10 жарнама, оның МӘНІ, функциясы, ролі мен мағынасы


Жарнама түрлері мен құралдары, оларды таңдау



бет5/5
Дата06.01.2022
өлшемі16,87 Kb.
#16378
1   2   3   4   5
Байланысты:
л 13

Жарнама түрлері мен құралдары, оларды таңдау.

Тұтынушыға жарнама әр түрлі құралдар арқылы жетеді. Жарнама түрлерін былайша жіктеуге болады:



  1. мақсаттық белгіленуіне қарай:

    • тауарлар мен қызметтер жарнамасы;

    • идея – ойлар жарнамасы;

    • пайда алу үшін бағытталған коммерциялық жарнама;

    • пайда алуды көздемейтін коммерциялық емес жарнама (қайырымдылық қоры, діни және саяси ұйымдардың жарнамасы).

  2. мақсатты бағытына сәйкес жарнама типтері.

  1. Марка жарнамасы тұтынушылардың тауар маркасы туралы хабардар болуына және фирманың нарықтағы үлесін арттыруға бағытталған. Оның мақсаты – бәсекелес марканың сатып алушыларын үйіру арқылы таңдамалы сұранысты ынталадыру.

  2. Тауар жарнамасының мақсаты – жалпы тауар категориясына алғашқы сұранысты ынталандыру. Мұндай жарнама салалық өткізуді өсіруге бағытталған болса, марка жарнамасы осы өткізу көлемімен өзі үлесін бөліп алуға арналған.

  3. Корпорация немесе компания жарнамасы олардың бейнесін жасауға бағытталған.

  4. Бірлескен жарнамада өндіруші бөлшек саудагерлердің тауарларды жарнамалауға кеткен шығындарының орнын толтырады.

Имидж жарнаманың негізгі мақсаты – адамдар санасында тауардың немесе фирманың жағымды бейнесін жасау, ал ынталандырушы жарнаманың мақсаты – тауарлар мен қызметтердің өткізілуін ынталандыру.

    1. практикалық мақсаттар үшін ең ыңғайлысы - өткізу арналары арқылы жарнаманы жіктеу.

Баспа жарнамасы – ол тек көріп, қабылдауға арналған жарнамалық – каталогтық басылымдар.

Баспасөздегі жарнама. Бұл – хабарландыру және шолу жарнама жарияланымдары сипатында баспасөзде жарияланған әр түрлі жарнамалық материалдар (мақалалар, репортаж, шолу, т.б.).

Радиожарнама. Негізгі түрлері – радиохабарландырулар, радиожурналдар, радиорепортаждар, радиороликтер.

Тележарнама.

Аудиовизуалды жарнама.

Сыртқы жарнама. Бұл – көру сезімі арқылы қабылданатын жарнама.

Көліктегі жарнама. Бұл – автобус, троллейбус және т.б. көлік түріне орналастырылатын жарнамалық мәліметтер, хабарландырулар.

Тікелей пошталық жарнама.

Жарнама сувенирлері – фирма қызметін таныту үшін қолданылатын фирмалық сувенирлер, сериялық сувенирлік заттар, сыйлықтар, фирмалық орамалар.

Компьютерлендірілген жарнама.

Интернет арқылы жарнама.

Жарнама маманы жарнама құралының ең тиімдісін таңдап алуы қажет. Жарнама құралдарын таңдауға әсер ететін негізгі факторлар: аудитория көлемі мен құрамы, мақсатты аудиторияның жарнама құралына көзқарасы, тауар мен үңдеу түрі және жарнама бағасы.

Жарнама бағасы Бж (мың адамға) мына жолмен есептеледі:

Шж

Бж =

А

Мұндағы: Шж жарнамаға кеткен жалпы шығындар; А – басылым тиражы немесе бақылау аудиториясы, мың адам.



Жарнама жеткізушілері - бұл жарнаманың әр түрін тарататын нақты құралдар. Бұл – нақты журналдар, телешоу және радиобағдарламалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет