Мыналардың қайсысы дүние жүзіндегі табиғи ресурстардың бәріне дерлік ие елдер қатарына жатады?
а) АҚШ, Аустралия; ә) Қытай, Мексика;
б) Үндістан, Тәжікстан; г) Жапония, Бразилия;
ХХ ғасыр соңындағы дүние жүзінде жылына пайдаланылатын су мөлшері қандай?
а) 0,4 млн м3; ә) 4 млн м3; б) 40 млн м3; г) 400 млн м3;
Дүниежүзілік мұхит энергиясын пайдаланып отырған ел?
а) Үндістан; ә) Қазақстан; б) Бутан; г) Франция;
10 – сынып географиясынан
«Дүние жүзі табиғат байлықтары» тақырыбы бойынша
білім тексеру тестісі
ІІ түрі
Адам тікелей қарым-қатынаста болатын табиғи және антропогендік ландшафтар қалай аталады?
а) географиялық орта; ә) қоршаған орта;
б) табиғи орта; г) антропогендік орта;
Қоғам мен табиғаттың өзара әрекеті нәтижесінде пайда болатын зардаптарға мыналардың қайсысы жатады?
а) әлем халқы санының өсуі;
ә) қалалардың өсуі;
б) табиғат ресурстарының сарқылуы;
г) табиғат ресурстарының түрлері;
Өңделетін жердің әлемдік жер қорындағы үлесі қандай?
а) 32%; ә) 28%; б) 11%; г) 3%;
Еуропа халқының тұрақты сумен қамтамасыз етілген бөлігі қанша?
а) 100%; ә) 95%; б) 85%; г) 75%;
Ағаш сүрегін өндіруден алдыңғы орындағы елдерді ата?
а) Ресей, АҚШ, Қазақстан, Сауд Арабиясы;
ә) Канада, Бразилия, Ливия, Алжир;
б) Бразилия, Швеция, Аустралия, Аргентина;
г) Ресей, АҚШ, Канада, Бразилия;
Достарыңызбен бөлісу: |