Түркістан жұма мешіті — Түркістан қаласында орналасқан жұма мешіті. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстікке қарай 160 м жерде, қылуетпен қатар орналасқан. Ол бір бөлмелі, шаршы пішінді, солтүстік және шығыс жақтары қасбеттерімен іргелес бастырмасы бар құрылыс. 1980 жылы мешіт үйі қайта қалпына келтірілді.
35
Сегіз қырлы сағана туралы не білесіз?
Кесене толық сақталмай жұрты ғана қалған. Жоба бойынша ол шағын портал түрінде солтүстік-шығысқа қарай созыла түседі. Күмбездің ішкі жақ қабырғалары 8 қуысты және 8 қырлы болып келеді. Тым ойсырай қирауынан да оны қайта қалпына келтіру мүмкіндігі болмай отыр. Кесенеден сағана табылмады. Едені шаршы кірпіштен өрілген. Еденінен қиыршық тастан қашалған, жазулары толық өшкен үш құлпытас табылды.
36
Әулие Құмшық ата туралы не білесіз?
Күйген қыштан қаланған сәулеттік құрылыс Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстік аймақтарына тән. Координаттары: 43˚17.421΄, 068˚16.523΄. Теңіз деңгейінен биіктігі 228 м.
Діни-рухани ескерткіштер – еліміздің тарихындағы ғасырлар қойнауындағы жұмбағы мол жәдігерлер. Қазақстанның оңтүстік аймақтарында қылуеттердің салына бастауы Х-ХІІ ғасырларда басталған. Соның бірі, ХІІ-ХІХғғ аралығына жататын, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты Әулие Құмшық ата қылуеті. Халық арасында аңыздар мен әңгімелерге қарағанда Әулие Құмшық Ясауи бабамыз өзінің ұстазы ретінде жоғары бағалаған. Ясауи бабамыз да Құмшық ата секілді қатаң аскеттік дәрежені ұстанып, жер асты қылуетінде қалған өмірін Аллаға құлшылық жасаумен өткізген. ұмшық ата жер асты қылуеті Қожа Ахмет Ясауидің кесенесінен оңтүстік-шығысқа қарай 1 шақырым қашықтықта орналасқан. Биіктігі 3,4 метр, ұзындығы 15,7 метр, күмбезді бөлмесінің ені 3,5 метр. Бұл ғұрыптық құрылыстың басында тіктөртбұрышты ойық орналасқан. Ойық кылуетке кіретін есік қызметін атқарып, иректелген тар дәлізбен жалғасады. Дәліз шеңбер пішінді бөлмеге алып барады және ол қылуеттің негізгі бөлмесі болып табылады. Осы негізгі шеңбер пішінді бөлме төрт бұрышты соңғы бөлмемен аяқталады. Шеңбер пішінді бөлменің төбесі күмбезделіп, ал төрт бұрышты бөлме шатыр тәрізді жабылған. Бөлмелердің қабырғаларында майшамдар үшін кішкентай қуыстар жасалған. Дәлізі иілген түрде негізгі бөлмелер сияқты, күйдірілген кірпіштен қаланған. Дәліздің орта тұсында жарық түсірілуге арналған құдық пішінді ойық орналасқан.