10 апта Бастауыш мектептегі оқыту əдістері



бет3/5
Дата28.04.2023
өлшемі35,52 Kb.
#88214
түріРассказ
1   2   3   4   5
Байланысты:
дидактика 10 апта

Лабораториялық əдіс оқушылардың өздігінен эксперимент, зерттеу жұмыстарын жүргізуіне негізделеді. Тəжірибелер жеке немесе топта жүргізілуі мүмкін. Проблемдік
/зерттеушілік/ лабораториялық əдіс əсіресе тиімді. Онда оқушылар өздері зерттеудің болжамын анықтайды, оны орындаудың жолдарын белгілейді, қажетті материалдарды жəне приборларды таңдайды.
Практикалық əдісте оқушылар алған білімді практикалық міндеттерді, есептерді шешуде қолданады. Бұл əдістің функциясы – білім мен іскерлікті тереңдету, қадағалау жəне түзету танымдық іс-əрекетті ынталандыру /стимулдау/ міндеттерін шешу.
Практикалық сабақтардағы оқушылардың танымдық іс-əрекетінің кезеңдері: 1. Мұғалімнің түсіндіруі. Жұмысты теориялық ұғыну кезеңі. 2. Көрсету. Нұсқау кезеңі. 3. Жасап көру. Екі-үш оқушы жұмысты орындайды, мұғалім оқушылар бақылап отырады, қажетті ескертулер береді. 4. Жұмысты орындау. Əрбір оқушы өздігінен тапсырманы орындайды. 5. Қадағалау. Бұл кезеңде оқушылардың жұмысы қабылданады жəне бағаланады.
Дидактикалық ойындар – шындықты моделдейтін арнайы құрылған жағдайлар, оқушылар олардың шешімдерін табуға тиісті. Бұл əдістің функциясы – танымдық процесті ынталандыру.

  1. Бағдарламаланған /программалық/ оқыту - əрекеттердің /операциялардың/ бірізділікті жүйесі, оларды орындау алдын ала жоспарланған нəтижеге əкеледі. Бағдарламалап оқытудың негізгі мақсаты – оқыту процесін басқаруды жақсарту. ПО ерекшеліктері: оқу материалы бөлек- бөлек порцияларға бөлінеді; оқыту процесі бірізділікті қадамдардан тұрады, онда білімнің порциясы жəне оларды меңгеретін ойлау операциялары бар; əрбір қадам тексерумен аяқталады

/сұрақ, тапсырма т.б./; егерде оқушы қадағалаушы тапсырманы дұрыс орындаса материалдың жаңа порциясын алады да оқытудың келесі қадамын орындайды; оқушы дұрыс емес жауап берсе көмек жəне қосымша кеңес алады; əрбір оқушы дербес жұмыс істейді жəне əлі келетін қарқында оқу материалын меңгереді; бүкіл қадағалаушы тапсырмалардың орындалуы есепке алынады жəне олар оқушының өзіне /ішкі кері байланыс/ жəне мұғалімге /сыртқы кері байланыс/ белгілі болады; педагог оқытуды ұйымдастырушы жəне оқушы қиындық көргенде кеңес беруші ролінде болады; оқыту процесінде БО құралдары кеңінен пайдаланылады /программаланған оқу құралдары, тренажерлер, қадағалайтын жабдықтар, оқыту машиналары/.
Жеке электронды-есептеу машиналарының қарқынды дамуы компьютерлік оқытудың жаңа технологиясын дүниеге əкелді. Қазіргі кезде оларды қолданудың жолдарын іздестіру қажет.
Бағдарламалап жəне компьютерлік оқыту онда алгоритмдерді бөлуге негізделген. Алгоритм дұрыс нəтижеге əкелетін бірізділікті əрекеттердің жүйесі ретінде оқушыдан оқу іс- базалық ұғымдардың кешенін жасау/, идеялардың матрицасын құру /белгілі бір тақырып бойынша əр түрлі автордың ойларын, идеяларын беру/.

  1. Практикалық əдістерге жататындар: жаттығулар, лабораториялық əдіс, практикалық əдіс, танымдық /дидактикалық/ ойындар.

Жаттығу - əрекетті меңгеру немесе оның сапасын көтеру мақсатындағы мақсатты түрде ұйымдасқан қайтадан қайталайтын оқыту əдісі болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған жаттығусыз оқу жəне практикалық іскерліктер мен дағдыларға ие болу мүмкін емес.
Жаттығуларды былайшы бөледі: арнайы /оқу, еңбектік іскерліктер мен жаттығуларды қалыптастыруға бағытталған көп рет қайталанатын жаттығулар/, /туынды/ /бұрыннан қалыптасқан дағдыларды қайталауға жəне бекітуге септігін тигізеді/, түсінік беріп отырылатын (орындалып жатқан əрекетке мұғалімдер мен оқушылар түсінік беріп отырады).
Оқыту процесінде ауызша жаттығулар кеңінен қолданады. Ауызша жаттығудың қолданатын орындары: оқудың, ауызша есептеудің, баяндаудың, білімді логикалық баяндаудың т.б. техникасы мен мəдениетін меңгеру.
Жазбаша жаттығулар /стилистикалық, грамматикалық, орфографиялық диктанттар, шығармалар, конспектілер, есептер шығару, тəжірибені суреттеу т.б./ оқытудың маңызды компонентін құрайды. Олардың басты міндеті: қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру, дамыту жəне бекіту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет