10 философиялық бағыт туралы анықтама жасау



Дата11.12.2022
өлшемі15,26 Kb.
#56469

10 философиялық бағыт туралы анықтама жасау.

1. Материализм - материя, табиғат, болмыс алғышқы, ал сана, рух, ой - материяның қасиеті болғандықтан туынды деп санайтын, идеализмге түбірінен қарама-қарсы ғылыми-философиялық бағыт. Материалисттік ілім бойынша дүние, табиғат мәңгілік, ол жаралмайды да, уақыт пен кеңістікте шексіз-шетсіз өмір сүреді. Материализм адам санасын , ойын сыртқы дүниенің бейнесі деп қарастырып, дүниені танып білуге болатынын дәлелдейді.


2. Идеализм — («Платон сызығы») — философиядағы бағыт, оның жақтаушылары материя мен сананың қарым-қатынасында сананы (идея, рух) бастапқы деп санаған. Идеализмде екі дербес бағыт бөлінеді: объективті идеализм (Платон, Лейбниц, Гегель және т. б.)); субъективті идеализм (Беркли, Юм). Объективті идеализмнің негізін қалаушы Платон. Объективті идеализм тұжырымдамасына сәйкес: нақты идея ғана бар.
3. Субъективті идеализм - объективті дүниені адамның таным іс-әрекетіне және таным құралдарынан тәуелсіз тіршілік ететін зат ретінде қарастыруға болмайтын философиялық бағыт.
4. Дуализм (екі жақты) - материалдық және рухани мәдениетті екі қарама - қарсы, бірақ негізі мәдени элементте бір - бірімен тығыз байланыста болады деп қарастыратын ілім, яғни мәдениет дуализмі. Дуализм - заттардың, «мәндердің», шындықтың және т.б негізгі формалары екі қарама-қарсы түрлерге жататын, бір-біріне айнала алмайтындығы туралы доктрина.
5. Деизм (лат. deus - Қүдай) - Қүдайды әлем мен адамды жасаған және оларды үздіксіз басқаратын түлға ретінде түсінетін теизмге қарағанда деизм қүдайды табиғаттан тыс және уақыт пен кеңістікте алысталған, бірақ табиғатқа тек алғашқы қатынасы болған абстрактылы бастама ретінде түсіндіреді. Басқаша айтқанда, Құдай әуелде адамды, табиғатты, қоғамды – бәрін жасады, ал кейін олардың ісіне араласпайды.
6. Гнистицизм дүниені танып білуге болады дейді, интуиция мен мистика арқылы құдай туралы білімге қол жеткізуге болады деп санайды.
7. Агностицизм танып білуді жоққа шығарады, айтылған нанымдарды таңдамайды немесе оған қарсы болмайды, бірақ оның ұлылығын түсінуге қабілеті жоқ екенін мойындайды.
8. Эмпиризм – таным негізінде тек қана сезімдік тәжірибе (чувственный опыт) жатыр. Жеке адам немесе адамзаттың тәжірибесі (теориялық, практикалық) көбейген сайын ол ақиқат білімге жақындай түседі.
9. Рационализм (лат. ratio - ақыл) – ақылды, ойлауды ең анық, сенімді білімнің негізі және қайнар көзі деп есептейтін философия мен ғылым әдіснамасындағы (методологиясындағы) бағыт. Бұл термин тек ХІХ ғ. ғана белсенді қолданыла бастады. Рационалистік дәстүр әдетте эмпириялыққа, сол сияқты (басқа негіздерде) иррационализмге қарсы қойылады. Рационализм үшін ойлаудың сезімдерден басымдылығын (артықшылығын) бекіту тән, бұл жәйт антикалықтан басталатыны белгілі (элеаттар, атомистер, Платон және т.б.).
10. Вульгарлық материализм - оның өкілдері (Фохт, Молешотт) материяның рөлін абсолюттейді, физика, математика және химия тұрғысынан материяны зерттеумен, оның механикалық жағынан аса әуестенеді, сана-сезімді мәні ретінде елемейді және оның материяға жауапты әсер ету мүмкіндігі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет