10-дәріс Ортағасырлық тарихнама тарих ғылымының тарихы



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата25.05.2023
өлшемі1,07 Mb.
#97640
  1   2   3   4   5
Байланысты:
tarih-ylymyny-tarihy 10 lecture



10-дәріс
Ортағасырлық тарихнама
ТАРИХ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ТАРИХЫ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 
АШЫҚ 
УНИВЕРСИТЕТІ


Кітап:
Дәріс:
Тарих ғылымының тарихы
Ортағасырлық тарихнама
2
Дәрістің жоспары: 
1.Христиандық тарихтың концепциясы 
2.Тарихи уақыттың ортағасырлық тұжырымдамасы
Дәрістің маңызды идеялары: Ежелгі Грекия мен Ежелгі Рим тарихнамасының құрылуы, қалыптасуы 
және дамуы орта ғасырларда тарихтың одан әрі дамуы үшін негізін салды. Орта ғасырлардағы тарихтың 
дамуы христиандық идеологиямен тығыз байланысты болды.
Дәрістің маңызды цитаталары:
«Өткен уақыттың тарихын жазатындар Киелі Рухтың білдіретінін немесе өзінің уақыты туралы 
баяндайтын ежелгі авторлардың беделіне сүйенеді» (Лоренцо Вала) - «Кто пишет историю минувших 
времен, тот или говорит, что диктует ему Дух святой, или следует за авторитетом древних авторов, и 
прежде всего тех, кои повествуют о своем времени» 
Христиандық тарихтың концепциясы 
Ортағасырлық тарихи шығармалар өз тақырыбы мен жанрлары бойынша көп және әртүрлі болды: 
бұлар анналдар, хроникалар, биографиялық және автобиографиялық шығармалар, жекелеген зайырлы 
және шіркеу қоғамдастықтарының тарихы, билеуші және ақсүйектер әулеттерінің генеалогиясы болды. 
Өзінің мәні мен функциясы бойынша тарихи шығармалармен агиографиялық шығармалар қабысты. 
Қасиетті адам туралы және осы қасиетті өмір кезінде немесе өлгеннен кейінгі байланысты болатын жер 
туралы әңгімелеген шығармалар осындай түрде аталды.
Әлеуметтік жадты сақтаудың ерекше түрі өлгендерді еске алудың литургиялық тәжірибесі болды. 
Олар өздерінің ата-бабалары мен ізашарларын еске алатын әлеуметтік топ мүшелерінің (отбасы, рулар, 
монастырлық қауым және т.б.) жыл сайынғы еске салу рәсімдері деп аталды. Бұл рәсімдер өткен мен 
қазіргі сабақтастық пен бірлік идеясын қолдау мақсатында өткізілді.
Тарихи шығармалардың мақсаттарын түсінуде ортағасырлық авторлар көп жағдайда антикалық дәстүрді 
жалғастырушы болды. Олар шынайылығы мен дәлдігі сенімге лайықты куәлармен немесе айғақтармен 
расталуы мүмкін оқиғаларды адал белгіледі.
Ортағасырлық тарихшылар өткенді қабылдауда, олардың көне ізашарлары сияқты (осы сөздің қазіргі 
мағынасында) долы болмады. Өткен ғасыр қазіргі заманды тудырды, бірақ ол шын мәнінде ешқалай 
ерекшеленбеді. Ізашарлардың тәжірибесі адамдарды оқытып, оларды қателіктерден сақтап тұрды. Ол тірі 
шынайылық пен іске деген сарамандық билік ретінде қабылданды. Ортағасырлық өнерде өткен дәуірге 
тән адамдардың бейнесін құру дәстүрінің болғандығы бекерге емес. Оларға күнделікті өмірде танымал 
киім, шаш, күнделікті өмірдің атрибуттары үлестіріліп берілді.
Ортағасырлық авторлар ежелгі дәуірден кейін өткенді лайықты немесе лайықсыз мінез-құлық үлгілерін 
көрсеткен мысалдар қазынасы ретінде қабылдады. Өткен уақыт мораль мен этика категорияларында 
ұғынылып, оқу мен ғибратнаманың көзі болды. Орта ғасырлық авторлар оған тиесілі қоғамдастық үшін 
өзекті идеялардың растауын іздеді. Тарихи шығармалар халықтардың ұлы өткендері мен жекелеген 
әулеттердің, ізашылардың елеулі іс-әрекеттері туралы айтуға тиіс болатын. Өткенді еске алу белгілі бір 
жерлерге, мүлікке құқықтарды растап, билік пен әлеуметтік беделге наразылықтарды жария етуі мүмкін 
болды. Бір сөзбен айтқанда, тарихи баяндау сенімді мәліметтерді жинақтау ғана емес. Тарихи әңгіме оқу 
құралы, өзіндік сана-сезімнің көзі және өзекті мәселелерді шешу құралы ретінде қолданылды. 
Антикалық және ортағасырлық тарихнаманың сабақтастығы абсолютті болған жоқ. Ортағасырлық 
тарихи сана бірқатар қағидаттық ерекшеліктерге ие болды. Оның ерекшелігі христиандық діни көзқарастар 
жүйесінде болған еді. Христиандық діни көзқарастар адамзат дамуының жалпы тұжырымдамасын - оның 
мағынасын, мақсаттарын және қозғаушы күштерін өз позициясынан анықтады.
Орта ғасырлардағы ал ғашқы тарихи еңбектерге мынадай шығармалар жатады:
1. Киелі Иеронимнің еңбектері. Ол христиандық хронологияның негізін 
қалады. 


3
Кітап:
Дәріс:
Тарих ғылымының тарихы
Ортағасырлық тарихнама
Өзінің басты сипаттарында олар жасаған тарих бейнесі орта ғасыр бойы өзгеріссіз қалды. 
Христиандықтың дамыған діни және дүниетанымдық жүйе ретінде қалыптасуы тарихи сананың жаңа 
дәстүрінің қалыптасуына алып келді.
Алғашқы беделді христиан теологтары салған тарих философиясы антикалық тарихнама тәжірибесін 
өзіне қосып алды. Бұл ретте христиан теологтары оның негізгі принциптерінен бас тартты. Тарихтың 
киелі үлгісі адамзат дамуының христиандық түсінігінің негізіне алынды. Өткен және қазіргі оқиғаларды 
түсіндіру сенім қағидатына бағдарланып, барлық Құдайдың адам өміріне араласуының шешуші мәнін 
мойындады және оқиғаларды ұтымды түсіндіру мүмкіндігін шектеді.
Киелі Кітаптың абсолюттік беделін мойындау антикалық авторлар қолданған ақпаратты сыни бағалау 
принциптерін оқолданудан бас тартқызды. Ғасыр бойы Киелі Кітап және христиан дінінің мәтіндерінің 
мазмұны күмәнданбаған шынайы ретінде бағаланды.
Ақпараттың шынайылығы мен құндылығы оны хабарлаған дереккөздің беделдік дәрежесі тұрғысынан 
бағаланды. «Беделді дерек көзі» ұғымы ортағасырлық сананың маңызды санаттарының бірі болды. 
Киелі кітап мәтіндерін ұтымды сыннан бас тарта отырып, ерте христиан тарихнамасы оларда өзге де 
мағыналарды қарастырды. Фактілер мен оқиғаларда әмбебап моральдық және мистикалық идеялардың 
сыртқы көрінісі ғана көрді.
Антикалық ойшылдардың рационализмін теріске шығара отырып, христиан теологтары антикалық 
философияның жетістіктері мен идеяларын, ең алдымен қарапайым заттарда әртүрлі мағыналардың 
түптеуін қараған кейінгі неоплатонизм идеяларын пайдаланды. Киелі Кітапта жазылған қасиетті тарих 
оқиғаларын күрделі түсіндірудің бұл жүйесі ортағасырлық ойлаудың маңызды әдісіне ие болды.
Христиан теологтары әзірлеген тарихты түсіну тәсілі мынандай болды: тарих - бұл адамдардың 
оқиғалары мен іс-әрекеттері, тек сыртқы қабатты құрайтын күрделі процесс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет