10 класс физика тестері


-тарау.Тұрақты электр тогы



бет9/14
Дата07.01.2022
өлшемі340 Kb.
#20350
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
физикадан тестері

9-тарау.Тұрақты электр тогы

Тұрақты ток тақырыбына тест сұрақтары

1. Өткізгіш бойымен 10 А ток жүрген кезде оның көлденең қимасы арқылы 1 с ішінде қанша электрон өтеді?

А) 1,6*10-22; В) 6,25*1020; С) 16*1023 Д) 6,25*1019 Е) 16*102.

2.Өткізгіш ұштарына түсетін кернеу екі есе артқанда оның бойымен қозғалатын еркін электрондардың жылдамдығы қалай өзгереді?

А) өзгермейді; В) 3 есе артады; С) 2 есе артады;

Д) 2 есе кемиді; Е) 3 есе кемиді.

3. Егер кедергісі 8 Ом өткізгіштен 4 мин ішінде 120 Кл заряд өтетін болса, оған түсетін кернеу қаншаға тең?

А) 6 В; В) 4В; С)3 В; Д) 5В; Е) 2В.

4.6 Ом кедергіге арналған мектептің сырғымалы тиекті лабораториялық реостаты ұзындығы 6,7 м, көлденең қимасының ауданы 0,5мм2 сымнан оралған. Сымның меншікті кедергісін анықтаңыз?

А) 47*10-8 Ом*м; В) 110*10-8 Ом*м; С)72*10-8 Ом*м;

Д) 63*10 Ом*м; Е)36*10-8 Ом*м.

5. Суретте көрсетілген электр тізбегінде амперметр 0,015 А ток күшін, вольтметр 6 В кернеуді көрсетеді. Егер R1=800 Ом болса, вольтметрдің R2 кедергісі қаншаға тең?



А) 400 Ом; В) 500 Ом; С) 600 Ом; Д) 700 Ом; Е) 800 Ом.



6. Суретте көрсетілгендей 120 В кернеу және 2 А ток кезінде әдеттегідей жанатын элетр шамын 220 В-тың электр желісіне қосу үшін қосымша кедергінің қандай шамасын алу қажет?

А)20 Ом; В)30 Ом; С)40 Ом; Д)50 Ом; Е)60 Ом.



7.Суретте көрсетілген схеме бойынша R1=30 Ом кедергіден өтетін ток 4 А. Егер R2 кедергісі арқыл өтетін токтың шамасы 0,5 А болса, оның кедергісі қаншаға тең?

А)120 Ом; В) 160 Ом; С) 220 Ом; Д) 200 Ом; Е) 240 Ом.


8.Суретте келтірілген тізбекке 42 В кернеу түскен кезде амперметр 3 А ток күшін көрсетті. Егер R1=6 Ом, R2=3 Ом болса R3 кедергінің шамасы қандай болғаны?

А) 8 Ом; В)10 Ом; С) 12 Ом; Д) 14Ом; Е) 16 Ом.

9.Кедергісі 18 Ом өткізгіштің бойымен 3 мин ішінде 200 Кл заряд өтті. Токтың жұмысын есептеңдер.

А) 3 кДж; В) 4 кДж; С)5 кДж; Д) 6 кДж; Е)6,4 кДж;

10.220 В кернеуге қосқанда 10 мин ішінде 66 кДж жылу беретін қыздырғыштың кедергісі қандай болады?

А) 440 Ом; В) 280 Ом; С) 360 Ом; Д)460 Ом; Е) 380 Ом.

11.220 В кернеуге арналған қуаты 101 кВт электр қыздырғышының кедергісі қаншаға тең?

А)32 Ом; В) 36 Ом; С) 40 Ом; Д) 44 Ом; Е) 48 Ом.

12.Қалта фонарын ЭҚК-і 4,5 В-қа тең элементтен қоректендіргенде оның шамының қыл сымы арқылы 0,5 А ток өтеді . Шамның 1 мин жануы кезіндегі сыртқы күштердің өндірген жұмысы қаншаға тең?

А) 12 Дж; В) 135Дж; С)125 Дж; Д)140 Дж; Е)145 Дж.

13.ЭҚК-і 12 В ішкі кедергісі 0,9 Ом аккумуляторды кернеу көзінен зарядтаған кездегі зарядтау тогының шамасын анықтыңыз. Өткізгіш сымдардың кедергісін 0,1 Ом деп алыңыз.

А)2 А; В)2,4 А; С)2,8 А; Д) 3,2А; Е)3,6 А.



14.Аккумулятор бір-бірімен тізбектей қосылған 5 элементтен тұрады. Әрбір элементтің ЭҚК 2,1 В және ішкі кедергісі 0,25 Ом. Егер сыртқы тізбек суретте көрсетілгендей жалғастырылған R1=4,5 Ом, R 2= R3=6 Ом кедергілерден тұрса, тізбектің тармақталмаған бөлігіндегі ток күші қаншаға тең?

А) 2А; В) 1,2 А; С) 1,4 А; Д) 1,6 А; Е) 1,8 А.



15. ЭҚК көздерінен тұратын 6 элементтің, суретте көрсетілгендей 4-еуі тізбектей, екеуі параллель қосылған. Әрбір элементтің ЭҚК-і 1,5 В және ішкі кедергісі 0,5 Ом. Сыртқы тізбек кедергісі 12,75 Ом болса, онымен жүретін ток шамасы қаншаға тең?

А)2 А; В) 1,5 А; С) 1 А; Д) 0,5 А; Е) 0,3 А.

Жауаптары:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Д

С

В

А

Е

Д

Е

С

В

А

Д

В

А

С

Д




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет