«Менің ойымдағы қойылым сюжеті»
Жазылымалды тапсырма
Оқушыларға тұрақты тіркестердің мағынасын талқылау тапсырылады.
Ақ саусақ-жалқау
Асығы алшысынан түсу-жолы болу
Ат салысу-көмектесу
Ат ізін салмау-хабарласпау
Ат ізін суытпау-жиі келіп тұру
Әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ-тәртіпсіздік
Бес аспап-өнерлі
Дымын шығармау-үндемеу
Еңбегін сауу-адал күн кешу
Жұлдызы оңынан туу-жолы болу
Қанына сіңу-әдеттену
Жазылым тапсырмасы
«Фанфикшн» әдісі туралы бойынша шығармадағы бір кейіпкердің бірін таңдап, оның тағдыры ары қарай қалай өрбитінін жазады. Оқушылар жоғарыда келтірілген тұрақты тіркестерді қолданып жазады.
|
Жазылым жұмысын ұйымдастыру жолдары:
-Жазылым жұмыстары шығармамен танысып болғаннан кейін ұйымдастырылады және оқушының білік дағдысын жаңа кезеңге көтеруі тиіс.
-Сабақ үстінде бірнеше рет естілген тақырыптарды қайталамай жаңашылдығымен, тың идеясымен ерекшеленуі тиіс.
-Тақырыптары ой туғызатындай проблемалық сарында, оқушылардың көзқарасын, пікірін, сезімін білдіруге бағыттайтын сұрақ түрінде берілген жөн.
|