Ежелгі əлемнің архаикалық білімі немесе ғылымның қалыптасу қарсаңы - бұл Ежелгі Шығыста практикалық тəжірибені индуктивтік жалпылау арқылы жəне қоғамда ұрпақтан–ұрпаққа жалғаса берген білім. Астрологияның, Евклидке дейінгі геометрияның, жазудың, нумерологияның қалыптасуы.
Антика ғылымы - алғашқы ғылыми теорияларыныӊ қалыптасу кезеӊі атомизм және алғашқы ғылыми трактаттардың жазылуы, мысалы Птолемей астрономиясы, Теофраст ботаникасы, Евклид геометриясы, Аристотель физикасы.
Орта ғасыр ғылымы - орта ғасырдағы ғылымның қалыптасуыныӊ мысалы болып Жабир ибн Хаиянның алхимиясы болып табылады.
Ғылыми төңкеріс және классикалық ғылым - Галилео Галилейдің, Исаак Ньютонның, Карл Линнейдің еңбектерінде ғылымның қазіргі мағынасында қалыптасу кезеӊі.
Постклассикалық /классикалық емес/ ғылым - классикалық рационалдықтың дағдарыс кезеңінің ғылымы: Дарвинның Эволюциялық ілімі, Эйнштейннің Салыстырмалылық теориясы, Гейзенбергтің Анықталмағандық принципі, Үлкен жарылыс гипотезасы, Рене Томның қирау теориясы, Мандельброттың фракталды геометриясы.
Ғылым тарихы - ғылыми білімнің тарихи дамуын зерттеу болып табылады.
Ғылымның дамуы адамзат ақыл–өрісініӊ, жалпы интеллектуалды дамуының қалыптасуыныӊ бір ажырамас бөлігі болды. Сол себепті ғылымның дамуы келесі процесстермен тікелей байланысты:
есептеудіӊ дамуы;
сөйлеу қабылетінің қалыптасуы;
философияның пайда болуы.
өнердің пайда болуы;
жазудың қалыптастыру;
Әлемнің құрылысы туралы дүниетанымдықтыӊ қалыптасуы миф;