10,12, 13,14,15,16,17,18,19
10 Жерге меншік құқығын бұзу
Тексеру барысында Смағұлов А.С. өз еркімен 2007жылдан бері ешқандай жерді пайдалануға құқық беретін құжаттарын заңдастырмай 12,0 га жерге соқа салып, арпа егіп келгені анықталды. Смағұлов осы уақытқа дейін салық органдарына тіркеуге тұрмаған. Соған сәйкес Қ.Р. ӘҚБ Кодексінің 118-бабы бұзылып отыр. (ӘҚБ Кодексінің 636 бабына сәйкес 118 бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер сот органдарына жіберілуі тиіс.)
12 Арнаулы белгілерді жою
13 Жерді бүлдіру
Жеке кәсіпкер Айтиев Н.А. Жамбыл ауданында Ақтас тас жолының бойына Жанар жағармай құю станциясын орналастырып, жерді пайдалануға құқық беретін құжаттарын заңдастырған. Мемлекеттік акт №0035682. Тексеру барысында Айтиев Н.А. жанар жағар май құю сианциясын орналастыру мақсатында жанындағы “Балғын” өндірістік коопертивіне тиесілі 0,5 га жайылымдық жердің су, жел эрозиясына ұшыруына, құнарлы қабатының төмендеуіне жол берген. Соның салдарынан Қ.Р. Жер Кодексінің 104-бабын және ӘҚБ Кодексінің 250-бабы бұзылып отыр.
14 Жерді пайдаланудың табиғат қорғау режимі талаптарын орындамау
«Ақкенже» шаруа қожалығының басшысы Алмасов А.С. пайдаланудағы 40,0 га егістік жерді белгіленген тәртіп бойынша заңдастырған, мемлекеттік акт №0000659 , жерді толық игеруде. Бірақ Алмасов А.С. 10,0 га суармалы егістік жерге 3 жерден құрылыс жүргізуге жол берген. Ол жердің категориясын бір түрден екінші түрге өз еркімен ауыстырып, жердің нысаналы мақсатын бұзған. Сөйтіп, Алмасов Жер кодексінің 2- бабы, ӘҚБ кодексінің 252-бабы бұзылып отыр.
15 Жерді нысаналы мақсатында пайдаланбау
«Ақниет» шаруа қожалығының басшысы Қалиев Ш.К. пайдаланудағы 50,0 га егістік жерді белгіленген тәртіп бойынша заңдастырған, мемлекеттік акт №0000157 , жерді толық игеруде. Бірақ Қалиев Ш.К. 10,0 га суармалы егістік жерге 4 жерден құрылыс жүргізуге жол берген. Ол жердің категориясын бір түрден екінші түрге өз еркімен ауыстырып, жердің нысаналы мақсатын бұзған. Сөйтіп, Қалиев Жер кодексінің 2- бабы, ӘҚБ кодексінің 253-бабы бұзылып отыр.
16 Уақытша иеленген жерді қайтару мерзімдерін бұзу немесе оны мақсатына орай пайдалану үшін жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді орындамау
Мысал. Баймолданов А.А. шаруа қожалығын жүргізу үшін 2003 жылы 4-ақпанда үш жыл мерзімге уақытша пайдалануға 10,0 га егістік жер берілген. Бірақ Баймолданов А.А. Жер кодексінің 65 бабының 1-тармағындағы талаптарды бұзған. Себебі пайдаланудағы жердің мерзімін жоғарыдағы бапқа сәйкес ұзартпастан игере берген. Сөйтіп ҚР ӘҚБ кодексінің 254- бабын қатаң бұзып отыр.
17 Іздестіру жұмыстарын жер учаскесін пайдалануға рұқсатсыз жүргізу
Қазығұрт ауданы, Шарбұлақ ауылында Еңбек гранит мемлекеттік кәсіпкер «Болашақ» шаруашылық қожалығына қарасты 3,0 га жайылымдық жерде ешқандай рұқсатсыз іздестіру жұмыстарын жүргізіп, кейін ашық түрде гранит тасын өңдеумен айналысқан. Соған сәйкес Қ. Р. ӘҚБ Кодексінің 255-бабы бүзылғаны анықталды. Барлық өңдеу жұмыстарын құжаттарын заңдастырғанша тоқтату туралы 2023 жылы 10 сәуірде №67 нұсқау берілді.
18 Жер учаскелерін беру туралы өтінімдерді қараудың белгіленген мерзімдерін бұзу
«Жасыл-жайлау» өндірістік кооперативінің басшысы Көөпев Д. Т. арызына байланысты тексеру барысында Жамбыл ауданындағы МҒӨО-ның маманы Сапиев П. К. Көөпев Д. Т-ның жерге орналастыру құжаттарын заңдастыру туралы өтінішін өткізгеніне 10-ай болған. Соған сәйкес ӘҚБ Кодексінің 256-бабы бұзылып отыр.
19 Жерді пайдалану мен мемлекеттік бақылау бойынша есеп құру және жылдық есеп беруді рәсімдеу
Достарыңызбен бөлісу: |