100.Ботаниканың басқа ғылым салаларымен байланысын тұжырымдаңыз
Ботаника (гр. botn — шөп, өсімдік) — өсімдіктер туралы ғылымдар жиынтығы, биологияның бір саласы; өсімдіктер туралы ғылым. Ботаника жеке өсімдіктер мен олардың бірлестігінің өзара және қоршаған ортамен байланысын, жер бетіне таралуын, шығу тегі мен эволюциясын, салалану заңдылығын (жіктелімін) зерттейді. макроқұрылысын және сыртқы пішінін зерттейді);өсімдіктер физиологиясы (өсімдіктің өмір сүру процесін зерттейді);палеоботаника (қазбадағы өсімдіктерді зерттейді); өсімдіктер селекциясы;өсімдіктер генетикасы;өсімдіктер биохимиясы;окевия
Зерттеу мақсатына байланысты, ботаника әртүрлі салаларға бөлінеді. Әр саланың бағыты мен зерттеу методикасы болады. Қазіргі таңдағы ботаника көп салалы ғылым. Ботаниканың басты салалары мыналар:Морфология (грек. морфе - пішін, бейне; логос - оқу, ілім) - өсімдіктердің сыртқы пішіні мен ішкі құрылысын жай көзбен, арнаулы оптикалық қүралдармен (лупа және микроскоппен) зерттейтін сала. Бұл саланы структуралық ботаника деп те атайды. Өз кезегінде өсімдіктер морфологиясы негізі морфологиялық, бірқатар бөлімдерді қамтиды.Цитология (грек. цитос - клетка, түтік; логос - ілім) - клетка құрылысы мен тіршілігін зерттейді.Гистология (грек. гистос - ұлпа) - өсімдіктер ұлпасының құрылысы мен олардың өсімдік мүшелеріндегі орналасуын зерттейді.Анатомия (грек. анатомео - кесемін, тілгілеймін) - микроскоп көмегімен өсімдік құрылысын зертгейді.Эмбриология (грек. эмбрион - ұрық) -ұрықтың пайда болуын және оның бастапқы даму кезендерін зерттейді.Өсімдіктер физиологиясы (грек. физис - табиғат) - олардың өздеріне төн тіршілік құбылыстарын (зат алмасу, өсу, даму жөне басқа да заңдылықтарын) зерттейді.Өсімдіктер систематикасы (грек. система - қосу) - бір-біріне өзара тығыз байланысты екі мақсатты қамтиды: 1. өсімдіктерді туыстық топтарға жіктеу (классификациялау); 2. өсімдіктердің эволюциялық дамуының тарихи тізбегін анықтау. IV. Палеоботаника (грек. палайос - ертедегі) - өсімдіктердің геологиялық кезеңдердегі өзгеруінің жалпы заңдылықтарын зерттейді. V.Фитоценология (грек. фитон - өсімдік, койнос - жалпы) - өсімдіктер қауымының қалыптасуын жэне даму заңдылықтарын зерттейді. Фитоценоз табиғатта белгілі құрылымы бар, біршама тұрақты және заңды түрде қайталанатын, орман, дала, шөл, батпақ, тундра, тау өсімдіктерін құрайды. VI.Өсімдіктер географиясы (грек. ге - жер, графо жазу) - өсімдік түрлері мен фитоценоздардың, жер шарыңдағы таралуының ауа райына, топыраққа және геологиялық тарихына байланысын зерттейді. VII. Өсімдіктер экологиясы (грек. ойкос - үй) - өсімдіктердің және олардың популяцияларының бір-бірімен және олардың сыртқы ортамен қарым-қатынасын зерттейді. Зерттеу объектісіне байланысты ботаника мына салаларға бөлінеді:
Альгология - балдырларды зерттейтін ғылым; Лихенология - қыналарды зерттейтін ғылым; Микология - саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым; Бриология - мүктәрізділерді зерттейтін ғылым;
101.Қылқан жапырақты өсімдіктерге мысал келтіріңіз
Қылқан жапырақтылар — сүректі ағаш және бұта түрінде өсетін ашық тұқымды өсімдіктер класы. Қазақстанда 2 тұқымдасы бар: қарағай тұқымдасы — қарағай, балқарағай, шырша, майқарағай және кипарис тұқымдасы — арша, кипарис; мәңгі жасыл (қыста қылқаны түсіп қалатын балқарағайдан басқасы) өсімдіктер. Тұқымы арқылы, кейде вегетативтік жолмен өніп-өседі. Жапырағы қылқанды, жіңішке, түкті не қабыршақты болып біткен, сағақсыз, өркендері қысқа, шоқтанып орналасқан. Мамыр—шілдеде гүлдеп, шілде—тамызда жеміс береді. Қылқан жапырақтардың сүрегінен құрылыс материалдары жасалады, қағаз жасайтын үгінді, канифоль, скипидар
Қарағай (лат. Pínus)– қарағай тұқымдасына жататын, мәңгі жасыл, қылқан жапырақты ағаш кейде бұта. Еліміздің таулы аймақтарында бірнеше түрі кездесетін қылқанжапырақтыты мәңгіжасыл өсімдік. 500-600 жылға дейін өмір сүреді. Ең биік түрлері 50-60 метрге жетеді. Шыршаныкіндей емес қарағайдың қылқаны ұзын, жуандау. Қылқанының түсі түріне қарай сары, көкшілдеу, жасыл және қою жасыл болады. Қарағай сондай-ақ тез өсетін қылқанжапырақтылардың бірі. Жер шарында жүзден аса түрі болса, оның жиырма шақты түрі көгалдандыруда қолданылады. Олардың ішінде бұтағы тік өсетін және жайыла өсетін түрлері де бар. Өсе келе жан-жағына 6-7 метрге дейін жайылатындықтан, бір-бірінен немесе өзге ағаштардан арақашықтығы кем дегенде 5-6 м болуы керек. Оның барлық түрі бой жасап өсіргенге ыңғайлы. Жай және тез өсетін түрлері бар. Биіктігі екі метрден аспайтын “тау қарағайы” деген түрі бар. Көгалдандыруда оларды түрлі композицияларға қолдануға болады. Қарағайдың қылқанымен қоса, өте жиі орналасатын бүршіктері де өте әдемі. Осы бүршіктерін сәндік үшін теріп алып, қолөнер бұйымдарына қолданып жатады.
Кипарис тұқымдасы(Cupressaceae) – қылқан жапырақтылар класының бір тобы. Кипарис тұқымдасы мәңгі жасыл, бір үйлі ағаш не бұта. Жапырақтары қабыршақ тәрізді, ал жас кезінде қылқан тәрізді, қысқарған сабақ ұшына шоқтанып не сабақ қолтығынан қарама-қарсы өседі. Кипарис тұқымдасының көптеген түрінің піскен бүрлері қатты, кейбіреуінікі жидек тәрізді етті, жұмсақ болады. 4 – 6 жылда жеміс бере бастайды. Кипарис тұқымдасының Еуропа, Азия және Солтүстік Америкада қоңыржай жылы аймақта 19 туысқа жататын 130 түрі бар. Қазақстанда арша туысына жататын 10 түрі өседі. Кипарис тұқымдасының ең көп тараған туысы – кипарис (Cupressus) туысы. Бұлар көбінесе ағаш (биіктігі 30 м-дей), сирек те болса бұта түрінде кездеседі. Кипаристің 15 – 20-дай түрі Еуропа, Азия және Солтүстік Америка құрлықтарының қоңыржай аймақтарында өседі. Діңінің жуандығы 50 – 60 см, 4 – 6 жылда жеміс бере бастайды. Қуаңшылыққа төзімді өсімтал өсімдіктер, 2 мың жылдай өсіп тұрады. Сүрегі хош иісті, зиянды жәндіктер онша зақымдай алмайды. Жеңіл, жұмсақ сүрегінен ағаш бұйымдарын, жиһаз жасайды. Кипарис тұқымынан, қалемшесінен және телу әдісімен көбейтіледі. Кейбір түрі әсемдік үшін де өсіріледі.
Балқарағай (лат. Lárix) — қарағай тұқымдасына жататын қылқан жапырақты биік ағаш. Қазақстанда Алтайда, Тарбағатай және Сауыр тауларында өсетін бір ғана түрі — Сібір Балқарағайы (Lárix sіbіrіca) бар. Оның биіктігі 30 м-дей, діңінің диаметрі 175 см-ге жетеді. Ине тәрізді жіңішке, жұмсақ қылқан жапырақтарының ұзындығы 3–4 см, ені 1–1,5 мм, қыста түсіп қалады. Сібір Балқарағайы — қос жынысты, бір үйлі өсімдік. Аталық бүрі сопақша шар тәрізді, ақшыл, сары түсті. Ол жапырақсыз қысқа өркенде өніп, жетіледі. Аналық бүрі ұзынша қызыл, қызғылт, жасыл түсті, негізгі діңінде пайда болады. Жел арқылы тозаңданады. Мамыр-маусым айларында гүлдейді. Тамыз-қыркүйекте жемісі бүрімен қатар піседі. Дәні сарғыштау, күңгірт жолақты болады. 15–20 жылдан кейін жеміс бере бастайды, 300–500 жыл жасайды. Сібір Балқарағайы тез өсетін, жарық сүйгіш, суыққа, ыстыққа, күшті желге төзімді болғандықтан Солтүстік және Шығыс Қазақстан өңірлерінде екпе орман ағашы ретінде өсіріледі. Оның сүрегінен қағаз және спирт, қабығынан илік зат, бояу, ал қылқанынан бағалы эфир майы алынады.
102. Өсімдіктерді морфологиялық сипаттауын іске қосыңыз
Морфология (грек, морфе - пішін, бейне; логос - оқу, ілім)өсімдіктердің сыртқы пішіні мен ішкі қүрылысын жай көзбен,арнаулы оптикалық қүралдармен (лупа және микроскоппен) зерттейтін сала. Бұл саланы структуралық ботаника деп те атайды.Өз кезегінде өсімдікгер морфологиясы негізі морфологиялық,бірқатар бөлімдерді қамтиды.
1) цитология (грек, цитос - клетка, түтік; логос - ілім) жасуша туралы ғылым клетка қүрылысы мен тіршілігін зерттейді.Цитология ғылымы біржасушалы, көпжасушалы ағзалар жасушасының құрылысын,құрамын және қызметін зерттейді.
2) гистология (грек, гистос - ұлпа) өсімдіктер ұлпасының қүрылысы мен олардың өсімдік мүшелеріндегі орналасуын зерттейді.
3) анатомия (грек, анатомео - кесемін, тілгілеймін) микроскоп көмегімен өсімдік қүрылысын зертгейді.
4) эмбриология (грек, эмбрион - үрық) үрықтың пайда болуын және оның бастапқы даму кезендерін зерттейді.
Морфологияның негізгі зерттеу тәсілі, ол бақылау мен бейнелеу (суреттеу). Бірақ морфологияны тек бақылау немесе бейнелеу ғылымы деп санау жеткіліксіз, өйткені ол кең түрде сыртқы ортаның өсімдік қүрылысына тигізер әсерін тәжірибе арқылы зерттейді.
Морфологияда маңызды орын алатын бағыт, ол салыстырмалы төсіл, яғни қазіргі тандағы өсімдіктер мен оның байырғы тектестерінің қүрылысын салыстыру. Бұл тәсіл өсімдіктердің әртүрлі түрлерінің құрлыстық ерекшелігін анықтауға көмектеседі.
103.Өсімдіктерді кептіруге арналған Мадальский әдісін іске қосыңыз.
104.Өсімдіктерді кептіруге арналған Швайнфорс әдісін іске қосыңыз.
105.Үлгілерді нөмірлеу және жапсырмақағаз дайындау тәртібін көрсетіңіз.