«Гаухар тас» фильмінен
Салтанат:
– Тастан, ән айтайықшы...
Тастан:
– Қой әрі, қойды үркітесің...
«Қыз Жібек» фильмінен
Қатынжанды екеніңді көрдік, кел енді білек күшін сынап көрейік!
.......
– Жарайсың, Төлеш!
– Ә, солай ма?!
– Жігіт екенсің....
– Сіз мана маған қыз алдында қыр көрсете сөйледіңіз ау дейм?
– Иә, арқаңа батқаны енді білініп келе ме?
– Жоға да, еркек пен еркек еркекше сөйлесетін шығар деп ойлаушы ем...
– Мен немене, қатындарша сөйлестім бе?
– Бет тырнай сөйлеуіңізге қарағанда қатындардан алыс дей алмас ем.
Тапсырма
Іріктелген күрделі сөздерді пайдаланып, «Қазақ киносының беретін әсері мен эмоциясы» тақырыбында ой бөліседі.
|