10-тақырып. Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің азамат соғысы жылдарындағы қызметі



Дата16.10.2023
өлшемі15,09 Kb.
#116133
Байланысты:
Лекция-1600168593451


10-тақырып. Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің азамат соғысы жылдарындағы қызметі.
Қазақстанда азамат соғысының басталуы. «Қазақ» газетінің жабылуы. Кеңестерге қарсы қарулы күрес жүргізу мақсатында орталықтардың құрылуы. Комучтың (Комитет учредительного собрания), «Уфа директориясының» құрылуы. Комуч - Уфа директориясы - Алаш Орда одағы және Кеңестерге қарсы қарулы күрес. Колчактың Сібір үкіметі. Ә.Бөкейхановтың 1919 жылдың 11 ақпанында Колчак үкіметімен жүргізген келіссөзі. Большевиктердің жеңіске жетуі. Кеңестермен ымыраға келу жолдарын іздестіру.
1918 жылы мамыр айында Антанта империалистері чехословак корпусын бүлік шығаруға айдап салды. Бүлікшілер Сібірдің, Оралдың, Орта Еділ бойының және солтүстік-шығыс Қазақстанның бірқатар қалаларын басып алды. Ақ легионерлер жергілікті контрреволюцияның қолдауымен мамырдың 27-де Челябіні, мамырдың 31-де Петропавлды, маусымда Көкшетауды, Ақмоланы, Омбыны, Павлодарды, Семейді, Қостанайды басып алды. Орта Азия ме Қазақстандағы қарама-қарсылық, яғни азамат соғысы басталып, Ресейдегі қарама-қарсылықтың құрамдас және ажырағысыз бөлігіне айналды. Бірақ, іс жүзінде азамат соғысы дәл сол кезде басталған өкімет, билік үшін күрестің жалғасы болып табылады. Сондықтан да революция мен азамат соғысының арасына уақыт тұрғысынан айқын меже қою қиын.
Азамат соғысының басталуына байланысты ұланғайыр өлкені Алашорданың бір орталықтан (атап айтқанда Алаш автономиясының кіндік қаласы деп Бүкілқазақтық екінші съезде анықтаған Семейден) тиімді басқару қиын соқты. Алашорданың батыс және оңтүстік (Түркістан, Жетісу) бөлімдерімен оның Семейге орналасқан шығыс (әрі орталық) бөлімі арасында біртұтас үкіметтік жүйеге тән тұрақты байланыс болмады. Ал Алашорданың батыс бөлімінің жетекшілері Жаһанша мен Халел Досмұхамедовтардың Әлихан Бөкейханов басқарған Орталық Алашорданың бұйрық-жарлықтарын жүре тыңдауға, басқа сөзбен айтқанда белгілі бір дәрежедегі сепаратистік пиғылда болуы Алаш автономиясын бір орталықтан басқару ісін қиындата, шиеленістіре түсті.
Түптеп келгенде Қазақстандағы азамат соғысының аяқталуы және Алашордаға кешірім жасау Қазревкомнің 1919 жылғы қазанның 27-де өткен кеңейтілген мәжілісі қабылдаған шешімдерге тікелей байланысты болды. Онда Қазревком төрағасының орынбасары А. Байтұрсыновтың Алашорданың Торғайлық және Ордалық топтары (Алашорданың батыс бөлімшесі) жетекшілеріне кешірім жасау қажеттігі жөнінде мәселе көтерген болатын.
Кеңес өкіметі қанша жерден кешірім жасағанымен, қаулылар шығарғанымен Алаш пен Алашорданың белсенді жетекшілері мен мүшелерінің іс жүзінде Кеңес өкіметі жағына шығуы оңайлықпен жүзеге асқан жоқ. 1919 жылғы келіссөздер нәтижесінде Алашорда мен Кеңес өкіметі Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінің кейбір өзекті мәселелері бойынша белгілі дәрежеде ымыраға (компромиске) келген болса, 1919 жылдың соңы мен 1920 жылдың басында Алашорда мен Кеңес өкіметі арасында жүргізілген келіссөздер нәтижесінде дүниеге келген Қазревкомның 1920 жылғы наурыздың 5-дегі қаулысына сәйкес Алашорда таратылды. Ол түсінікті де еді, өйткені Азамат соғысы аяқталып, кеңестер түпкілікті жеңіске жетті. Сондықтан Алашорда үкіметінің көмегі керек болмай қалған еді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет