Нәтиже үшін кесте:
Сызықтық өлшем(мм)
|
Беттік аудан (мм2)
|
Көлем (мм3)
|
Беттік ауданның көлемге арақатынасы
|
Текшенің толықтай түссіздену уақыты(с)
|
Диффузия жылдамдығы (мм с-1)
|
2
|
24
|
8
|
3:1
|
20
|
0,05
|
4
|
96
|
64
|
1,5:1
|
50
|
0,04
|
6
|
216
|
216
|
1:1
|
80
|
0,03
|
8
|
384
|
512
|
0,75:1
|
120
|
0,03
|
Болжам:
Егер беттік ауданның көлемге қатынасы жоғарылайтын(зерттеуші қалауы бойынша өзгертеді) болса, онда диффузия тез жүреді (тәжірибе нәтижесі).
Қорытынды:
Беттің ауданы мен көлемінің қатынасы текше көлемінің өсуіне байланысты азаяды немесе көбейеді.
Беттік ауданның көлемге қатынасы өскен сайын диффузия жылдамдығы артады.
Модельдеу «Адам хромосомасы жиынтығынан кариограмм құру. Геномдық мутацияны оқып білу»
1-конспект
Адамның хромосома жиынтығында 22 жұп гомологиялық сомалық хромосома және бір гомологиялық жұп жыныстық хромосома бар. Хромосома терминін ғылымға ғалым В. Вальдейер енгізген. Ол хромосоманың тығыз құрылымды екенін және шиыршықталу үдерісінде боялғанын көрді. Жасушалардың бөлінуі кезінде хромосома құрылымын өзгертеді.
Мысалы, интерфаза кезінде жыныстық хромосома айқын құрылымды болмайды және микроскоппен қарағанда, жіп тәрізді көрінеді. Содан кейін хромосома X-тәрізді пішінде болады. Мейоздың I фазасында жұптасып, бивалент түзеді. Бөлінудің келесі кезеңінде хромосома көрінеді, ол хроматидтен тұрады әрі жасушаның түрлі полюсіне таралады. Бұл әр жыныстық жасушада хромосоманың гаплоидты жиынтығының пайда болуына ықпал етеді. Жыныстық гаметалар қосылғанда хромосома саны екі есеге артып, 23 жұп гомологты хромосома түзіледі.
Хромосоманың гендер жиынтығы әртүрлі және олар басқа хромосомалардан сыртқы түрімен ерекшеленеді. Иықтың арақатынасына сәйкес хромосоманың бірнеше түрі бар. Ең жиі кездесетін хромосома түрі: телоцентрлі (айқын центромерамен), акроцентрлі (тең емес иықты), субметацентрлі (әлсіз тең емес иық), метацентрлі (тең иықты).
Геномдық мутацияны зерттеу үшін адамның кариограммасы – адамның хромосомаларының диплоидты жиынтығының графикалық көрінісі құрастырылған. Кариограммада барлық хромосома топқа бөлініп, өлшемнің кішірею ретімен орналасады. Кариограммада бейнеленген гомологиялық хромосоманың соңғы жұбы – жыныстық хромосома жұбы. Кариограмма адамның кариотипін көрсетеді, ол жыныс, хромосома саны және олардың құрылымының ерекшелігі туралы ақпарат береді.
Кариограмманы алу үшін қан жасушасы, қызыл сүйек кемігі, эмбрион мен ұрық қабықшасының жасушасы қолданылады. Науқастан алынған жасуша қоректік ортаға орналастырылады және бөлу стимуляторының көмегімен белсенді бөлінуге ынталандырылады. Бөліну сатысында колхицин қоректік ортаға қосылады, бұл тубулиннің микротүтікшесінің пайда болуына жол бермейді. Қосылу үдерісі хромосома жасушаның әртүрлі полюсіне бөлінген кезде жүзеге асады.
Жасушаның бөлінуі колхицин қатысқанда, метафаза пластинкасы пайда болған кезде профазаның соңында кенеттен тоқтайды. Бұл кезеңдегі барлық хромосома бір жазықтықта орналасқан және жарық микроскопта айқын көрінеді. Содан кейін жасушалар гипотониялық тұзды ерітіндіге орналастырылад,нәтижесінде жасушаның көлемі мен хромосома арасындағы арақашықтық ұлғаяды. Олар цитоплазмада еркін қозғалады. Бұл формада хромосома боялып, суретке түсіріліп, микроскоппен зерттеледі.
Модельдеу «Кладограмма құру». Филогенетикалық картаның әртүрлі формасы. Кладограммалар мен филогенетикалық ағаштардың айырмашылығы
1-конспект
Кладограмма және филогенетикалық ағаш – ағзалардың жүйелік тобының шығуы бейнеленген графикалық әдіс. Бұл – эволюциялық үдеріс, ортақ ата тектен жаңа түрлердің жарыққа шығуын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |