1. Заттардың қасиеттерінің өзгеруі. Жарық, көлеңке, дыбыс


Оқушыларды ауызша есептеу тәсілдерін үйренуге дайындау әдістемесі



бет2/2
Дата09.11.2022
өлшемі30,34 Kb.
#48899
1   2
Байланысты:
05.09-30.09.2022Бастауыш сын.оқуш-ң бастапқы мат.және жаратыл.б.н 2тапс

2. Оқушыларды ауызша есептеу тәсілдерін үйренуге дайындау әдістемесі
«Оқушылардың ауызша есептеу қабілетін дамыту»
Күнделікті тұрмыста ауызша тез есептерді қажет ететін жағдайлар жиі кездеседі. Ауызша есептеудің дағдыларын қалыптастыру арқылы оқу материалдарын қайталауға, тереңдетуге уақыт үнемдейміз.
Ауызша есептеуді оқушы тиянақты меңгермесе жазбаша да есептей алмайды. Сондықтан оқушыны ауызша тез есептеуге баулып отыруымыз қажет. Ол үшін ауызша есептеудің негізін бастауыш 5,6,7 сыныптарды қалап, оның қандай рөл атқаратынын оқушының көзін жеткізу керек. Ауызша есептеуді сабақтың кез келген кезеңдерінде қолдануға болады. Сабақтың мақсаты мен мазмұнына байланысты ауызша есептеуді қай сабақта көп, қай сабақта аз қолдануға болады? Егер сбақ жаңа материалдарды түсіндіруден басталса, онда сабақтың басында қолданған жөн, өйткені, оңай жаттығулар арқылы жаңа материалдарды жеңіл түсінуге болады.
Оқушылардың қаншалықты материалды меңгергенін байқау үшін ( қорытынды ретінде) сабақтың соңында қолданылады. Егер қайталу мен білімін тереңдету сабағы болса, онда ауызша есептеуді сабақтың өн бойындағы жазбаша есептеумен араластырып отырған жөн.
Сапалы есептеуді ұйымдастыру үщін, жыл басында әр сыныпқа керекті материалдарды, керекті формулаларды және мысал есептерді жинақтап оларға жеке-жеке таблица жасап оларды сабаққа жүйелі қолдану керек. Өз сабақтарымды қарастырған кейбір материалды айтайын.
1. 5-сыныпта қосу амалын өткенде мына әдістерді қолдандым:
А) жоғары разрядтан бастап, төменгі разрядқа дейінгі қосу (5,6 сыныптарда қолдануға тура келеді. Кейбір нашар оқитын оқушылар үшін) мысалы 546-ға 554 санын қосу үшін қосылатын қосылғышқа жіктейміз.
546 (500+40+6), 454 (400+50+4)
546+454=500+400+40+50+60+4=900+90+10=1000
Б) терімділік заңын пайдаланып, қосу әдісін үнемі қолданған жөн.
Мысалы: 146+66+54+34=(146+54)+(66-34)=300
В) біртіндеп қосу әдісін қолдану:
248+(352+236)=(248+352)+236=600+236=836
Мұндай есептерді шығару кестелік бөлу, дөңгелек сандарды қатесіз бөлу дағдысын көп таңбалы санды бір таңбалы жазбаша бөлу алгоритмін немесе бөлінгішті екі қосылғыштың қосындысы түрінде ұсыну амалын ойша пайдалана білуді талап етеді.
Есептеу дағдыларын бөлшектермен жұмыс алгоритімдерін бекіту кезеңінде де дамытуға болады. Ондық бөлшекті натурал санға бөлу, натурал санға бөлу дағдысын бекіту кезінде мұғалімдер, әдетте, біртіндеп қиындай беретін ауызша тапсырмаларды ұсынады. Төменде: а) ең оңай есептер, ә) одан күрделірек (кестеден тыс бөлу), б) және в) олардан күрделі ( бөлінгішті екі қосылғыштың қосындысы түрінде ұсыну) және ең соңында, г) екі санның бөліндісін юөлшек түрінде ұсынудың ең күрделі тапсырмалары келтіріліп отыр.
А) 1,8+3 1,6:4 2,1:3 3,6:9
Ә) 6,9+3, 4,8:4 6,6:6 8,2:2
Б) 6,5+5, 5,2-4 9,1:7 8,4:6
В) 7,5+3, 9,8:2 5,4:2 9,6:4
Г) 3:5, 4:5 7:5 7:2
Сонымен қатар, ауызша жаттығулар жиынтығын байыта түсуге болатын есептерді ұсынамын:
а) қандай сан 2,4-тен 2 есе кіші?
ә) квадраттың периметрі 4,8 метрге тең. Оның қабырғасын табыңдар.
б) 3-тен 7,5 арту үшін қандай санды 3 есе ұлғайту керек?
в) 2 саны 9-дан неше есе кіші?
немесе
а) 4х=2,4 7а=1,4 8b=4,8
ә) 3а=9,3 4b=8,4 2b=6,6
б) 5а=9,5 4х=5,6 3b=4,2
в) 6у=8,4 3х=7,8 2а=7,4
г) 2а=5 2у=9 8а=4
Байқап карасақ, а) — г) пунктеріндегі 1 және 2-тапсырмалардың дидактикалық мәні оның алдындағы таза есептеу тапсырмалардың сәйкес пунктерімен бірдей.
Теңдеулерді шешу жаттығулары-алгебралық дағдыны шыңдауға байланысты есептеу дағдыларын қолданудың үлгісі. Орта буындағы бүкіл курс бойында сызықтық теңдеулерге қайта оралуға болады. Ол үшін үнемі кеңейе түсетін сандар жиынтығы пайдаланылады (10х=15; -2х=5; 6х=4,2; 1/3х=-5). Оқушылардың міндеті алгебралық даярлығы үшін қажет болатын, тапсырмаларды әр түрлі қалыпқа келтіру (жақшаны ашу, ұқсас қосылғыштарды біріктіру, өрнекті ықшамдау) арқылы рационал сандармен есептер шығару.
Жаттығуларды құрастыруда ең алдымен автоматизмге дейін жаттықтырылуы тиіс есептеу бірліктерінің тізімін қарастыру қолайлы. Ауызша жаттығуларда, біріншіден, оқушылардың көпшілігінің ойша орындауына қолайлы, екіншіден, математикалық әрекеттер мен күнделікті практикада қажетті есептеулерді пысықтай түскен жөн екені түсінікті. Төменде осындай есептеу тапсырмаларының деңгейін сипаттайтын үлгі тізім ұсынамын.
Бүтін бір таңбалы және екі таңбалы сөздерді қосу және алу:
44+28; -17+50; -3+0; -4+4; 42-29; 6-15; 0-6; 3-3.
Бір-екі таңбалы цифрлары бар, үтірден кейін бір ондық таңбасы бар ондық бөлшектерді қосу және алу:
0,6+0,7; 0,4+1,8; -9,2+0,6; 2,3-0,5; 2,5-4,3; -3,6-4,9.
Қарапайым бөлшектерді қосу және алу:
1/3+1/4; 5/6-1/6; 1/2-1/3:
Бүтін сан мен бөлшекті қосу және алу:
4+8,5; -6+1,8; 1-0,3; 9-2,6; 8,6-7; 0,5-1; 3+1; 4-3/5; 1/4-1.
Бүтін бір таңбалы және екі таңбалы сандарды көбейту және бөлу:
16*6; 25(-1); -7(-8); -8:0; 81:3; 42: (6); 0:5; -5:2.
Бүтін сандарды және ондық бөлшектерді 10-ға, 100-ге т.б. көбейту және бөлу:
13*100; 0,44*10; 94:10; 2,3:100
Бір- екі таңбалы цифрлар бар ондық бөлшектерді бір таңбалы бүтін санға көбейту және бөлу:
0,4*3; 2,6*3; -2,7(-2); 1,8:6; 7,5-5); -6,9:3
Қарапайым бөлшекті бүтін санға көбейту:
1/4 *3; 4/5 *(-10); -7/9 *(-1)
Бір таңбалы немесе екі таңбалы санды қарапайым бөлшекке көбейту және бөлу:
36*2/9 ; 1:1/7; -2:3/4
Бір таңбалы сандарды, сондай-ақ бір мәнді цифры бар ондық бөлшектерді квадратқа, кубқаа шығару:
82; 0,22; (-0,4)2; 53; 0,33; (-0,1)3;
Осыларға ұқсас жаттығуларды қысқа мерзімдік тексеру жұмыстарын өткізгенде пайдалануға болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет