Жазылым алды тапсырма. Оқушыларға баспасөз ақпарат құралдарында « Неліктен білім беру қоғамдық құндылық болып саналады?» тақырыбында жариялаған материалдар мен суреттер беріледі. Жұпта негізгі мәселе туралы әңгімелеседі
Жазылым тапсырмасы. Оқушылар төмендегі тапсырмаларды орындайды:
Жазылымнан кейінгі тапсырма. «Қоғам мүшелерінің рухани құндылық мәселесін шешуге қаншалықты көмегі бар?» тақырыбына аргумент келтіре отырып, өз ойын дәлелдеп эссе жазады.
Эссе жазу барысында төмендегі клишелерді қолдану керек:
Автор өз көзқарасын былай… .
Мен мынаған көңіл бөлуге тырысамын …
Автор обращает наше внимание на …………….
Айтылған мәселе ....жағдайда өзекті, дегенмен әлі де шешімін тапқан жоқ.
Эссе құрылымы Кіріспе бөлімі 2 ойдан тұрады: Жалпы пікір – оқырман көңілін аудару мақсатында жазылады және бірнеше сөйлемнен тұруы мүмкін; тезистік пікір – эсседегі талқыланатын негізгі ойлардан тұрады және ол тақырыптық сөйлемге ұқсайды. Яғни оқырманға эссе мазмұны туралы жалпы идеяны береді.
Негізгі бөлім – бір немесе бірнеше \
абзацтан тұрады. Әр абзацта бөлімдерге бөлінген тақырыпшалар дамытылады, ойларды талқыланып ашылады. Олардың саны бөлінген тақырыпшаларға байланысты.
Қорытынды бөлім- негізгі бөлімде талқыланған мәселелерді қорытып, бір тұжырымға келген сөйлемдерден тұрады.