1. Зейін дегеніміз не?Оның физиологиялық негіздері



бет2/2
Дата06.01.2022
өлшемі18,51 Kb.
#16853
1   2
Байланысты:
Сұрақтар

Зейіннің бөлінуі деп - адамның кез келген іс-әрекет үстінде бірнеше объектіге бір мезгілде зейін аудара алатындығынан көрінеді. Бір мезгілде өлең жаттап, әрі қарапайым қосу мен азайту амалмен есеп шығарып көрсек, мұның оңай емес екенін бірден байқаймыз. Мұндай бір әрекет екінші әрекетке кедергі болды. Іс-әрекет процесінде зейін бір-ақ нәрсеге ауады. Себебі оның физиологиялық негізі - ми қабығындағы оптималдық қозу ошағының жалғыздығы.

Зейіннің шоғырлануы адамның жұмылу күшін сипаттайды және жаңа тітіркендіргіштің бұрынғы доминантаны өшіріп, жаңасын жасау үшін қажетті күшімен анықталады. Бала үйде қолдан жасалатын ұшатын аппарат құрастырумен шұғылданып отыр дейік. Оның ата-анасының сөйлескені де, інілерінің ойын-шуы да, теледидар да ештеңе алаңдатпайды. Оның зейінінің жұмылу күшінің шоғырлануы көп. Мектептің кішкентай оқушыларында бұл сирек болатын құбылыс. Оларда жұмылу күші көбіне аз болады.

Зейіннің тұрақтылығы деп - оның объектіге ұзақ уақыт бағытталуынан айтады. Тұрақтылыққа қарсы қасиет- алаң болушылық. Зейіннің бұл қасиеті көптеген жағдайларға, нерв процестерінің күшіне, әрекеттік сипатына, іс- әрекетке деген қатынасқа, қалыптасқан әдеттерге т. б. байланысты болады.

Зейіннің тұрақтылығы көп уақытқа дейін құбылып, өзгеріп отырумен байланысты қасиет. Егер адамның зейіні тұрақты болмаса, ол бастаған жұмысын аяқтап, түбіне жеткізе алмас еді. Кейбір зерттеулерге қарағанда 3 – 4 сыныптарда оқитын оқушылардың зейіні 30-40 минутке дейін тұрақты болады..



Зейіннің аударылуы - деп бір объектіден екінші объектіге назарымызды әдейі ауыстыруды айтады. Зейін аударудың ауытқудан айырмашылығы, оның саналы түрде болатындығында. Зейін аударғанда адам алдына басқа бір нәрсемен шұғылдану немесе тынығу мақсатын қояды. Физиологиялық тұрғыдан мидағы оптималдық қозудың ауысуы. Зейінді тез аудара білу қабілеті көбінесе нерв процестерінің өзгермелілігіне байланысты. Кейбір адамдар бір жұмыстың түрінен екінші бір жұмысқа жеңіл көшеді, зейін қойып жаңа жұмысты тез меңгеріп кетеді. Бұл икемді, оңтайлы зейіннің көрінісі. Екінші біреудің зейіні, керісінше, басқа объектіге қиындықпен ауысады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет