қостанай, Павлодарда.
C) Жезқазған, Оралда.
D) Қарағанды, Петропавлда.
E) Ақтау, Атырауда.
|
28. Доңғалақ және резинотехникалық өнімдер шығаратын зауыт:
A) Ақтөбеде.
B) Астанада.
C) Шымкентте.
D) Таразда.
E) Қарағандыда.
|
29. Өскеменде әйелдер еңбегін пайдалану мақсатында салынған комбинат-
A) Текемет.
B) Жібек маталар.
C) Мақта - мата.
D) Шұлық-трикотаж.
E) Тігін-трикотаж.
|
30. ОАР неге қосарлы экономикалы ел:
A) Қала агломерациясы жоғары дамыған.
B) Оған экономикасы дамыған, дамушы елдердің де белгілері тән.
C) Халқының санының көп болуы.
D) Ауыл шаруашылығы дамыған.
E) Еңбекке жарамды адамдардың көп болуы.
|