Әлеуметтануда мәдениеттің келесі типтерін бөлу қалыптасқан (көлденең типтеу):
өркениетті (мысалы, Қосөзен өркениеті, Ежелгі үнді өркениеті және т.с.с.);
өңірлік - табиғатпен, аумақпен немесе мекендеу жағдайларымен біріктірілген әртүрлі қоғамдарға қатысты;
этникалық - индустриалануға дейінгі дәуірде қандай да бір халықтың мәдениеті қалыптасқан мемлекеттік аумақтық қауымдарға қатысты;
ұлттық - қандай да бір ұлт мәдениетін индустриалдық және одан кешірек даму кезеңдерінде қалыптастырған полиэтникалық, мемлекеттік-аумақтық қауымдарға қатысты;