Бұл міндетті шешу үшін тәуелсіз, егемен, барлық әлем мойындаған мемлекет ретінде Қазақстанда саяси ерік және қажетті экономикалық, әлеуметтік ресурстың бәрі бар. Тәуелсіздікті сақтау және мемлекеттілікті нығайту, мүмкіндіктер теңдігін және азаматтар құқығы мен бостандығын қорғау, интеллектуалды ұлт құру және ұлттық рухты дамыту - біздің ұлттық бірлігіміздің басты ұстанымы әрі әрбіріміздің өмірлік қағидаттарымыз болуы шарт.

Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасын (бұдан әрі – Тұжырымдама) әзірлеу қажеттілігі «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарының болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыру жөніндегі «Бірегейлік пен бірлік» атты төртінші бағытының міндеттерімен негізделген.
Тұжырымдама мынадай басты қағидаттарға негізделеді: 1) негізгі бағыт – ел Президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы; 2) «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының біріктіруші құндылықтары – азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, адалдық, ғылым мен білімге құрмет, зайырлы ел; 3) қазақстандық бірегейлік пен бірліктің іргетасы – мәдени, этностық, тілдік және діни әралуандылыққа негізделген жалпыұлттық құндылықтар; 4) қазақстандық бірегейлік пен бірлік – ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасатын процесс