47
қолданғанда арта түседі. Іздеу жүйелерінде сайт жaқсы орналасқанмен, ол
тиімді және бизнесте қойылған мәселелерді 100% шешеді деген сөз емес.
Әрине, іздеу оңтайлылығы, дәстүрлі және контекстті интернет- жарнама
сайтқа кірушілер санын ұлғайтуға көмектеседі, сәйкесінше клиенттер саны
өседі деген сөз. Дегенмен, бар виртуалды кірушілер санынан, қандай да бір
тәсілмен клиенттер санын көбейтуге бола ма? Әрине болады.
Ол үшін сайттың маркетингтік аудитін жүргізу керек, өз кезегінде ол
сайттың жұмыс істеу тиімділігін қалай арттыру керек екеніне жауап береді.
Ағымдағы техникалық және маркетингтік қателер анықталып, шешу әдістері
ұсынылады.
2.8 сурет - Әкімшілік басқару сұлбасы
Навигациялық сұлбада қолданушының компания сайтының қандай
бөлімдеріне кіре алуы сипатталған. Ал администраторлық сұлбада сайт
администраторы мен иесі сайттың қандай бөлімдерін өзгерте алатынын
көрсетеді.
Әкімшілік басқару сұлбасында администратордың толық құқығы мен
барлық мүмкіншіліктері сипатталған. Әрқайсысына жеке тоқталатын болсақ,
администратор жүйеге өзінің логині мен құпия сөзін енгізу арқылы кіреді. Өзі
жайлы мәліметтерді және құпия сөзін өзгерте алады. Сонымен қатар сайттың
басқа тіркелушілерінің жеке мәліметтеріне қолы жетімді. Оларды сайт
Достарыңызбен бөлісу: