Сыбайлac жемқорлық әрекетінің диагностикасы мен профилактикасы әдісіне:
– әлеуметтік – коммуникативтік процестер мен нормсативтік құжаттардың психологиялық мониторингі;
– әртүрлі жүріс-тұрыс моделдерінде субъект-субъекті қатынастары (пара беруші – делдал – пара алушы) профилизациялау;
– алдын алу шараларының мазмұнын түзету және сараптау;
– әлеуметтік нормалар мен таптаурын мәселелерді өзгерту;
– психологиялық-диагностикалық әдістерді (полиграф, тестілеу, вербальды және вербальды емес бақылау және т.б.) қолдану жатады.
Сыбайлac жемқорлыққа қарсы іс-қимылды осы құбылысқа (сыбайлас жемқорлық әрекетінің сыртқы факторлары) әлеуметтің қатынасын өзгертуге, сонымен қатар қалыпты мінез-құлықтық бейінге және олардың әлеуметтік стереотиптерін қалыптастырушыларға түрлендіруге де бағдарлау қажет (сыбайлас жемқорлықтың ішкі факторлары).
Бақылау сұрақтары:
1) Психологиялық фактордың сыбайлас жемқорлыққа әсер ету шарасы қандай?
2) Сыбайлас жемқорлықтың негізгі психологиялық құрамдастарын сипаттаңыз.
3) Қазіргі заманғы сыбайлас жемқор адамның психологиялық портретін жасаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |