10 Математика сабақтарында оқушылардың өзіндік және шығармашылық қызметтерін ұйымдастыру


Математиканың даму тарихын төрт кезеңге бөледі



бет5/5
Дата13.01.2022
өлшемі106 Kb.
#24006
түріСабақ
1   2   3   4   5
Математиканың даму тарихын төрт кезеңге бөледі:

1.Математиканың тууы. Бұл кезең тарихқа дейінгі өте ерте дәуірден басталып, б.з.д. 4-5ғасырға дейін созылады. Бұл аралықта математикалық білім дағдылар молайып, қорланады, математиканың алғашқы да негізгі ұғымдары (сан, фигура т.б) қалыптасты.

2.Тұрақты шамалар және элементар математика. Б.з.д 6-5 ғасырдан бастап б.з 17 ғасырға дейін созылған. Бұл аралықта тұрақты шамалардың қасиеттеріне зерттеулер ашылады. Арифметика, геометрия, алгебра, тригонометрия ұғымдары дербес салалар болып бөлініп шығады.

3.Айнымалы шамалар және жоғары математика. XVIIғ. Бастап ХІХ ортасына дейін созылған бұл дәуір жоғары математиканың білім негізін қалайтын математика салалары бар.Олар Декарт(1596-1650) еңбектерінде жасалынған аналитикалық геометрия Ньютон (1642-1727) және Лейбниц (1646-1716) негізін құрған дифференциалдық және интегралдық есептеулер, ықтималдықтар теориясы.

4.Қазіргі математика. Бұл дәуір ХІХғ. Ортасынан басталады. Мұнда математика пәні мен қолданылу облыстары мейлінше көбейіп көптеген математикалық жаңа теориялар т.б.

4. Математиканы оқытудың осы әдістемелік жүйесінің әрқайсысы, сондай-ақ олардың арасында орын алатын байланыстар мен қатынастар әдістемелік – математикалық ғылымның зерттеу пәні бола алады.

Жалпы алғанда, әдістемелік - математикалық зерттеудің төмендегідей негізгі кезеңдерін бөліп көрсетуге болады:

1. Зерттеу жұмысының негізгі ұғымдарына (зерттеудің нысанына, пәніне, мақсаты мен міндеттеріне) сипаттама беру. Зерттеудің бұл кезеңінде теориялық ізденіс әдістері пайдаланылады, мұнда зерттеуші зерттеу жұмысының ерекшеліктері мен өзінің мүмкіндіктерін ескереді.

2. Қойылып отырған мәселенің мектеп тәжірибесіндегі шешілу жағдайына талдау жасау.

3. Зерттеу болжамын нақтылау.

4. Зерттеу болжамының сенімділігін тексеру.

5. Зерттеу нәтижелерін жалпылау және қорытындылау.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі түрлері: курстық және дипломдық жұмыстар.

Дипломдық жұмыс студенттің математиканы оқыту әдістемесінің белгілі бір мәселесі бойынша өздігінен орындайтын зерттеу жұмысы болып табылады. Диплом жұмысының құрылымы – жұмыста көрініс табатын мәселелерді қамтитын тараулар мен тақырыптардың белгілі бір рет-тәртіппен орналастырылған жүйесі. Ол негізінен алғанда, мына сияқты элементтерден тұрады:

1. Титул беті – жұмыстың алғашқы беті.

2. Мазмұны – жұмыстың тараулары мен тақырыптарының атаулары келтіріледі және олардың әрқайсысы басталатын беттер көрсетіледі.

3. Кіріспе, мұнда келесі ретпен зерттеу жұмысының әдіснамалық аппараты келтіріледі:

- зерттеу тақырыбының өзектілігі(мұнда қойылып отырған мәселенің бүгінгі күн талаптары тұрғысынан алғандағы көкейкестілігі дәлелденіп, осының негізінде орын алып отырған қарама-қайшылық анықталады).

- зерттеу нысаны.

- зерттеу пәні.

- зерттеудің мақсаты.

- зерттеудің міндеттері.

- зерттеудің әдіснамалық негіздері.

- зерттеудің ғылыми және практикалық жаңалығы.

- зерттеудің әдістері.

- диплом жұмысының құрылымдық элементтерінің қысқаша сипаттамасы.

4. Диплом жұмысының негізгі бөлігі (олі әдетте, әрқайсысы тармақшаларға бөлінетін екі немесе одан көп тараулардан тұрады).

5. Қорытынды.

6. Пайдаланылған әдебиет тізімі.

7. Қосымшалар.

Бүгінгі студент-болашақ математика пәні мұғалімінің кәсіби біліктілігін жетілдіре түсуге және әдістемелік зерттеу жұмысын жүргізуге мүмкіндік беретін маңызды саланың бірі - педагогикалық практика. Педагогикалық практика мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес білім беру бағдарламасында және оқу жоспарында көрсетіледі және студенттің жеке оқу жоспарына енеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

       1. Қаниева Г. Оқушының ойлау қабілетін дамыту / Г.Қаниева // Қазақстан мектебі.- 1991.-№ 5.- 3-10 бет.



        2.М.М. Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінді»

        3.  Құдайбергенова К.С «Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары»

        4. Мінайдарова «Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге үйрету» //Математика және Физика//

        5. Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы



6. Математика және физика. № 2, 2013 жыл.7

7.Ұстаздық шығармашылық.Алматы 2007. Б.А.Тұрғынбаева

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет