№ 3 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
Windows Movie Maker ортасында
мультимедиялық ақпаратты өңдеу
Жұмыстың мақсаты: Windows Movie Maker бейне редакторының
функцияларын зерттеу.
Құрылғы: ДК
Қысқаша теориялық мәліметтер
Windows Movie Maker бұл Windows ME-ден бастап Windows Vista-
мен аяқталатын Microsoft Windows тобының операция жүйелер жиы-
нына кіретін әуесқой фильмерді құру мен түзетуге арналған тегін
бағдарлама.
Осы бағдарламаның көмегімен тышқанмен жылжытудың қара-
пайым амалдарын орындауда тура үй ДК-інде өз фильмдеріңізді
монтаждауға және көрсетуге болады. Бағдарлама арнайы эффектілерді,
дикторлық мәтін мен музыканы қосуға мүмкіндік береді. Фильмді
құрып болған соң, оны компакт-дискіге жазуға, электрондық пошта-
мен достарыңыз бен таныстарыңызға жіберуге немесе Интернетке
жариялауға болады.
Бұл бағдарламаны қолдану өте қарапайым және бірінші кезекте ол
фильмдерді әуесқой түрде құруға есептелген. Бағдарламаның негізгі
ерекшеліктері:
1) Қарапайым және интуитивті түсінікті интерфейс.
2) Кәсіби сападағы фильмдерді құру мүмкіндігі.
3) Суреттерден слайдшоу құру мүмкіндігі.
4) Сандық немесе аналогтық бейнекамерадан бейнелерді алу
мүмкіндігі.
5) Аналогтық және сандық бейнекамераларды қосқанда, бейне-
камералардың үлкен көлемін қолдау.
6) Фильмдерді
компьютерден
бейнекамераға
тікелей жазу
мүмкіндігі.
7) Бейнені қосу және жабыстыру мүмкіндігі.
8) Өту эффектілерін, тақырыптар мен титрларды, дыбыстық жол-
дарды қосу мүмкіндігі.
9) Windows Media тығыздау жетілдірілген
технологиясының
көмегімен суреттер мен дыбыстың ең жоғарғы сапасын сақтау.
10) Құрылатын фильмнің сапасын баптау мүмкіндігі.
11) Фильмді бейнекамераға тікелей сақтау мүмкіндігі.
Бағдарламаның интерфейсі
Көптеген бейне редакторларға ұқсайтын бағдарламаның да
классикалық түсінікті интерфейсі бар (1-сурет). Осы бағдарламаны
бірегей ететін басқа да айрықша ерекшеліктері бар.
1-сурет. Windows Movie Maker бағдарламасының жұмыс терезесі
Басты мәзір (2-сурет) бағдарламаның жұмысын басқаруға
арналған барлық командалар мен баптаудан тұрады. Оның көмегімен
бағдарламаның кейбір панельдерін өшіруге/қосуға немесе қажетті
функцияларды шақыруға болады.
2-сурет. Windows Movie Maker бағдарламасының басты мәзірі
Төменде жобаны құру/ашу/сақтау, әрекеттерді болдырмау/қайталау,
міндеттер панельдерін жасыру/көрсету (Tasks), жинақтар панельдерін
жасыру/көрсету (Collections) батырмаларынан, сонымен қатар қажетті
элементтердің тобын таңдауға болатын тізімнен тұратын аспап-
тар панелі орналасқан (3-сурет). Онда барлығы үш топ: Video Effects
(Бейне эффектілер), Video Transitions (Бейне өту), Collections (Жиын-
дар).
3-
сурет. Windows Movie Maker бағдарламасының аспаптар панелі
Windows Movie Maker ортасында онсыз жұмыс істеуге әлдеқайда
қиын болатын бағдарламаның функционалдық мүмкіндіктерін
жеңілдететін ыңғайлы шешімдердің бірі ретінде міндеттер панелі
болып табылады (4-сурет).
4-
сурет. Windows Movie Maker бағдарламасының міндеттер панелі
Бұл панель жиі қолданылатын командаларға қол жеткізу
мүмкігдігін қысқарту үшін арналған. Негізінен, міндеттер панелі үш
бөлімге бөлінген:
1) Capture Video (Бейнені жазу). Мұнда бағдарламаның «жұмыс
өрісіне» бейнені (Import video), картинканы (Import pictures) және
дыбысты (Import audio or music) импорттаудың үш пункті бар.
2) Edit Movie (Фильмді монтаждау). Мұнда жинақтар (Show
Collections), бейнеэффектілер View video effects), өткелдер (View video
transitions) терезелерін, сонымен қатар титрлар (Make titles or credits)
атауларын құру мен автофильмдерді (Make an AutoMovie) құруға
арналған терезелерді көрсетуге болатын бес элемент бар.
3) Finish Movie (Фильмді құруды аяқтау). Бұл категорияда
фильмді құруға және оны компьютерде (Save to my computer) немесе
бейнекамерада (Send to DV camera) сақтауға болатын функциялар бар.
Жоба терезесінде (5-сурет) жинақтар (Collections), бейне эффектілер
(Video Effects) және өткелдер (Video Transitions) бейнеленеді.
Элементтердің осы топтары арасында өту үшін аспаптар тізімінен
немесе міндеттері панеліндегі тізімнен сәйкес пунктті таңдау қажет.
Бағдарламаның осындай облысында тақырыптарды құру (Make titles
or credits) мен автофильмдерді (Make AutoMovie) құруға арналған
терезелер көрсетіледі.
5-
сурет. Windows Movie Maker жобасының терезесі
Жинақтардың, бейне эффектілердің және өткелдердің құрамын
көру үшін енгізілген күйтабақ ойнатқышты қолдану ыңғайлы (6-
сурет). Сонымен қатар ол құрылған жобаны көрсетуге арналған, яғни
оны басты мәзірде «View» қосымшасының «Full Screen» (толық
экран) пунктіне немесе Alt + Enter пернелер комбинациясын жай ғана
басу арқылы толықэкранды режимде көруге болады.
6-
сурет. Windows Movie Maker бағдарламасының күйтабақ ойнатқышы
Бағдарламаның төменгі жағында жобаны екі режимде көруге бола-
тын панель бар (7-сурет).
7-
сурет . Windows Movie Maker бағдарламасының төменгі панелі
Бірінші режимнің көрінісі уақыттың әдеттегі шкаласына ұқсас (8-
сурет). Көбінесе бұл режим слайдтарды сұрыптау мен реттеу, оларды
ойнату
ұзақтығын
өзгерту,
тақырыптарды,
дыбысты
және
бейнеэффектілерді қосу үшін қолданылады.
8-
сурет. Уақыт шкаласы
Екінші режимнің көрінісі кадрға бөлу түрінде (9-сурет). Бұл режим
бейне эффектілер мен өткелдерді қосу кезінде қолдану өте ыңғайлы.
9-
сурет. Кадрға бөлу режимі
Режимдер арасында өту үшін «Show Timeline» мен «Show
Достарыңызбен бөлісу: |