1 Ясауидің әкесі Ибраһим шайық пен анасы Қарашаш туралы айтыңыз


Әбілфейіз хан Әбілмәмбет хан ұлы баяндаңыз



бет27/47
Дата11.02.2023
өлшемі203,3 Kb.
#67111
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   47
Байланысты:
Suraktar-2023

63

Әбілфейіз хан Әбілмәмбет хан ұлы баяндаңыз



Әбілмәмбет ұлы Əбілпейіз – Қазақ хандығының XVIII ғасырдағы қарамақайшылығы мен ұрыс-жорықтары мол кезеңіндегі көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Жоңғария мемлекеті құлағаннан кейін қазақтардың шығыс өңірге қоныстануын бастаған ұлыс билеушісі. Орта жүз ханы Əбілмәмбеттің ұлы. Тарихи деректерде оның есімі «Əбілпеиіз», «Əбулфаиз» деп жазылады. Ғылыми зерттеулерде Әбілпейіз сұлтан 1743 жылы Қалдан Церенге Абылай сұлтанның орнына Жоңғарияға «Әбілмәмбет хан және Барақ сұлтан екі ұлын бала-шағаларымен және басқа да қырық отбасын аманатқа жібереді» деп жазылады (Моисеев, 1983: 187). Қазақ арасында «найманға Әбілфаиз хан болғаны, заманында ел Құлжа, Шәушек қолтығы, Жайсан көлінің жоғарғы жағына, Ертістен өтіп, Алтай етегіне дейін барғаны» деректерде кездеседі (Артыкбаев, 2001: 153). 1771–1783 жылдары Шығыс Қазақстан аймағында билік жүргізген. Орыс жазба деректерінде Әбілмәмбет ханның ұлдары Болат, Әбілпейіз туралы «Бірі – Алтай арғын, екіншісі – қаракерей найманда билік етеді» деген дерек айтылады. Ол жастайынан қазақ қоғамында қалыптасқан саяси-әлеуметтік, экономикалық жағдайға қарай көптеген жауапты тапсырмаларды орындайды. Жоңғарға қарсы соғыста атағы шығып, Абылай ханның сенімді әскери серігі болады. 1757 жылы қалмақтарға қарсы соғыста қытайлармен Тарбағатай, Алтай таулары үшін күресте ерекше танылады. Ресейге, Қытайға елшілер жіберіп, көрші елдермен сауда-саттықты нығайтуға тырысқан. XVII ғасырдың екінші жартысындағы Қазақ хандығы мен Цин империясы арасындағы қарым-қатынастарға байланысты құжаттарда «қазақ Әбілпеис жіберген елшілер» туралы деректер көп кездеседі (100 құжат, 66–67). Қытаймен дипломатиялық байланыстар орнатып, қазақ-қытай, қазақ-орыс қатынастарының дамуына зор үлес қосты (Қазақстан, Ықшам энциклопедиялық сөздік, 2005: 84). Әбілмәмбет ұлы Әбілпейіз ханның 1783 жылы жайлауда қайтыс болып, Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жерленгені туралы Құрбанғали Халидұлының еңбегінен алынған деректер дәлелдейді. Соған қарағанда Шыңғыстаудың солтүстік беткейінде Әлпейіз өзенінің жоғарғы жағында, Әбілпейіз сұлтан бейітінің басына салынған кесенесі ханның уақытша қойылған жері болса керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет