IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР «Іс-жүргізу құқығының негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Орындау уақыты
Қылмыстық процестің міндеттері мен принциптері
Азаматтық процестің субъектілері
Әкімшілік процесс түсінігі, міндеттері мен принциптері
10.4.1.1 Қылмыстық процестің негізгі міндеттері мен
қағидаттарын түсіндіру
10.4.2.2 Азаматтық процестің негізгі міндеттері мен
принцптерін талдау
10.4.3.2 Әкімшілік процесті жүзеге асырудың құқықтық
негіздерін анықтау
Білім алушы
Қылмыстық процестің негізгі міндеттері мен
қағидаттарын анықтайды
Азаматтық процеске қатысатын субъектілерді
ажыратады
Әкімшілік процесті жүзеге асыру үшін қажетті
нормативтік-құқықтық актілерге сілтеме жасайды
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
20 минут
Тапсырма
1. Төмендегі кестеде берілген түсініктерді қылмыстық процестің міндеттерімен қағидаттарына сәйкестендіріп жазыңыз. Әр бағанға кем дегенде екі жауап жазыңыз.
Қылмыстық процесс міндеттері
|
Қылмыстық процесс қағидаттары
|
|
|
Судьялардың тәуелсіздігі. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жолын кесу. Зандылық. Бейтараптықпен, тез және толық ашу. Адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау. Тергеп-тексеру, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту. Әдiл сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану. Қылмыстық іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Адамдарды, қоғамды және мемлекетті қылмыстық құқық бұзушылықтардан қорғау. Меншікке қол сұқпаушылық. Кінәсіздік презумпциясы. Жариялылық
Берілген ақпаратпен/мәтінмен танысып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Қазақстан Республикасының Азаматтық-процестік кодексі (үзінді)
5-тарау. ІСКЕ ҚАТЫСАТЫН АДАМДАР
43-бап. Іске қатысатын адамдардың құрамы
Тараптар; үшінші тұлғалар; прокурор; мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заңды тұлғалар немесе осы Кодекстің 55 және 56-баптарында көзделген негіздер бойынша процеске кіретін азаматтар; осы Кодекстің 302-бабында санамаланған сот ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істер бойынша мәлімдеушілер мен өзге де мүдделі адамдар іске қатысатын адамдар деп танылады.
45-бап. Азаматтық процестік әрекетке қабілеттілігі
16
Сотта өздерінің әрекеттерімен өз бетінше өз құқықтарын жүзеге асыру және міндеттерін орындау қабілеттілігі (азаматтық процестік әрекет қабілеттілігі) он сегіз жасқа толған азаматтарға, заңды тұлғаларға толық көлемде тиесілі болады.
Он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері қорғайды. Сот осындай істерге қатысуға кәмелетке толмағандардың өздерін немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтарды тартуға міндетті. Кәмелетке толмағандардың немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың заңды өкілдерінің өтінішхаты бойынша сот іске қатысуға прокурорды тарта алады.
Он төрт жасқа толмаған кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта олардың заңды өкілдері, прокурор қорғайды.
Заңда көзделген жағдайларда, он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың азаматтық, отбасылық, еңбек, кооперативтік және өзге де құқықтық қатынастардан және алған жалақысына немесе кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстарына иелік етуге байланысты мәмілелерден туындайтын істер бойынша өз құқықтары мен заңды мүдделерін сотта жеке өзі қорғауға құқығы бар.
А. Азаматтық-процестік кодекске сәйкес іске қатысуға құқығы бар тұлғаларды атап себебін көрсетіңіз.
1.
2.
3.
Себебі:
В. Кәмелет жасқа толмағандар мен әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтардың азаматтық процеске қатысу ерекшеліктері қандай?
1.
2.
3.
Әкімшілік процесті жүзеге асыру барысында негіз ретінде қарастырылатын нормативтік-құқықтық актілерді жазыңыз.
А._________________________________________________________________________
В._________________________________________________________________________
17
Достарыңызбен бөлісу: |