№10 Дәріс. Саяси партиялар, партиялық жүйелер және қоғамдық-саяси қозғалыстар



бет1/3
Дата25.11.2023
өлшемі193,7 Kb.
#127844
  1   2   3

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»
https://atu.kz/
«Инжиниринг және ақпараттық технологиялар» факультеті
«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы
«Әлеуметтік-саясаттану білім модулі
(әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология)
№ 10 Дәріс. Саяси партиялар, партиялық жүйелер және қоғамдық-саяси қозғалыстар.
ӘГП кафедрасының сениор-лекторы Жумабаева К.Ж.
Раб.тел.:8 (727) 296-71-52 (вн. 107)
Дәріс жоспары:
1.Саяси партиялардың негізгі максаттары, міндеттері және қызметтері.
2. Партия жүйелер ұғымы. Партиялық жүйелерді жіктеу.
3.Қоғамдық саяси қозғалыстар және ұйымдар.
Саяси партиялардың мемлекеттің саяси жүйесіндегі маңыздылығы зор. Алайда, олар бүгінгі деңгейі мен қоғамдағы беделіне жету үшін ұзаққа созылған күрес пен тартыс-таласқа толы күрделі даму жолынан өтті. Бұл даму жолын қалыптасу мен даму эволюциясы жолы деп атауға болады. Ежелгі грек қала – мемлекеттерінде олгархиялық және демократиялық “партиялар”, ежелгі Рим республикасында плебейлердің мүддесін қорғаған популярлар мен нобилитеттердің мүддесін қорғаған оптиматтар, ортағасырлық Италияда пополандар мен саудагер – колөнершілердің мүдесін қорғаушы гвельфтер және нобилдер яки феоалдардың мүддесін жақтаған гиббелиндер, ХҮІІ ғасырдың басындағы Нидерландиядағы арминиандар мен гомарилар, ХҮІІ ғасырдың ортасындағы ағылшын буржуазиялық революциясы тұсындағы просветриандар мен индепенденттер сияқты түрлі әлеуметтік - діни топтар партиялық мүдделерді қорғауды іс жүзіне асырғандығы тарихтан белгілі.
Алайда бұл шын мәнінде беделді саяси көшбасылар мен мемлекеттік қайраткерлердің төңірегіне топтасқан шағын жақтастастар мен қолдаушылардың тобы болатын. Әрине оларда қандай да бір ұйымдасқан, құрылымдық жүйесі, қызмет атқарушы апппарты мен партияларға өзге де рәміздердің болуы туралы әңгіме қозғау дұрыс емес. ХІХ ғасырға дейін “партия”, “фракция”, “мүдде” тағы басқа да осы секілді терминдер өзара аламасып отыратын бір мағыналы сөздер ретінде қолданылып келген. Осы заманғы партияларды саяси процестерді жүзеге асырудың қажетті құралы ретіндегі түсініктің қалыптасуы кейіннен капиталистік институттар мен буржуазиялық саяси жүйелердің қалыптаса бастауының нәтижесінде жүзеге асты.
Партия деген сөз латын тілінде “бөлек”, “бөлшек” деген мағынаны білдіреді. Партия ұғымын анықтауда әлі күнге дейін тұрақты бір пікір қалыптаса қойған жоқ. Мәселен, Б. Констан партия негізінде бір идеологиялық доктринаға топтасқан адамдар тобын жатқызса, М. Дюверже мемлекет жүйесінде іс-әрекет жасайтын ұйымды – партия деп қарайды. Ал марксшілдер партияны белгілі бір таптың мүддесі үшін күресетін оның алдыңғы, саналы бөлігі деп есептейді. Әртүрлі пікірлерге тән ортақ ойларды ескере отырып, біздіңше, мына анықтамаға тоқтаған абзал.
Партия –белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін іске асыру жолында үкімет билігін пайдаланатын адамдардың ерікті ұйымы. Партияның әлеуметтік саяси мәнін көрсететін үш факторға назар аударыңыздар:
  • Белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін іске асыру;
  • Билік тұтқасын осы мақсатта пайдалану;
  • Партия құрамына кіру мен шығу еркіндігін беру.

  • Бастапқыда партиялар саяси жүйенің маңызды элементі ретінде Европа елдерінде, сонан соң әлемнің басқа бөліктерінде қалыптасып, орнықты. Бұл елдердің көшбасында Ұлыбритания және АҚШ болды. АҚШ –та буржуазиялық саяси жүйені құрудың саяси – құқықтың негізін қалаған тәуелсіздік Декларациясы мен Конституцияда партиялар туралы, олардың қоғамдағы орны мен рөлі туралы ешқандай да мәсе қарастырылмаған. Ал американдық мемлекеттіліктің негізгі параметрлерін бекіткен “Федералдық” заңдар топтамасында партиялар туралы тіптен олардың кертарпа рөлі туралы сөз болады.

Джорж Вашингтон партиясыздық негізінде тұңғыш президент болып сайланды, және өзін партиялар мен саясаттан жоғары тұрмын деп санады. Өзінің әйгілі “Қоштасулық жолдауында ” ол “партиялық рухтың” қатерлілігі туралы жазды.
АҚШ – ның мемлекет ретінде орнығып, дамудың тұрақты жолына түсу кезеңіндегі саяси қайреткерлердің көпшілігі республикалық басқару формасы шеңберінде партияларға мұқтаждықтың тіптен де қажеті жоқ деген көзқарасқа сенімдері кәміл болған. Бұған себеп, құрылған партиялардың қай қайсы да өздерін абсолютті дұрыс бағытта деп санап, өзге партияларды жоюды өздерінің басты мақсаты деп санады. Бір айта кететін жәйт АҚШ – та 1844 жылға дейін президенттік биліктен кеткен бір де бір партия билікті қайта жеңіп алған емес.
ХІХ ғасырдың өн бойында партиялардың қоғамдық өмірдегі рөлі мен орны туралы пікір талас бір сәтке толастаған жоқ, дегенмен ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында саяси партиялар қоғамның саяси жүйесінің маңызды элементтерінің бірі болып орнықты деп айта аламыз. Мысалы 1861 жылғы Ұлыбританиядағы парламенттік сайлауда партиялар сайлауға мүлде қатыспаған болса, 1951 жылғы сайлауда биліктік құрылымдарға партиялардан тәуелсіз бір де бір үміткер сайлана алған жоқ.
Алғашқы құрылған партиялар қатарында ХІХ ғасырдың ортасында құрылған Германиядағы Прогрессивтік партия, Бельгияның либеральдық партиясы және т.б. атуаға болады. Олардың үлгісімен Англияда консерваторлар клубы құрылды т.т.
Партиялардың түрлері
САЯСИ ИДЕОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША ПАРТИЯЛАРДЫҢ САЯСИ ӨМІРДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ БОЙЫНША
АЛДЫНА ҚОЙЫЛҒАН МАҚСАТТАРЫ БОЙЫНША
  • .Коммунистік партиялар
  • Консервативтік партиялар 
  • Либералды партиялар
  • Демократиялык партиялар
  • Фашистік партиялар
  • Революциялық партиялар
  • Реформисттік партиялар
  • Діни партиялар
  • Ұлттық партиялар

Саяси партиялардың атқаратын негізгі функциялары:
    • Қоғамдағы ірі топтардың мақсат-мүдделерін анықтау, тұжырымдау, дәлелдеу.
    • Ірі қоғамдық топтарды ұйымдастыру, олардың белсенділігін арттыру.
    • Саяси идеологияны қалыптастыру.
    • Саяси жүйені, оның жалпы принциптері мен салаларын қалыптастыруға қатынасу.
    • Қоғамдық пікір қалыптастыру.
    • Мемлекеттік аппарат, кәсіподақтар, т.б. үшін кадр дайындау, оларды ұсыну.

Саяси партиялардың негізгі мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет