10-сынып І тоқсан


ІІ тоқсан 6-бөлім: Ұлттық таным және мерекелер



бет72/169
Дата06.01.2022
өлшемі2,75 Mb.
#11377
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   169
Байланысты:
3 Оқу жоспары Қазақ тілі мен әдебиеті Т2 10 cынып

ІІ тоқсан

6-бөлім: Ұлттық таным және мерекелер

Жүсіпбек Аймауытов «Әнші» әңгімесі

Меңгерілген білімді дамыту:

Оқушылар 9-сыныпта алған білім, білік, дағдыларына сүйенеді. 9-сыныпта қалыптасқан дағдыларымен сабақтастықты сақтай отырып, коммуникативтік дағдыларын, білімдік және ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу, өз бетімен білім алу, сыни ойлау және шығармашылық, креативті ойлау қабілеттерін дамытатын болады.


Бөлімге шолу.

Бұл бөлімнің тақырыбы: ұлттық таным және мерекелер

Бөлімнің мақсаты : оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыра отыра , сөйлесу дағдыларын жетілдіру, әртүрлі мәтіндер, ақпарат көздерімен мұғалім басшылығымен және өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру, туындаған өмірлік жағдаяттар бойынша дұрыс және айқын, орынды өзіндік көзқарасын білдіру, шешім қабылдай білу мен қорытынды шығару дағдыларын қалыптастыру. Осы тақырып аясында Ж. Аймауытовтың «Әнші» әңгімесі ұсынылады. Көркем шығарманы оқу арқылы оқушылар ұлттық таным мен ұлттық мерекелер туралы білімін кеңейтеді, танымдық ақпарат алады, шығарманың мазмұнын өмірмен байланыстырады. Коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру арнайы жүйеленіп көрсетілген оқу мақсаттары арқылы жүзеге асады.

Бұл бөлім оқушыларға жеке, жұпта және топта жұмыс жасау барысында белсенді оқыту әрекеттері арқылы қазақ тілі дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылардан білімдерін көрсету және шығармашылық жобаны жасау үшін жеке және топта жұмыс жасау күтіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет