78
конструкциялау,
дизайн талаптарын ескеретін, толық
функционалды web-
өнімді ендіріп, оның актуалдылығын қолдап отыру маңызды мәселе болып
табылады. Сайт компания имиджінінің бет бейнесі және беделділік дәрежесін
көрсететін құрал. Интернеттің дамуы – сайтты, шығыны аз және перспективті
құрал екендігін көрсетті. Заманауи технологиялар икемді сайтты жасауға
ықпалын тигізеді. Олар компания кәсібінің өсуіне қарай жетілдіріле алады.
Сайтпен жұмыс тапсырыс берушінің талаптарына сай басқару жүйесі арқылы
жүргізіледі.
Дипломдық жобада «G&N Garant» сайтын құру, ендіру және
оңтайландыру
әрекеттері сипатталып, жүргізілді. Өзінің оқылу аумағын
кеңейту мақсатында, компания басшылары сайт көмегімен айналысу аясын
көрсете, тұтынушыларға тарту болып келеді. Ағымдағы кезде, сайт танысу
құралы ретінде ұсынылып отыр. Болашақта түрлі
викторина мен
конкурстарды ұйымдастыру, желі арқылы компания жұмысшыларына сұрақ-
жауап жүйесін ұйымдастыру, оларға тікелей тапсырыс беру қызметтері
қарастырылуда.
Web - сайтты тұрғызу барысында интерактивті web- беттерді құруға
арналған қазіргі заманғы web- технологиялар талдауға салынды.
Соңғы
кездері көп қолданысқа енген CMS жүйелерінің салыстырмалы көрсеткіштері
келтірілді. Осылардың негізінде, әр жүйенің ерекшеліктеріне қарай және
орнату кезінде минималды құралдар жиынын талап ететіндігіне байланысты
CMS Joomla! 1.5.7 версиясы таңдалынды.
«G&N Garant» сайты «gngarant.kz» домендік аты негізінде dnr.kz
хостингісінде тіркелінеді. Таңдалынған «Мини» тарифтік жоспар бойынша
сайт серверде 500 Мб дискілік орынды алып, 50 e-mail жәшіктерін құрып, 15
түрлі мәліметтер қорын құра алады,
сондай-ақ, 7 екінші деңгейлі домендік
атты беру мүмкіндігі бар. Сервер Linux C операциондық жүйесінде жұмыс
істеп, PHP – 5.2.15 және MySQL – 5.1.55 версияларын қолдайды.
«G&N Garant» сайты Google, Yandex, Bing іздеу жүйелерінде және осы
жүйелердің web-қор каталогтарында, сондай-ақ, doard.datacenter.kz, 3t.kz
Қазақстан ұйымдарының каталогы мен алло.kz анықтамалық порталында
және adresa.meta.kz мета адрестер жүйелерінде тіркелінеді.
«gngarant.kz» сайтының аудиториясының
сапалылық және көлемдік
анализін жүргізуде Google ұсынған Google Analytics және LiveInternet-тің
мәліметтерді жинау статистикалық жүйелері пайдаланылды.
Дипломдық жобаны іске асыру барысында қойылған мақсатқа қол
жеткізіліп, сәйкес мәселелері шешілді – мекеменің «G&N Garant» web - сайты
құрастырылды. Яғни, барлық потенциалды клиенттер мен қызығушылық
танытқан адамдарға мекеменің қызметін таныстыратын, оның қолдауын
қызметкері
іске асыра алатындай, толық құрылымды динамикалық сайтты
жасап, қолданысқа ендіру болып табылды.
Достарыңызбен бөлісу: