10. Мидың дамуы, ми көпіршіктері, олардың туындылары, қалдық қуыстары



бет2/2
Дата19.11.2023
өлшемі19,53 Kb.
#124832
1   2
Байланысты:
10. Мидың дамуы, ми көпіршіктері, олардың туындылары, қалдық қуы-emirsaba.org

Сопақша мидың ішкі құрылысы. Сопақша ми тепе-теңдік пен есту ағзаларының дамуына, сондай-ақ тыныс алу мен қан айналысына қатысы бар желбезек аппаратына байланысты пайда болды. Сондықтан онда сұр заттың тепе-тендікке, қимыл-қозғалыстарды үйлестіруге, сол сияқты зат алмасу, тыныс алу және қан айналысын реттеуге қатысы бар ядролары орналасқан.
1. Nucleus olivaris - оливалық ядро, оның медиалды жағы ашық (hilus) цішіні сұр заттың иілген табақшасы тәрізді, ол оливаның сырт жағынан томпаюына себепті болады. Ол аралық тепе-тендік ядросы болып табылады (тағы да nucleus olivaris accesorius medialis кездеседі). Соңдықтан адамда жақсы дамыған, себебі тік жүру үшін жетілген тепе-тендік аппараты қажет.
2. Жүйке талшықтарының айқаса өрілуі мен олардың арасында жататын жүйке жасушаларынан түзілетіп торлы құрылым – formatio reticularis.
3. Желбезек аппараты туындылары мен ішкі ағзаларды жүйкелендіруге қатысы бар төменгі бассүйек жүйкелерінің (XII-IX) төрт жұбының ядролары.
4. Кезбе жүйкесінің ядроларымен байланысқан тыныс алу мен қан айналымының өмірлік маңызды орталықтары. Соңдықтан да сопақша ми зақымданғанда адам өліп кетуі мүмкін.
Сопақша мидың ақ затында ұзын және қысқа талшықтар бар. Ұзын талшықтарға жұлынның алдыңғы жіпшелеріне тура өтетін, бір бөлігі пирамидалар аймағында қиылысатын, төмен түсетін пирамидалық жолдар жатады. Сонымен қатар артқы жіпшелердің ядроларында nuclei gracilis et cuneatus жоғары көтерілетін сезімтал жолдардың екінші нейрондарының денелері жатады. Олардың өсінділері сопақша мидан таламусқа tractus bulbothalamicus кетеді. Бұл буданың талшықтары медиалды ілмекті lemniscus medialis түзеді, ол сопакша мида қиылыс, decussatio lemniscorum түзіп, пирамидалардан дорсалды, оливалар арасында олива аралық ілмек қабаты түрінде әрі қарай кетеді. Сөйтіп, сопақша мида ұзын өткізгіш жолдардың екі вентралды қозғалтқыш decussatio pyramidum және дорсалды сезімтал - decussatio lemniscorum қиылыстары бар.
Қысқа жолдарға сұр заттың жеке ядроларын өзара байланыстыратын, сондай-ақ сопақша ми ядроларын мидың көрші бөлімдерімен қосатын жүйке талшықтарының будалары жатады. Олардың ішінен tractus olivocerebellaris-пен олива аралық қабаттан дорсалды жататын fasciculus longitudinalis medialis-ті атап көрсетуге болады.
Сопақша мидың ең басты түзілістерінің өзара қатынастарын оливалар деңгейінде жасалған көлденең кесіндіден көруге болады. Тіл асты және кезбе жүйкелер ядроларынан шығатын түбіршіктер сопақша миды үш (артқы, бүйір және алдыңғы) аймақтарға бөледі. Артқы аймақта – артқы жіпше ядролары мен мишықтөменгі аяқшалары, бүйір аймақта - оливаның ядролары мен formatio reticularis және алдыңғы аймақта - пирамидалар жатады.
http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет